Солтүстік Қазақстан облысының Шал ақын ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Рухани жаңғыру

«Нұрсұлтан Назарбаев. Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаланың түсiндiру жұмысын ұйымдастыру туралы ақпарат

2017 жылдың 12 сәуiр күнi бұқаралық ақпарат құралдарында Н.Ә. Назарбаетың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы жарияланды. Президенттiң мақаласы ресми жарияланған соң Сергеевка қ. Мәдениет үйiнде мақаланы талқылау бойынша аудандық актив өткiзiлдi.

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы қазақстандықтар үшiн маңызды идеологиялық бағыт болды. Ерекше назар мәдениетке, бiлiм мен ғылымға арналған. «Рухани жанғыру» бағдарламасы 4 iшкi бағдарламаны өзiне қосады«Тәрбие және бiлiм», «Атамекен», «Рухани казына», «Ақпарат толқыны», 5 жоба жүзеге асырылады:

  1. «Мемлекеттiк тiлдiң латынға ауысуы»
  2. «Туған жер»
  3. «Қазақстанның рухани құңдылықтары»
  4. «Қазақстанның 100 жаңа есiмi»
  5. «Жаһандық әлемдегi қазiргi қазақстандық мәдениет»

Ауданда әрбiр жоба бойынша ақпараттық-түсiндiру жұмысы жүргiзiледi, аудандық газеттерде мақалалар жарияланды.

Аудандық БАҚ «Рухани жанғыру» логотипiмен арнайы айдар ашылды. Жыл басынан «Парыз» «Новатор» газеттерiнде 27 тақырыптық материалдар жарияланды.

Өткiзiлетiн iс шаралар «Фейсбук» парақшасында «Рухани Жангыру Шал акын ауданы СКО», аудандық газеттерде жарияланады.

«Атамекен» iшкi бағдарлама бойынша 2018 ж. қаңтар айында Сергеевка қ. казақ орта мектебiнде 1,2 млн. теңгеге Бөскеева Зауреш Каукенқызы ат. кабинет ашылды. Демеушiлер мектеп түлектерi болып табылады.

2018 ж. наурыз айында Приишим с/о Повозочное а. өздерiнiң жұмысшыларына тұрғын үй тапсыру мақсатында 4 үй берiлдi. Демеушi «Агросевер» ЖШС директоры Луговой Николай Александрович. Бөлiнген қаржы 30,0 млн. теңгенi құрайды. Тұрғын үй өтеусiз негiзде ұсынылған, коммуналды төлемдердi ғана төленедi.

2018 жылдың сәуiр айында Городецкое с/о Мерген а. өздерiнiң жұмысшыларына тұрғын үй тапсыру мақсатында 4 үй берiлдi. Демеушi «Гермес Агро» ЖШС директоры Окунев Сергей Викторович. Бөлiнген қаржы 25,5 млн. теңге кұрады. Тұрғын үй өтеусiз негiзде ұсынылған, коммуналды төлемдерi ғана төленедi.

Семиполка с/о Ступинка а. тұрғын үйлер мен жатақхана құрылысы жоспарлануда. Тұрғын үй өтеусiз жұмысшыларға ұсынылатын болады, тек коммуналдық төлемдер төленедi. Демеушi ретiнде «Алтын астык кz» ЖШС директоры Айнабаев Дидар Елюикович.

«Нұрсұлтан Назарбаев. Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының iске асыру жолдарын талқылау және түсiндiру бойынша жұмыс жалғастыруда.

Жоба туралы

Рухани жаңғыру

«Рухани Жаңғыру» — барлық заманауи тәуекелдер мен жаһандық жанайқайды қоса алғандағы қазақстандық рухани құндылықтың жандануына бағытталған Мемлекет басшының бағдарламалық мақаласы. Мақала ұлттық бiрегейлiктi сақтау, азаматтар санасының ашықтығы мен бiлiмге баулуын дәрiптеу, прагматизм, бәсекеге қабiлеттiлiктi арттыру, қоғамдық сананың жаңғыртудыдың маңыздылығын алға тартады. Бұл қасиеттер заманауи қазақстандықтардың негiзгi бағыты болуы қажет. 

«Туған жер» — барлық уақытта ұлттық бiрегейлiктiң iргетасы ретiнде сонда мекендеген барлық этнос мәдениетi мен дәстүрлерiн өзiне қалыптастырады. Мұндай киелi сезiм, iс жүзiнде барша тiршiлiк қарекетiндегi жаңа жетiстiктерге жетелеген отанға деген махаббат iспеттес. «Туған жер» — азаматтардың туған өңiрiн көркейтуге тарту, сонымен қатар әлеуметтiк мәселелердiң шешуiне бағытталған «шағын отанның» дамуына үлес қосатын бағыттағы арнайы жоба болып саналады. 

«Қазақстанның киелi жерлерiнiң географиясы» — тарих пен мәдениетке, адамның рухани дамуына және оның туған жерiне деген байланысына негiзделе отырып адам мен оның өмiрiне бағытталған. Кейбiр тұлғаларды мәңгi еске сақтауда ұлтты мәдени байыту мен мiнәжат етуге арналған орындар түрiндегi ұлы ата-баба ерлiктерiн осындай бағдарға жатқызуға болады. Осындай орындарды бiлуiмiз көптеген нәрсенi үйретiп, олардан қажеттi өмiрлiк қуат алуға мүмкiндiк бередi. Осыған байланысты, Киелi мекен жағырапиясының құрылуы — адамның рухани баю мәселесiн алға тартып қана қоймай, сонымен қатар мәдениетiмiз бен салт-дәстүрiмiздi, бай тарихымыздың құндылықтарын көрсетедi. Бұл бөлiм аймақтық және республикалық  киелi мекендердi, олардың тарихы мен ерекшелiктерi туралы ақпараттармен қамтамасыз етедi.

Заманауи Қазақстан мәдениетi. Қоғам дамуының басты көрсеткiшi болып әрдайым оның мәдени жетiстерi болды. Сол себептен, бұл жетiстiктердi әлемдiк деңгейде таныту қажет. «Жаһандық өмiрдегi заманауи Қазақстан мәдениетi» арнайы жобасының арқасында отандық мәдениеттiң заманауи жетiстiгiмен барша халықтың танысу мүмкiндiгi туады.

Сонымен қатар, кез-келген бәсекеге қабiлеттi қызмет түрi сияқты мәдениет те жiтi ойланып барып өмiрге бейiмделгiш болуы қажет. Бұл бөлiм суретшiлер, отандық әртiстер мен шығармашылық ұжымдар, жазушылар және басқа да мәдениет қайраткерлерi, көркем сурет, әдебиет жайындағы барлық шығармаларды қамтиды. Бөлiмнiң мультимедиалық бөлiгiнде фото-, видео материалдар, отандық әртiстердiң орындауындағы бейнелердi көруге, сонымен қатар отандық әртiстердiң Қазақстандағы және шетелде өтетiн мәдени iс-шаралары туралы ақпараттар ала алады.

Жаһандық дәуiрде ең басты сын-тегеурiн мен қатерлердi ұғынатын жаңа ұрпақты қалыптастыру өте маңызды. Сол үшiн басты құрал — бiлiм болып табылады.

Әлеуметтiк-гуманитарлық салада 100 жетекшi оқулық аудармасы – прагматизм мен бәсекеге қабiлеттi рухани жетiлдiруде жаңа Қазақстан ұрпағын қалыптастыруда нақты қадам болып табылады. Бұл бөлiм өз кезегiнде тәржiмаланған кiтаптар мен авторлары, оқулықтарға сiлтеме, сонымен қатар рецензиялар туралы ақпарат бередi.

100 жаңа тұлға. «Болашаққа бағдар: Қоғамдық сананы жаңғырту» атты мақаласында Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә. Назарбаев «Қазақстанның 100 жаңа тұлғасын» құруды ұсынған болатын. Бұл жобада Тәуелсiздiк кезеңiн бағындырған адамдардың тарихы жинақталады. Бұл тарихта түрлi аймақтардағы жастардың, ұлттардың, жеке және қоғамдық өмiрдегi әрi жұмыстағы азаматтардың жетiстiктерi баяндалады. 

Латын әлiпбиiне көшу. Бұл бөлiм халықты қазақ әлiпбиiнiң латыншаға ауысуын хабардар етуге бағытталған. Сонымен қатар, бөлiмде жаңа әлiпбидi үйрену жөнiндегi ұсынымдар мен әдiстемелiк материалдармен қамтамасыз етiлетiн болады.

Мақаланың шыққан күні: 24.11.2017 09:29

Парақтағы соңғы өзгерістер: 07.02.2019 09:02

СҚО Шал ақын ауданы әкiмi
Нұрлан Орынбасарұлы Есiмов

Промышленная Революция 4.0

Қараша 2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  
Подать резюме

ҚР Әділет министрлігі

Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады.

Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстана egov.kz Ассамблея народа Казахстана Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области IPO ДКБ2020 Алтын сапа Әділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіАстана — Ұлы дала елордасы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest»

@2019 Солтүстік Қазақстан облысының Шал ақын ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

A- A A+