Солтүстік Қазақстан облысының Шал ақын ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Мемлекеттік мекеме туралы ереже

«Шал ақын ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже

Шал ақын ауданы әкімдігінің
2012 жылғы 14 желтоқсандағы
№ 377 қаулысымен
«Бекітілді»

1. Жалпы ережелер

1. «Шал ақын ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі әкімнің және әкімдіктің қызметі саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. «Шал ақын ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылтайшы және құзыретті органы Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты болып табылады.

3. «Шал ақын ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің, актілеріне, өзге-де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органның үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес әзірленген осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. «Шал ақын ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

5. «Шал ақын ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6. «Шал ақын ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7. «Шал ақын ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Шал ақын ауданы әкімінің аппарат басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.

8. «Шал ақын ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 151300, Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Шал ақын ауданы, Сергеевка қ., Победа к-сі, 35.

10. Мемлекеттік органның толық атауы — «Шал ақын ауданы әкімінің аппараты"мемлекеттік мекемесі:

11. Осы ереже «Шал ақын ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне құрылтай құжат болып табылады.

12. «Шал ақын ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерінен, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бюджетінен (сметасынан) жүзеге асырылады.

13. «Шал ақын ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен «Шал ақын ауданы әкімінің аппараты» функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Шал ақын ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

14. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес «Шал ақын ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің миссиясы аудан әкімінің және әкімдігінің ақпараттық-аналитикалық, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қызметімен қамтамасыз ету болып табылады.

15. Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Нормативтік-құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндеттері:

  • аудан әкімдігінің және әкімнің нормативтік-құқықтық актілер жобаларын дайындау, аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясының, атқарушы биліктің жалпы мемлекеттік саясатының мәселелері бойынша орталық және атқарушы басқару органдарына ұсыныстар жасау;
  • аудан әкімі және әкімдіктің қызметін әкімдік отырыстарының, үйлестіру-кеңестік органдардың, кеңестер, комиссиялар, жиналыстар, кездесулер және басқа да іс-шаралардың регламенттеріне сәйкес өткізілетін ұйымдастыру-құжаттамалық қамтамасыз ету;
  • стратегиялық жоспарларды, іс-шараларды, мақсатты кешенді бағдарламаларды әзірлеу, аймақтық әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын анықтау, жергілікті мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру бойынша жергілікті атқарушы органдарға жәрдемдесу;
  • аудандағы қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайларды жүйелі талдау негізінде аудан әкіміне, аудан әкімінің орынбасарларына, аппарат басшысына, ақпараттық-анықтамалық материалдарды дайындау;
  • қоғамдық пікірлерді зерттеу, әртүрлі әлеуметтік халық тобының арасында, ақпараттық жұмысты ұйымдастыру, деректерді жинау және қорыту, басқару шешімдерін қабылдау үшін ұсыныстар және қорытындыларды өңдеу;
  • аудан әкімі мен әкімдік қызметінің бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз ету.

16. «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Жеке және заңды тұлғалар өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Әскери қызмет және әскер қызметшілерінің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес функциялары:

  • аудан әкімі және әкімдігінің нормативтік-құқықтық актілер жобаларына құқықтық сараптама өткізу, нормативтік шығармашылықты жетілдіру, аудан әкімінің, әкім орынбасарларының және аппарат басшыларының басқару қызметін заңды қамтамасыз ету;
  • Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігімен, орталық билік органдарының аппараттарымен өзара қарым-қатынасты, жергілікті атқарушы және өкілетті органдармен байланысты жүзеге асыру;
  • «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының, Президент Жарлықтары және Үкімет қаулыларының, еңбек туралы заңнаманың талаптарына сәйкес кадрлық жұмыстарды өткізу. Бос саяси және әкімшілік мемлекеттік қызметкерлер лауазымдарына тағайындауға және ауысуға келісу бойынша ұсыныстарды дайындау;
  • Қазақстан Республикасы Заңдарының, Президент Жарлықтарының, Үкімет және әкімдік қаулыларының, облыс, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуын бақылау бойынша жұмысты ұйымдастыру;
  • облыс әкімінің, аудан әкімінің мемлекеттік марапаттарымен және алғысхаттарымен марапаттауға ұсынуға сәйкес құжаттарды дайындау, марапат құжаттарын ресімдеу, марапатталғандар туралы деректер банкін қалыптастыру;
  • қылмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, құқықтық тәртіпті және заңдылықты сақтау мәселелері бойынша құқық қорғау органдарымен жергілікті атқарушы органдардың өзара қарым-қатынасын қамтамасыз ету;
  • әскери міндет және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс туралы, сонымен қатар кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің жұмылдыру даярлығы және аумақтық қорғаныс бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
  • ресми шетелдік үкімет делегацияларына, мемлекеттің жоғары лауазымды тұлғаларына, олардың қатысуымен өтетін іс-шараларда қызмет көрсетуді ұйымдастыру;
  • аудандық атқарушы органдармен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына мониторинг жүргізу;
  • қызметтік құжаттарды және азаматтардың өтініштерін есепке алу және қарастыру, оларды қабылдауды ұйымдастыру, олардың өтініштері бойынша талдау жасау; аудан әкімімен және әкімдікпен шығарылған актілердің есебін жүргізу және тіркеу; электрондық қызмет көрсету мен электрондық үкіметті дамыту;
  • аудан әкімдігінің отырысы, аудандағы селолық округтердің халқымен есептік кездесу, селекторлық және жұмыс жиналыстары, жұмыс іссапарлары барысында берілген аудан әкімінің тапсырмаларын орындауына бақылауды жүзеге асыру.
  • аудан әкімінің және әкімдіктің қызметін қаржылық-шаруашылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету;
  • еңбек және демалыс үшін қалыпты әлеуметтік-тұрмыстық жағдай құру;
  • қызметтік кабинеттердің және отырыс залдарының нормативтік талаптарына сәйкес техникалық қамтамасыз ету;
  • мемлекеттік және қызметтік құпияларды сақтау және құпия ісқағаздарын жүргізу үшін жағдаймен қамтамасыз ету.

17. «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 Жарлығына сәйкес құқықтар мен міндеттер:

Аппаратта көрсетілген мақсаттарды іске асыру үшін, өз құзыреті шегінде келесі құқықтарға ие:

  • ауданның жергілікті атқарушы органдарындағы кез-келген, соның ішінде құпия, ақпараттық деректердің банктарын пайдалануға;
  • аудан әкімі аппаратына жүргізуге жататын мәселелер бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес органдармен, ұйымдармен қызметтік хат алмасуды жүргізуге;
  • аудандық және аумақтық атқарушы органдардан, төмен тұрған-деңгейдегі әкімдерден, басқа да заңды және жеке тұлғалардан қажетті құжаттарды, ақпаратты, олардың қызметі бойынша, жеке лауазымды тұлғалардан түсініктеме сұрауға және алуға, Аппарат міндетін орындауға жататын тапсырмаларды жүктеуге, аудан әкімі мен әкімдігінің міндетін орындауға қатысты мәселелерді шешуге ауданның атқарушы органдардың, төмен тұрған әкімшілік-аумақтық бірліктердің жұмысшыларын тартуға;
  • Қазақстан Республикасының Заңдарының, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкімет актілерінің, әкімдік қаулыларының, облыс, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуына тексеру жүргізуге қатысуға, анықталған бұзушылықтар бойынша іс-шаралар қолдануға, орындалмаудың себептері мен жағдайларын анықтауға;
  • әкімдік пен мәслихат отырыстарына, аудандық бөлімдер, және басқа да аумақтық және жергілікті атқарушы органдар алқаларына қатысуға;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін басқа да құқықтарды жүзеге асыруға.
"Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен азаматтық хал актілерін тіркеуді жүзеге асырады және тіркеу туралы мәліметтерді Жеке тұлғалар туралы мемлекеттік дерекқорға енгізеді;
 
азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуге қатысты басқа да құзыретті жүзеге асыру;
 
терроризмге қарсы комиссиялар арқылы ауданның, облыстық маңызы бар қаланың аумағында терроризм профилактикасы, сондай-ақ терроризм салдарлары барынша азайту және (немесе) жою жөніндегі қызметті ұйымдастырады".

Аппарат міндетті:

  • Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға;
  • белгіленген тәртіпте бюджетке салықтарды және басқа міндетті төлемдерді төлеуге;
  • Қазақстан Республикасының заңды актілеріне сәйкес жауапкершілік тартуға.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

18. «Шал ақын ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі басшылықты Шал ақын ауданы әкімінің аппаратына жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын аппарат басшысы жүзеге асырады.

19. «Шал ақын ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

20. «Шал ақын ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттілігі:

  • Аппарат жұмысына басшылық етеді;
  • Аппараттың құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастырады және бағыттайды, олардың өзара байланысын үйлестіреді;
  • Ерлер мен әйелдердің тең құқықтығы мен тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы заңнаманың сақталуын қамтамасыз етеді;
  • Аппарат қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтауына дербес жауапкершілікке ие;
  • «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бос мемлекеттік әкімшілік лауазым орындарына конкурстарды ұйымдастырады. Нәтижелері бойынша аппарат қызметкерлерінің лауазымға тағайындау және лауазымнан босату туралы ұсыныстарын әкімге қарастыруға енгізеді, аппарат кадрларының резервін қалыптастырады;
  • Аппарат туралы Ережені, оның құрылымы мен штаттағы қызметкерлер санын аудан әкімімен бекітуге тапсырады;
  • аудан әкімі және әкімдігіне нормативтік-құқықтық актілерді және басқа да құжаттарды келісуге және қарастыруға ұсынады;
  • Аппараттың құрылымдық бөлімшелерінің жұмыс жоспарларын аудан әкімінің орынбасарларымен келісілгеннен кейін бекітеді;
  • Аппарат бюджетпен қарастырылған қаржылық қаражаттарды қарастырады;
  • қолданыстағы заңнамаға сәйкес аудан әкіміне Аппарат қызметкерлерін көтермелеу және оларды әкімшілік жазаға тарту туралы ұсыныстар жасайды;
  • Аппараттың қызметін қамтамасыз ететін және техникалық қызмет көрсететін қызметкерлерді жұмысқа қабылдау және жұмыстан шығару туралы бұйрықтарды шығарады;
  • Аппаратта мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуын бақылайды;
  • мемлекеттік органдарда, басқа ұйымдарда Аппараттың өкілі ретінде болады;
  • аудан әкімімен жүктелген басқа да жұмыстарды жүзеге асырады.

«Шал ақын ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

3. Мемлекеттік органның мүлкі.

21. «Шал ақын ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

«Шал ақын ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берілген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге-де көздер есебінен қалыптастырылады.

22. «Шал ақын ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бекітілген мүлік аудандық коммуналдық меншікке жатады.

23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе «Шал ақын ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

4. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату.

24. «Шал ақын ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

5. Аппараттағы жұмыс режимі және өзара қарым-қатынас

25. Аппарат пен уәкілетті орган арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен анықталады және реттеледі.

26. Аппарат әкімшілігі мен оның еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен анықталады.

27. Аппараттың жұмыс уақыты сағ. 9.00-ден 18.30-ға дейін, аптасында бес жұмыс күні, түскі үзіліс — сағ. 13.00-тен 14.30-ға дейін.

7. Қорытынды ережелер.

Осы Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.

Мақаланың шыққан күні: 17.11.2017 17:21

Парақтағы соңғы өзгерістер: 17.11.2017 17:21

СҚО Шал ақын ауданы әкiмi
Нұрлан Орынбасарұлы Есiмов

Промышленная Революция 4.0

Қараша 2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  
Подать резюме

ҚР Әділет министрлігі

Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады.

Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстана egov.kz Ассамблея народа Казахстана Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области IPO ДКБ2020 Алтын сапа Әділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіАстана — Ұлы дала елордасы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest»

@2019 Солтүстік Қазақстан облысының Шал ақын ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

A- A A+