Солтүстік Қазақстан облысының Шал ақын ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Тұрғындарды әлеуметтік қолдау

«Еңбек жолы» конкурсын өткізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар

1. Жалпы ережелер

1. Осы Әдiстемелiк ұсынымдар жастарды еңбектi құрметтеу рухында тәрбиелеу, еңбек дәстүрлерiн сақтау және көбейту мақсатында «Еңбек жолы» республикалық конкурсын ұйымдастыру және өткiзу тәртiбiн регламенттейдi және үздiк еңбек әулеттерi мен өндiрiс жұмыскерлерiн айқындауға мүмкiндiк бередi. Конкурс «Жалпыға ортақ Еңбек қоғамы» ұранымен Еңбек адамының қоғамдағы беделiн арттыруға және өнiмдi еңбектi ынталандыруға ықпал етедi.

2. «Еңбек жолы» конкурсын (бұдан әрi — Конкурс) өткiзудiң мақсаты:

1) Мемлекет басшысының «Қазақстанды әлеуметтiк жаңғырту: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай жиырма қадам» бағдарламалық мақаласының тиiмдi iске асырылуын қамтамасыз ету, ұрпақтар сабақтастығын сақтау;

2) еңбек адамдары туралы оң қоғамдық пiкiр қалыптастыру және жаңа еңбек әулеттерiн құру үшiн кәсiпорындар мен ұйымдарда жағдайлар жасау;

3) қазақстандықтарда Қазақстан Республикасы экономикасының дамуына елеулi үлес қосқан отандастарының жетiстiктерi үшiн мақтаныш сезiмiн тәрбиелеу.

3. Кәсiпорынның (саласына қарамастан) барлық жұмыскерлерi Конкурсқа қатыса алады. Конкурстың өткiзiлуi туралы ақпарат барлық бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылуға тиiс.

4. Конкурс 3 номинациядан тұрады:

1) «Үздiк еңбек әулетi» — еңбек өтiлi ең ұзақ, марапаттары ең көп ең көп санды әулет таңдалады.

Ескертпе

Конкурсқа меншiктiң барлық нысанындағы ұйымдардағы еңбек әулеттерiнiң өкiлдерi қатыса алады.

Еңбек әулетi — бiр ұймның бiр отбасының екi және одан да көп ұрпағы болып табылатын (ерлi-зайыптылардың бiрi немесе екеуi балаларымен немесе немерелерiмен), қазiргi уақытта еңбек қызметiн жүзеге асыратын және аталған ұйымдағы жиынтық жұмыс өтiлi кемiнде 20 жыл жұмыскерлер тобы. Еңбек қызметiн бәрiнен бұрын бастаған әулет өкiлi әулеттiң басшысы болып танылады.

Еңбек әулетi ауылдың, ауданның (қаланың, облыстың) қоғамдық өмiрiне белсендi қатысуға, жастарды кәсiптiк бағдарлауға жәрдемдесуге, өз кәсiбiн насихаттауға тиiс.

2) «Өндiрiстiң үздiк жас маманы» — жұмыс өтiлi 5 жылдан аспайтын, ең белсендi және еңбекқор өндiрiс жұмыскерi таңдалады;

3) «Жұмыс iстейтiн жастардың үздiк тәлiмгерi» — жұмыс өтiлi кемiнде 20 жыл, жоғары тиiмдi жұмыс iстейтiн тәлiмгер таңдалады.

Әр номинация бойынша жеңiмпаздарды марапаттау үшiн келесi сомалар ақшалай сертификаттар берiледi:

- 1 орын — 1 000 000 (бiр миллион) теңге;

- 2 орын — 500 000 (бесжүз мың) теңге;

- 3 орын — 200 000 (екiжүз мың) теңге.

5. Конкурс 2 кезеңде өтедi:

I. Облыстық деңгейде «Еңбек жолы» конкурсы жеңiмпаздарын iрiктеу:

ОБЛЫСТЫҚ КОМИССИЯ конкурсқа қатысушылардың арасынан «Еңбек жолы» Конкурсының ЖЕҢIМПАЗДАРЫН АНЫҚТАЙДЫ;

II. Республикалық деңгейде «Еңбек жолы» конкурсы жеңiмпаздарын iрiктеу:

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОМИССИЯ конкурстың өңiрлiк деңгейiнiң жеңiмпаздарының арасынан «Еңбек жолы» Конкурсының ЖЕҢIМПАЗДАРЫН АНЫҚТАЙДЫ;

Республикалық комиссия «Еңбек жолы» конкурсының республикалық кезеңiнiң әр номинациясы бойынша (бiрiншi, екiншi, үшiншi орындар) жеңiмпаздарды анықтайды.

6. Салтанатты марапаттау рәсiмi ағымдағы жылғы «Жалпыға ортақ Еңбек қоғамына» республикалық форумы өтетiн күнi Астана қаласында өтедi.

2. Конкурстық комиссия

7. Конкурс жеңiмпаздарын iрiктеу үшiн жергiлiктi атқарушы органдардың жанындағы конкурстық комиссия (бұдан әрi — Өңiрлiк комиссия) және Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтiк қорғау министрлгiнiң жанындағы комиссия (бұдан әрi — Республикалық комиссия) құрылады. Республикалық комиссияның құжаттарды қарау және Республикалық конкурстың кезеңдерiн өткiзу үшiн сырттан сарапшыларды тартуға құқығы бар.

8. Конкурс жеңiмпаздарын таңдау критерийлерi осы әдiстемелiк ұсынымдарға қосымшада көрсетiлген.

9. Республикалық комиссия Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң кызметкерлерiнен, сондай-ақ қоғамдық бiрлестiктердiң (келiсiм бойынша), республикалық мемлекеттiк мекемелердiң, республикалық кәсiподақтар бiрлестiктерiнiң (келiсiм бойынша), республикалық жұмыс берушiлер бiрлестiктерiнiң (келiсiм бойынша) өкiлдерiнен тұруға тиiс.

Өңiрлiк комиссия облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармаларының, мемлекеттiк еңбек инспекциясының қызметкерлерiнен, сондай-ақ аумақтық кәсiподақтар бiрлестiктерiнiң (келiсiм бойынша) және өңiрлiк кәсiпкерлер палатасының (келiсiм бойынша) өкiлдерiнен тұруға тиiс. Республикалық және Өңiрлiк комиссияның құрамынан Төраға және хатшы сайланады.

10. Комиссия төрағасы оның қызметiне басшылық жасайды және жалпы бақылауды жүзеге асырады. Комиссия шешiм қабылдаған кезде даулы мәселелер туындаған жағдайда Комиссия төрағасының даусы шешушi болып табылады.

11. Хатшы Комиссияның шешiмдер қабылдауына қатысады және комиссия қызметiне техникалық қызмет көрсетедi:

1) конкурсанттардың құжаттарын қабылдайды;

2) комиссия отырыстарын ұйымдастырады;

3) комиссия отырысының хаттамасын ресiмдейдi және конкурс қорытындысы бойынша жеңiмпаздарға материалдар қалыптастырады;

4) жеңiмпаздарға материалдарды Республикалық комиссияға жiбередi.

12. Комиссияның шешiмi ашық дауыс беру арқылы қабылданады және хаттамамен ресiмделедi.

13. Конкурсқа қатысу өтiнiмiн бұқаралық ақпарат құралдарында хабарландыру жариаланған сәттен бастап ұсынуға болады.

14. Конкурс қатысушыларына осы әдiстемелiк ұсынымдардың 15-тармағында көрсетiлген құжаттардың қабылданғаны туралы хабарлама берiлуi мүмкiн.

3. Өңiрлiк және республикалық конкурсқа ұсынылатын құжаттар

15. Конкурсқа қатысу үшiн мынадай құжаттар ұсынылады:

1) номинация көрсетiлген, еркiн нысандағы конкурсқа қатысу туралы өтiнiм;

2) жеке куәлiктiң көшiрмесi;

3) номинация тақырыбы бойынша 1-3 минуттан аспайтын бейнеролик (қалауы бойынша жұмыс орны және дағдылары көрсетiлген);

4) конкурсант туралы (жұмысы, отбасы, қызығатын iсi, хоббиi және т.б.) 1-3 минут компьтерлiк презентация (Microsoft Power Point форматында);

5) еңбек әулетiнiң әр өкiлiнiң немесе жұмыскердiң жұмыс өтiлiн растайтын, жұмыс берушi куәландырған еңбек кiтапшасының және өзге де құжаттардың көшiрмелерi/жұмыс орнынан анықтама;

6) жұмыс берушi немесе кәсiподақ берген ұсынымдық хат.

Бар болса (мынадай құжаттардың көшiрмелерi):

мемлекеттiк немесе ведомстволық наградалардың, мадақтау қағаздарының, алғыс хаттардың көшiрмелерi;

бiлiктiлiктi арттыру туралы куәлiктер (бар болса).

Конкурсқа құжаттар мемлекеттiк немесе орыс тiлiнде ұсынылады.

_________________________

«Еңбек жолы»

конкурсын өткiзу жөнiндегi әдестемелiк ұсынымдарға қосымша

«Еңбек жолы» конкурсы бойынша жеңiмпаздарды iрiктеу критерийлерi

«Үздiк еңбек әулетi» номинациясы бойынша:

1. әулеттiң барлық өкiлдерi алған мемлекеттiк немесе ведомстволық наградалардың, сондай-ақ мадақтау қағаздарының, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының, кәсiподақтардың, жұмыс берушiлердiң алғыс хаттарының саны;

2. әулет өкiлдерi болып табылатын отбасы мүшелерiнiң және туған-туысқандарының жалпы саны;

3. еңбек әулетiнiң әулет басшысының еңбек қызметi басталған күннен бастап Конкурстың екiншi кезеңiне қатысу үшiн құжаттар пакетiн ұсынған күнге дейiнгi кәсiптегi жалпы еңбек өтiлi.

«Өндiрiстiң үздiк жас маманы», «Жұмыс iстейтiн жастардың үздiк тәлiмгерi» номинациялары бойынша:

1. Өз кәсiби дағдыларының дамуына қосқан үлесi;

2. Өз жұмысына деген адалдығы;

3. Ұйымдастырушылық және комуникациялық дағдыларының болуы;

4. Еңбегi үшiн бiрнеше реттiк көтермелеулерiнiң болуы (дипломдар, мадақтау қағаздары, алғыстар);

5. Бастамашыл ұсыныстарының болуы;

6. Кәсiби қызметтен тыс шығармашылық қызығушылығының болуы;

7. Бiлiм деңгейi, оны көтеруге талпынысы;

8. Жұмыс орнындағы жеке жетiстiктерi;

9. Өз жұмысын атқару сапасы.

Комиссия жоғарыда көрсетiлген критерийлер талаптары сақталмаған жағдайда ұсынылған материалдарды қайтара алады.

2019 жылдың 01 қыркүйегiне Шал ақын ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiнiң қызметы туралы ақпарат

Бағдарламалық тапсырма бойынша 2019 жылдың 1 қыркүйегiне жоспар бойынша 1388 жұмыс орны құрылған 1098 жұмыс орны немесе 79,1 пайыз, сосын iшiнде тұрақты — 700 жұмыс орын немесе 87,5 пайыз (800), уақытша 208 жұмыс орын немесе 75,6 пайыз (275), бұрын құрылған жұмыс орындарға — 190 немесе 60,7 пайыз (313).

Салалар бойынша орындалуы:

  • өнеркәсiпте — жоспар — 25 жұмыс орны, дерек — 8 жұмыс орны, немесе 32,0 пайыз;
  • құрылыс және ТҮҚШ — жоспар — 12 жұмыс орны, дерек — 11 жұмыс орны, немесе 91,7пайыз;
  • ауыл шаруашылықта — жоспар —435 жұмыс орны, дерек — 466 жұмыс орны немесе 107,1 пайыз;
  • басқа экономикалық салада — жоспар — 153 жұмыс орны, дерек — 132 жұмыс орны немесе 86,3 пайыз;
  • жеке кәсiпкерлiкте — жоспар — 175 жұмыс орны, дерек — 83 жұмыс орны немесе 47,4 пайыз.

2019 жылдың 1 қыркүйегiне тiркелген жұмыссыздардың саны 216 адамды құрады.

2019 жылғы 1 қыркүйегiндегi аз қамтылған азаматтарды мемлекеттiкқамту туралы (жаңа формат)

Бекiтiлген бюджет 2019 жылға — 205947,5 мың теңге.

2019 жылы — 1629 отбасы мүшелерiне 356 отбасы 175974,4 мың. тг. тағайындалды, 119571,0 мың тг. төлендi.

Үйде оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету

Бекiтiлген бюджет 2019 жылға — 854,0 мың теңге.

2019 жылы — 13 балаға 13 отбасы 525,1 мың. тг. Тағайындалды, 377,4 мың. тг төлендi.

2019 жылдың 01 сәуiрдегi Шал ақын ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiнiң қызметы туралы ақпарат (ZIP 31 Kb)

Солтүстiк Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының 2017 жылғы 27 наурыздағы №12/1 «Солтүстiк Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидаларын бекiту туралы» шешiмiне өзгерiстер енгiзу туралы (ZIP 25 Kb)

2019 жылдың 01 сәуiрдегi Шал ақын ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiнiң қызметы туралы ақпарат

Бағдарламалық тапсырма бойынша 2019 жылдың 1 сәiрдегi жоспар бойынша 1116 құрылған 195 жұмыс орны немесе 17,5 пайыз, сосын iшiнде тұрақты — 111 жұмыс орын немесе 14,7 пайыз (757), уақытша 49 жұмыс орын немесе 18,2 пайыз (269), бұрын құрылған жұмыс орындарға — 35 немесе 38,9 пайыз (90).

Салалар бойынша орындалуы:

  • өнеркәсiпте — жоспар — 25 жұмыс орны, дерек — 0 жұмыс орны, немесе 0 пайыз
  • құрылыс және ТҮҚШ — жоспар — 12 жұмыс орны, дерек — 0 жұмыс орны, немесе 0 пайыз
  • ауыл шаруашылықта — жоспар —400 жұмыс орны, дерек — 28 жұмыс орны немесе 7,0 пайыз
  • басқа экономикалық салада — жоспар — 145 жұмыс орны, дерек — 58 жұмыс орны немесе 40,0 пайыз
  • жеке кәсiпкерлiкте — жоспар — 175 жұмыс орны, дерек — 25 жұмыс орны немесе 14,3 пайыз

2019 жылдың 1 сәуiрiне тiркелген жұмыссыздардың саны 141 адамды құрады.

2019 жылғы 1 сәуiрдегi аз қамтылған азаматтарды мемлекеттiкқамту туралы (жаңа формат)

Бекiтiлген бюджет 2019 жылға — 25666,0 мың теңге.

2019 жылы — 561 отбасы мүшелерiне 133 отбасы 14909,5 мың. тг. тағайындалды, 12200 мың тг. төлендi.

Үйде оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету

Бекiтiлген бюджет 2019 жылға — 854,0 мың теңге.

2019 жылы — 13 балаға 13 отбасы 213,3 мың. тг. тағайындалды.

2018 жылдың 01 қаңтарына Шал ақын ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiнiң қызметы туралы ақпарат

Бағдарламалық тапсырма бойынша 2018 жылдың 1 қаңтарына жоспар бойынша 1405 құрылған 1468 жұмыс орны немесе 104,5 пайыз, сосын iшiнде тұрақты — 944 жұмыс орын немесе 100 пайыз (944), уақытша 286 жұмыс орын немесе 105,1 пайыз (272), бұрын құрылған жұмыс орындарға — 238 немесе 125,9 пайыз (189).

Салалар бойынша орындалуы:

  • өнеркәсiпте — жоспар — 30 жұмыс орны, дерек — 30 жұмыс орны, немесе 100 пайыз
  • құрылыс және ТҮҚШ — жоспар — 15 жұмыс орны, дерек — 15 жұмыс орны, немесе 100 пайыз
  • ауыл шаруашылықта — жоспар — 546 жұмыс орны, дерек — 546 жұмыс орны немесе 100 пайыз
  • басқа экономикалық салада — жоспар — 135 жұмыс орны, дерек — 135 жұмыс орны немесе 100 пайыз
  • жеке кәсiпкерлiкте — жоспар — 218 жұмыс орны, дерек — 218 жұмыс орны немесе 100 пайыз

2018 жылдың 1 қаңтарына тiркелген жұмыссыздардың саны 86 адамды құрады.

2018 жылғы 01.01. аз қамтылған азаматтарды мемлекеттiк қамту туралы

Бекiтiлген бюджет 2017 жылға — 2811 мың теңге.

2018 жылғы 01.01. — 74 отбасы мүшелерi 20 отбасы 2376,7 мың тг. тағайындалды, төлендi 2376,7 мың теңге.

18 жасқа дейiнгi балалары бар отбасыларына мемлекеттiк жәрдем

Бекiтiлген бюджет 2017 жылға — 10799 мың теңге.

2018 жылғы 01.01. — 420 балаларға 158 отбасы 7366 мың тг. тағайындалды. Төленген сома 7366 мың теңге құрайды.

«Солтүстiк Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидаларын бекiту туралы» Солтүстiк Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының 2017 жылғы 27 наурыздағы №12/1 шешiмiне өзгерiстер енгiзу туралы» жоба

«Солтүстiк Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп тану туралы» жоба

Ауылдық жерде жұмыс iстейтiн, азаматтық қызметшiлер болып табылатын денсаулық сақтау саласында, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандары лауазымдарының тiзбесiн анықтау туралы

Солтүстiк Қазақстан облысы Шал ақын ауданында әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың Қағидаларын бекiту туралы

«Солтүстiк Қазақстан облысы Шал ақын ауданында әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың Қағидаларын бекiту туралы» Солтүстiк Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 44/4 шешiмiне өзгерiс енгiзу туралы

Азаматтардың жекелеген санаттары үшiн жұмыс орындарына квота белгiлеу туралы (жоба)

Мугедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгiлеу туралы

«Солтүстiк Қазақстан облысы Шал ақын ауданында әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың Қағидаларын бекiту туралы» Солтүстiк Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 44/4 шешiмiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

2017 жылдың 01 қазанына Шал ақын ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiнiң қызметы туралы ақпарат

Бағдарламалық тапсырма бойынша 2017 жылдың 1 қазанына жоспар бойынша 1405 құрылған 1227 жұмыс орны немесе 87,3 пайыз, сосын iшiнде тұрақты — 814 жұмыс орын немесе 86,2 пайыз (944), уақытша 236 жұмыс орын немесе 86,8 пайыз (272), бұрын құрылған жұмыс орындарға — 177 немесе 93,7 пайыз (189).

Салалар бойынша орындалуы:

  • өнеркәсiпте — жоспар — 30 жұмыс орны, дерек — 30 жұмыс орны, немесе 100 пайыз;
  • құрылыс және ТҮҚШ — жоспар — 15 жұмыс орны, дерек — 15 жұмыс орны, немесе 100 пайыз;
  • ауыл шаруашылықта — жоспар — 541 жұмыс орны, дерек — 466 жұмыс орны немесе 86,1 пайыз;
  • басқа экономикалық салада — жоспар — 140 жұмыс орны, дерек — 121 жұмыс орны немесе 86,4 пайыз;
  • жеке кәсiпкерлiкте — жоспар — 218 жұмыс орны, дерек — 182 жұмыс орны немесе 83,5 пайыз.

2017 жылдың 1 қазанына тiркелген жұмыссыздардың саны 142 адамды құрады.

2017 жылғы 01.10. аз қамтылған азаматтарды мемлекеттiк қамту туралы

Бекiтiлген бюджет 2017 жылға — 2811,0 мың теңге.

2017 жылғы 01.10. 64 отбасы мүшелерi 19 отбасы 1759,2 мың тг. тағайындалды, төлендi 1759,2 мың теңге.

18 жасқа дейiнгi балалары бар отбасыларына мемлекеттiк жәрдем

Бекiтiлген бюджет 2017 жылға — 10799,0 мың теңге.

2017 жылғы 01.10. 392 балаларға 149 отбасы 5632,1 мың тг. тағайындалды. Төленген сома 5084,0 мың теңге құрайды.

2017 жылдың 01 шілдесіне Шал ақын ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметы туралы ақпарат

2017 жылдың 01.07. бағдарламалар шегінде 671 адам жоспары тұсында 669 адам жұмысқа орналасты немесе 100,3%-дан бағдарламалық тапсырмаға, соның ішінде 426 жоспар тұсында немесе 106 пайыз 451 адам тұрақты жұмыс орындарын алды, оның ішінде 73 жұмыссыз бұрын құрылған жұмыс орындарына орналасты, немесе 133%-дан бағдарламалық тапсырмаға 55, уақытшаға 147 жұмыссыз немесе 108% (136).

2017 жылы 1 шілдесіне 451 тұрақты жұмыс орындыры құрылғандар ішінен мына салалар бойынша:

  • өнеркәсіп — жоспар 17, іс жүзінде — 11 жұмыс орындар немесе жоспардан 65%.
  • құрылыс және ТКШ — жоспар 8, іс жүзінде — 15 жұмыс орындар немесе 188%.
  • ауыл шаруашылық — жоспар 240, іс жүзінде — 241 жұмыс орындар немесе 100%.
  • жеке кәсіпкерлік — жоспар 113, іс жүзінде — 121 жұмыс орындар немесе 107%.
  • экономиканың басқа салалары — жоспар 48, іс жүзінде — 63 немесе 131%.

2017 жылдың 1 шілдесіне жұмыспен қамту Уәкілетті органына 289 адам жүгінді, 131 адам немесе 45,3% жұмысқа орналастырылды жалпы жүгінгендер санынан.

Тіркелген жұмыссыздар саны 82 адам, жұмыссыздық деңгейі 0,8% құрады.

2017жылғы 01.07. аз қамтылған азаматтарды мемлекеттік қамту туралы

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек

2017 жылдың бюджеті — 2811,0 мың теңге.

2017 жылғы 01.07. — 58 аз қамтылған азаматтарға 16 отбасына мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды.

Тағайындау сома 1145,2 мың теңге құрайды. Төленды — 1145,2 мың теңге.

18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларына мемлекеттік жәрдем

2017 жылдың бюджеті — 10799,0 мың теңге.

2017 жылғы 01.07. 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларына 135 отбасыға 353 балаға мемлекеттік жәрдемақысы тағайындалды. Тағайындау сома 4008,2 мың теңге құрайды, төленды — 3307,8 мың теңге.

2017 жылдың 01 мамырына Шал ақын ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметы туралы ақпарат

2017 жылдың 01.05 бағдарламалар шегінде 329 адам жоспары тұсында 400 адам жұмысқа орналасты немесе 122%-дан бағдарламалық тапсырмаға, соның ішінде 208 жоспар тұсында немесе 134 пайыз 278 адам тұрақты жұмыс орындарын алды, оның ішінде 35 жұмыссыз бұрын құрылған жұмыс орындарына орналасты, немесе 100%-дан бағдарламалық тапсырмаға 35, уақытшаға 87 жұмыссыз немесе 101% (86).

2017 жылы 1 мамыры 278 тұрақты жұмыс орындыры құрылғандар ішінен мына салалар бойынша:

  • өнеркәсіп — жоспар 3, іс жүзінде — 6 жұмыс орындар немесе жоспардан 133%.
  • құрылыс және ТКШ — жоспар 10, іс жүзінде — 10 жұмыс орындар немесе 100%.
  • ауыл шаруашылық — жоспар 158, іс жүзінде — 158 жұмыс орындар немесе 100%.
  • жеке кәсіпкерлік — жоспар 65, іс жүзінде — 65 жұмыс орындар немесе 100%.
  • экономиканың басқа салалары — жоспар 30, іс жүзінде — 39 немесе 130%.

2017 жылдың 1 мамырына жұмыспен қамту Уәкілетті органына 164 адам жүгінді, 69 адам немесе 42,1% жұмысқа орналастырылды жалпы жүгінгендер санынан.

Тіркелген жұмыссыздар саны 55 адам, жұмыссыздық деңгейі 0,5% құрады.

2017 жылғы 01.05 аз қамтылған азаматтарды мемлекеттік қамту туралы

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек

2017 жылдың бюджеті — 2811,0 мың теңге.

2017 жылғы 01.05 — 55 аз қамтылған азаматтарға 15 отбасына мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды.

Тағайындау сома 1115,2 мың теңге құрайды. Төленды — 772,0 мың теңге.

18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларына мемлекеттік жәрдем

2017 жылдың бюджеті — 10799,0 мың теңге.

2017 жылғы 01.05 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларына 127 отбасыға 332 балаға мемлекеттік жәрдемақысы тағайындалды. Тағайындау сома 3374,1 мың теңге құрайды, төленды — 2008,6 мың теңге.

2017 жылдың 01 ақпанына Шал ақын ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiнiң қызметы туралы ақпарат

2017 жылдың 01.02. бағдарламалар шегiнде 45 адам жоспары тұсында 76 адам жұмысқа орналасты немесе 168,8%-дан бағдарламалық тапсырмаға, соның iшiнде 27 жоспар тұсында немесе 170,3 пайыз 46 адам тұрақты жұмыс орындарын алды, оның iшiнде 6 жұмыссыз бұрын құрылған жұмыс орындарына орналасты, немесе 120%-дан бағдарламалық тапсырмаға 5, уақытшаға 24 жұмыссыз немесе 133,3% (18).

2017 жылы 1 ақпаныны 46 тұрақты жұмыс орындыры құрылғандар iшiнен мына салалар бойынша:

  • өнеркәсiп — жоспар 0, iс жүзiнде — 0 жұмыс орындар немесе жоспардан 0%;
  • құрылыс және ТКШ — жоспар 0, iс жүзiнде — 0 жұмыс орындар немесе 0%;
  • ауыл шаруашылық — жоспар 10, iс жүзiнде — 19 жұмыс орындар немесе 101%;
  • жеке кәсiпкерлiк — жоспар 10, iс жүзiнде — 11 жұмыс орындар немесе 110%;
  • экономиканың басқа салалары — жоспар 2, iс жүзiнде — 16 немесе 800%.

2017 жылдың 1 ақпанына жұмыспен қамту Уәкiлеттi органына 48 адам жүгiндi, 11 адам немесе 78,0% жұмысқа орналастырылды жалпы жүгiнгендер санынан.

Тiркелген жұмыссыздар саны 44 адам, жұмыссыздық деңгейi 0,4% құрады.

2017 жылғы 01.02. аз қамтылған азаматтарды мемлекеттiк қамту туралы

Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек.

2017 жылдың бюджетi — 2811,0 мың теңге.

2017 жылғы 01.02. — 17 аз қамтылған азаматтарға 4 отбасына мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек тағайындалды.

Тағайындау сома 309,9 мың теңге құрайды.

18 жасқа дейiнгi балалары бар отбасыларына мемлекеттiк жәрдем.

2017 жылдың бюджетi — 10799,0 мың теңге.

2017 жылғы 01.02. 18 жасқа дейiнгi балалары бар отбасыларына 19 отбасыға 58 балаға мемлекеттiк жәрдемақысы тағайындалды. Тағайындау сома 410,2 мың теңге құрайды.

2016 ж. 01.12. Шал ақын ауданының денсаулық сақтауы

Аудандық денсаулық сақтау жүйесi емдеу-профилактикалық желi iшiнде орталық аудандық аурухана, 2 дәрiгерлiк амбулатория, 4 ФАП, 32 медициналық пунктен тұрады. Аудан бойынша жалпы төсек орын саны — 68 құрайды.

Амбулаторлы-емханалық ұйымның дәрiгерiне 1 тұрғынның келуi — 3,12 құрады (жалпы келушiлер саны — 59856).

Бүгiнгi күнде ауданның емдеу-профилактикалық ұйымдарында 26 дәрiгер мен 148 орта медициналық қызметкерлер өздерiнiң қызметтерiн жүзеге асыруда.

10 мың тұрғынға дәрiгермен қамтамасыз ету — 13,5 құрайды.

10 мың тұрғынға орта медициналық қызметкермен қамтамасыз ету — 77,2 құрайды.

Төсектер құрамы:

  • Терапевтiк — 20, 10 мың тұрғынға қамтамасыз ету — 10,4;
  • Неврологиялық — 5, 10 мың тұрғынға қамтамасыз ету — 2,6;
  • Хирургиялық — 10, 10 мың тұрғынға қамтамасыз ету — 5,2;
  • Травматологиялық — 5, 10 мың тұрғынғақамтамасыз ету — 2,6;
  • Гинекологиялық — 5, 10 мың тұрғынға қамтамасыз ету — 5,2;
  • Перзентхана — 5, 10 мың тұрғынға қамтамасыз ету — 5,2;
  • Педиатриялық — 8, 10 мың тұрғынға қамтамасыз ету — 4,17;
  • Жұқпалы аурулар — 10, 10 мың тұрғынғақамтамасыз ету — 5,2.

Көрсетiлетiн қызмет түрлерi:

1. Келесi мамандықтар бойынша ересек халыққа стационарлық көмек:

Акушерлiк және гинекология, анестезиология и реаниматология, жұқпалы аурулар, жалпы терапия, жалпы хирургия, невропатология, травмотология;

2. Келесi мамандықтар бойынша балалар халқына стационарлық көмек:

педиатрия (жалпы), жұқпалы аурулар;

3. Алғашқы медициналық-санитарлық жәрдем:

Дәрiгерге дейiнгi медициналық жәрдем, жедел медициналық жәрдем;

4. Диагностика

эндоскопиялық диагностика, функционалдық диагностика, рентгенологиялық диагностика, ультрадыбыстық диагностика, маммографиялық зерттеу;

5. Мамандықтар бойынша ересек халыққа кеңесшi-диагностикалық медициналық жәрдем

офтальмология, оториноларингология, дерматовенерология, стоматология, жалпы хирургия, жалпы терапия, акушерлiк және гинекология, невропатология, алғашқы медициналық-санитарлық жәрдем (дәрiгерге дейiнгi жәрдем), онкология, эндокринология, наркология, жалпы психиатрия, травматология, кардиология, маммография, гастроэнтерология;

6. Зертханалық диагностика

Жалпыклиникалық зерттеу, серологиялық зерттеу, биохимиялық зерттеу, бактериологиялық зерттеу, ИФА;

7. Медициналық реабилитология

Физиотерапия;

8. Мамандықтар бойынша балалар халқына диагностикалық-кеңесшi медициналық жәрдем:

педиатрия (жалпы), зертханалық диагностика (жалпыклиникалық зерттеулер), алғашқы медициналық-санитарлық жәрдем (дәрiгерге дейiнге жәрдем);

9. Сараптама (кәсiби жарамдылық сараптам, уақытша еңбекке жарамсыздық сараптамасы).

Кәсiпорын Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi мен ҚР Үкiметiнiң нормативтi құжаттарын басшылыққа ала отыра әлеуметтiк бағдарламаларды орындайды.

Науқастың төсекте болуының орташа ұзақтығы соңғы 3 жылда заманауи емдеу тәсiлдерiн қолдану есебiнен 8,4-тен 7,5 күнге қысқарды: емдеу мен диагностиканың шағын инвазиялық әдiстерiн енгiзу, амбулаториялық деңгейде немесе 1-шi күнi ауруханаға жатқызылғанда диагностикалық зерттеулердiң қажеттi көлемiн жүргiзу, жоспарлы ауруханаға жатқызғандағы 1-шi немесе 2-шi күнi жедел араласуды өткiзу.

Гинекологиялық бөлiмшенiң күндiзгi стационарында түсiктердi қолдану, тәулiктiк төсектердi босатты, қауiпсiз медициналық қызметтер деңгейi ұлғайды, сонымен қатар шағын шығындарда қаржылық пайданы қамтамасыз етедi.

Клиникалық тәжiрибеде диагностиканың бейнеэндоскопиялық әдiстер кеңiнен қолданылады (ФГДС).

Негiзгi құралдарды қолданудың тиiмдiлiк бағасы

Ауруханада рентгенттiк аппарат, стационарлық және жылжымалы флюороорнатқыштар қызмет етедi. Ультрадыбыстық диагностиканың аппараттары, заманауи наркозды-дем алу аппаратуралары жеткiлiктi санда бар.

2014 жылы 17 млн.теңгеге реанимобиль сатып алынды.

2014 жылы ауысымда 250 орынға аудандық емхана пайдалануға тапсырылды. Жобалық құнға нормативке сәйкес медициналық құрал-жабдықтар қосылған.

2015 жылдың мамыр айында 7399 мың теңгеге 4 санитарлық автокөлiк сатып алынды.

Алғашқы мамандандырылудан бойынша 4 дәрiгер: акушер-гинеколог, невропатолог, дерматолог және офтальмолог өттi.

Денсаулық сақтау мекемесiнiң желiсi

ЕМҰ атауы Елді мекен атауы Басшының Т.А.Ә.
Шал ақын ауданы
Сергеевка қ. ОАА Сергеевка қ. Асылбекова Айнагүл Жасұланқызы
Қаратал а. МП Каратал а. Молдабекова Ләззат Андреевна
Ақанбарақ а. ФАП Ақанбарақ а Мешелева Күлжан Әскерқызы
Көктерек а. МП Көктерек а. Мұқышева Мәдина Бүркітбайқызы
Ы. Ыбыраев а. ФАП Ы. Ыбыраев а. Сәрсекеева Айсұлу Қайратденқызы
Мерген а. МП Мерген а. Мадиева Айгерім Серикқызы
Кривощеков а. ФАП Кривощеков а. Төребекова Гайсар Байсалқызы
Ровное а. МП Ровное с. Бәйтен Ңұрым Нұрланұлы
Социал а. МП Социал а. Әниева Қаламқас Зейноллақызы
Алқаағаш а. МП Алқаағаш а. Қонысова Данагүл Қонысқызы
Приишим ДА Повозочное с. Байзақов Қонарбай Халықұлы
Бірлік а. МП Бірлік а. Жолкенова Бағлан Мұрзашқызы
Минеевка с. МП Минеевка с. Қаражігітова Майра Мәкенқызы
Ортақкөл а. МП Ортақкөл а. Яркович Светлана Николаевна
Жаңажол а. МП Жаңажол а. Таспаева Ботагөз Көшенқызы
Жаңаталап а. МП Жаңаталап а. Асылбекова Сапура Есләмқызы
Кеңес а. МП Кеңес а. Түкенова Сыргул Есімқызы
Семиполка с. ФАП Семиполка с. Балахметова Балапан Есенқызы
Ступинка с. МП Ступинка с. Бекішева Күлшара Ермекқызы
Астаған с. МП Астаган с. Баилова Сәуле Байдалқызы
Балуан а. МП Балуан а. Жақыпова Ғалия Кадешқызы
Жалтыр а. МП Жалтыр а. Кішкентаева Оксана Кайыргелдіқызы
Новопокровка ДА Новопокровка с. Айсина Айна Еркінқызы
Аксу а. МП Аксу а. Құрсақова Мәншүк Еділбайқызы
Жанасу а. МП Жанасу а. Ескендірова Әлия Қасымқызы
Еңбек а. МП Енбек а. Сәкенова Айман Оралқызы
Ольгинка с. МП Ольгинка с. Әміржанова Тойжан Қатранқызы
Рясинка с. МП Рясинка с. Тоқымжанова Сәуле Серікпайқызы
Садовка с. МП Садовка с. Алпысбаева Ұлбала Тұршанқызы
Двойники с. МП Двойники с. Бурыкина Светлана Ивановна
Сухорабовка с. МП Сухорабовка с. Қоспанова Сәуле Қайратденқызы
Афанасьевка с. МП Афанасьевка с. Кошенова Сарсеңкуль Шамшидинқызы
МП Октябрьское Узынжар а. Тәбеева Қаламқас Ғалымбекқызы
Кұртай а. МП Куртай а. Тәбеева Қаламқас Ғалымбекқызы
Ишимский водопровод с. МП Ишимский водопровод с. Петрова Наталья Федоровна
Городецкое с. МП Городецкое с. Рящина Раиса Владимировна
Коноваловка с. МП Коноваловка с. Дәулетбаева Жайнагүл Нұржанқызы
Крещенка с. МП Крещенка с. Кошулец Татьяна Григорьевна
Куприяновка с. МП Куприяновка с. Мұхамеджанова Гулжихан Қошыбайқызы
Белоградовка с. МП Белоградовка с. Шекенова Балдырған Сапашқызы

Мақаланың шыққан күні: 22.11.2017 16:30

Парақтағы соңғы өзгерістер: 19.03.2020 11:06

СҚО Шал ақын ауданы әкiмi
Нұрлан Орынбасарұлы Есiмов

Промышленная Революция 4.0

Мамыр 2020
ДсСсСрБсЖмСнЖк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Подать резюме

ҚР Әділет министрлігі

Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады.

Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстана egov.kz Ассамблея народа Казахстана Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области IPO ДКБ2020 Алтын сапа Әділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіАстана — Ұлы дала елордасы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest» «БЖЗҚ» АҚ

@2020 Солтүстік Қазақстан облысының Шал ақын ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

A- A A+