Солтүстік Қазақстан облысының Шал ақын ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Азаматтардың өтініштеріне шолу

«Солтүстiк Қазақстан облысы Шал ақын атындағы аудан әкiмiнiң аппараты» КММ 2019 жылғы 2 тоқсандағы жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерi жөнiндегi аналитикалық ақпарат (үдемелi)

«Солтүстiк Қазақстан облысы Шал ақын атындағы аудан әкiмiнiң аппараты» КММ 2019 жылғы II тоқсанда жеке және заңды тұлғалардан — 31 өтiнiш, оның iшiнде жеке тұлғалардан — 30, соның iшiнде заңды тұлғалардан — 1 өтiнiш келiп түстi.

Сипатына қарай өтiнiштердiң көбi: 2019 жылғы II тоқсанда жеке тұлғалардан жер ресурстары мәселесi бойынша — 8, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелерi бойынша — 8, еңбек және халықты жұмыспен қамту — 8 және басқа өтiнiштер — 6 түстi, 2019 жылғы II тоқсанда заңды тұлғалардан келiп түскен өтiнiштердiң көбi жер ресурстары мәселелерi бойынша — 1.

Есептi кезең соңында жеке тұлғалардан 3 өтiнiш қаралуда.

2018 жылдың ұқсас кезеңiмен салыстырғанда жеке тұлғалар бойынша өтiнiштер 1 адамға кемiген (2018 жылғы II тоқсанда 30), бұл тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мәселелерi бойынша келiп түскен өтiнiштер санының азаюына байланысты, заңды тұлғалар бойынша 2 өтiнiшке кемiген (2017 жылғы II тоқсанда 3), бұл жер ресурстары мәселелерi бойынша келiп түскен өтiнiштер санының азаюына байланысты болып отыр.

Ағымдағы жылдың басынан әкiм аппаратында жеке тұлғаларды қабылдау өткiзiлдi, 36 адам қабылданды.

2018 жылдың ұқсас кезеңiмен салыстырғанда өтiнiш бiлдiргендер саны 11 адамға азайған (2018 жылы — 25).

Азаматтарды жеке қабылдау кестесi аудан әкiмiнiң ресми Интернет-ресурсында орналастырылады, аудандық БАҚ, сондай-ақ сайтта жарияланып отырады. Аудан әкiмдiгi ғимаратының фойесiнде 16.05.2018 жылғы өзгерiстермен «Жеке және заңды тұлғалар өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының Заңы орналастырылған.

Аудан әкiмiнiң аппаратымен жеке және заңды тұлғалардың жазбаша өтiнiштерiн қарау, азаматтарды қабылдау сапасын жақсарту, өтiнiш бiлдiрген тұлғалардың мәселелерiн уақытылы шешу бойынша ұдайы жұмыс жүргiзiлiп отырады. Барлық өтiнiштер «Айқын» бағдарламасына енгiзiлiп, Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген мерзiмде қаралады, мерзiмдердi бұзуға жол берiлген жоқ.

«Солтүстiк Қазақстан облысы Шал ақын атындағы аудан әкiмiнiң аппараты» КММ 2019 жылғы I тоқсандағы жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерi жөнiндегi аналитикалық ақпарат (үдемелi)

«Солтүстiк Қазақстан облысы Шал ақын атындағы аудан әкiмiнiң аппараты» КММ 2019 жылғы I тоқсанда жеке және заңды тұлғалардан — 55 өтiнiш, оның iшiнде жеке тұлғалардан — 46, соның iшiнде заңды тұлғалардан — 9 өтiнiш келiп түстi.

Сипатына қарай өтiнiштердiң көбi: 2019 жылғы I тоқсанда жеке тұлғалардан жер ресурстары мәселесi бойынша — 24, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелерi бойынша — 10, еңбек және халықты жұмыспен қамту — 7 және басқа өтiнiштер — 5 түстi, 2019 жылғы I тоқсанда заңды тұлғалардан келiп түскен өтiнiштердiң көбi жер ресурстары мәселелерi бойынша — 9.

Есептi кезең соңында жеке тұлғалардан 3 өтiнiш қаралуда.

2018 жылдың ұқсас кезеңiмен салыстырғанда жеке тұлғалар бойынша өтiнiштер 22 адамға кемiген (2018 жылғы I тоқсанда 29), бұл тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мәселелерi бойынша келiп түскен өтiнiштер санының азаюына байланысты, заңды тұлғалар бойынша 7 өтiнiшке кемiген (2017 жылғы I тоқсанда 9), бұл жер ресурстары мәселелерi бойынша келiп түскен өтiнiштер санының азаюына байланысты болып отыр.

Ағымдағы жылдың басынан әкiм аппаратында жеке тұлғаларды қабылдау өткiзiлдi, 19 адам қабылданды.

2018 жылдың ұқсас кезеңiмен салыстырғанда өтiнiш бiлдiргендер саны 2 адамға азайған (2018 жылы — 17).

Азаматтарды жеке қабылдау кестесi аудан әкiмiнiң ресми Интернет-ресурсында орналастырылады, аудандық БАҚ, сондай-ақ сайтта жарияланып отырады. Аудан әкiмдiгi ғимаратының фойесiнде 16.05.2018 жылғы өзгерiстермен «Жеке және заңды тұлғалар өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының Заңы орналастырылған.

Аудан әкiмiнiң аппаратымен жеке және заңды тұлғалардың жазбаша өтiнiштерiн қарау, азаматтарды қабылдау сапасын жақсарту, өтiнiш бiлдiрген тұлғалардың мәселелерiн уақытылы шешу бойынша ұдайы жұмыс жүргiзiлiп отырады. Барлық өтiнiштер «Айқын» бағдарламасына енгiзiлiп, Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген мерзiмде қаралады, мерзiмдердi бұзуға жол берiлген жоқ.

2018 жыл өтiнiштерi бойынша талдау

Есептiк кезеңде аудан әкiмiнiң аппаратына азаматтардың 152 өтiнiшi келiп түстi, 2017 жылдың осы кезеңiнде 182 өтiнiш келiп түстi, 30 өтiнiшке азайды. Олардың iшiнен жеке және заңды тұлғалардан 73 жазбаша өтiнiш (2017 жылы — 121), аудан әкiмiнiң виртуалды қабылдауында 0 (2017 жылы 0), электронды портал арқылы 4 (2017 жылы — 2), және жеке қабылдауда 79 өтiнiш (2017 жылы — 61)

Өтiнiштердiң талдауы 2018 жылдың 1-шi жартыжылдығында көп үлесi мына мәселелер бойынша келiп түскен: еңбек және жұмыспен қамту әлеуметтiк қамтамасыз ету мәселесi бойынша — 27 өтiнiш, жер ауыл шаруашлық мәселесi бойынша — 46, тұрғын үй коммуналдық — 49, құрылыс мәселесi бойынша — 1, қаражаттандыру мәселесi бойынша — 1, бiлiм — 6, әр-түрлi — 22 өтiнiш келiп түскенiн көрсеттi.

Шал ақын ауданының әкiмiмен азаматтарды жеке қабылдауында 67 адам қабылданды. Аудан әкiмiнiң орынбасары Ж.Т. Оспановпен — 1 адам, Б.Қ. Шакеновпен — 3, С.Б. Құсайыновпен — 1 және аудан әкiмiнiң аппарат басшысымен 1 адам қабылданған.

Аудан әкiмiнiң аппаратына 4 ұжымдық өтiнiш келiп түстi (2017 ж. — 13), 2017 жылмен салыстырғандап 9 өтiнiшке азайдыi.

19 өтiнiш оң шешiмiн тапты, 54 өтiнiшке түсiнiктемелер берiлдi және 79 өтiнiшке жеке қабылдау барысында түсiнiктемелер берiлдi.

2018 жылдың 1-ші жартыжылдығының өтініштері бойынша талдау

Есептiк кезеңде аудан әкiмiнiң аппаратына азаматтардың 58 өтiнiшi келiп түстi, 2017 жылдың осы кезеңiнде 92 өтiнiш келiп түстi, 34 өтiнiшке азайды. Олардың iшiнен жеке және заңды тұлғалардан 28 жазбаша өтiнiш (2017 жылы — 58), аудан әкімінің виртуалды қабылдауында 0 (2017 жылы 0), электронды портал арқылы 2 (2017 жылы — 1), және жеке қабылдауда 28 өтiнiш (2017 жылы — 33)

Өтiнiштердiң талдауы 2018 жылдың 1-ші жартыжылдығында көп үлесі мына мәселелер бойынша келіп түскен: еңбек және жұмыспен қамту әлеуметтiк қамтамасыз ету мәселесі бойынша — 7 өтініш, жер ауыл шаруашлық мәселесі бойынша — 24, тұрғын үй коммуналдық – 18, құрылыс мәселесі бойынша — 1, қаражаттандыру мәселесі бойынша — 1, білім — 2, әр-түрлі — 5 өтініш келіп түскенін көрсетті.

Шал ақын ауданының әкiмiмен азаматтарды жеке қабылдауында 22 адам қабылданды. Аудан әкiмiнiң орынбасары Ж.Т. Оспановпен — 1 адам, Б.Қ. Шакеновпен — 3, С.Б. Құсайыновпен — 1 және аудан әкімінің аппарат басшысымен 1 адам қабылданған.

Аудан әкімінің аппаратына 4 ұжымдық өтініш келіп түсті (2017 ж. — 13), 2017 жылмен салыстырғандап 9 өтінішке азайдыі.

10 өтiнiш оң шешiмiн тапты, 21 өтiнiшке түсiнiктемелер берiлдi және 27 өтінішке жеке қабылдау барысында түсініктемелер берілді.

2018 жылдың 1 тоқсанындағы азаматтардың өтiнiштерi бойынша талдау

Есептiк кезеңде аудан әкiмiнiң аппаратына азаматтардың 31 өтiнiшi келiп түстi, 2017 жылдың осы кезеңiнде 48 өтiнiш келiп түстi, 17 өтiнiшке азайды. Олардың iшiнен жеке және заңды тұлғалардан 16 жазбаша өтiнiш (2017 ж. — 29), аудан әкiмiнiң виртуалды қабылдауына 0 (2017 жылы — 0), электронды портал арқылы — 0 (2017 жылы — 1), және жеке қабылдауда 15 өтiнiш (2017 жылы — 18)

Өтiнiштердiң талдауы 2018 жылдың 1-шi тоқсанында көп үлесi мына мәселелер бойынша келiп түскен: еңбек және жұмыспен қамту әлеуметтiк қамтамасыз ету мәселесi бойынша — 6 өтiнiш, жер ауыл шаруашлық мәселесi бойынша — 13, тұрғын үй коммуналдық — 6, қаражаттандыру мәселесi бойынша — 1, бiлiм — 1, төтенше жағдай — 0, әр-түрлi — 4 өтiнiш келiп түскенiн көрсеттi.

Шал ақын ауданының әкiмiмен азаматтарды жеке қабылдауында 11 адам қабылданды. Аудан әкiмiнiң орынбасары Ж.Т. Оспановпен — 1, Б.Қ. Шакеновпен — 2, С.Б. Құсайыновпен — 1 және аудан әкiмiнiң аппарат басшысымен 1 адам қабылданған.

31 өтiнiш iшiнде 0 шағым: (2017 ж. — 3: мектеп гимназияның от жағушысы А.А. Алестратенкодан мектеп гимназияның күзетшiсi К.Б. Успановқа қатысты және Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң аппаратынан 1 — өтiнiш келiп түстi: А.Р. Бекеновтен (Шал ақын ауданы әкiмiнiң лауазымды тұлғаларына қатысты шағым).

Аудан әкiмiнiң аппаратына ұжымдық өтiнiш түскен жоқ (2017 ж. — 4), 2017 жылмен салыстырғандап 4 өтiнiшке азайды.

7 өтiнiш оң шешiмiн тапты, 10 өтiнiшке түсiнiктемелер берiлдi және 14 өтiнiшке жеке қабылдау барысында түсiнiктемелер берiлдi.

2017 жылғы азаматтардың өтiнiштерi бойынша талдау

Есептiк кезеңде аудан әкiмiнiң аппаратына азаматтардың 184 өтiнiшi келiп түстi, 2016 жылдың осы кезеңiнде 211 өтiнiш келiп түстi, 27 өтiнiшке азайды. Олардың iшiнен жеке және заңды тұлғалардан 120 жазбаша өтiнiш (2016 ж. — 166), аудан әкiмiнiң виртуалды қабылдауына 0 (2016 жылы 0), электронды портал арқылы 1 (2016 жылы — 3), және жеке қабылдауда 63 өтiнiш (2016 жылы — 42).

Өтiнiштердiң талдауы 2017 жылы көп үлесi мына мәселелер бойынша келiп түскен: еңбек және жұмыспен қамту әлеуметтiк қамтамасыз ету мәселесi бойынша — 18 өтiнiш, жер ауыл шаруашлық мәселесi бойынша — 78, тұрғын үй коммуналдық — 52, құрылыс мәселесi бойынша — 6, қаражаттандыру мәселесi бойынша — 9, бiлiм — 1, төтенше жағдай — 4, әр-түрлi — 16 өтiнiш келiп түскенiн көрсеттi.

Шал ақын ауданының әкiмiмен азаматтарды жеке қабылдауында 43 адам қабылданды. Аудан әкiмiнiң орынбасары Ж.Т. Оспановпен 9 адам, Б.Қ. Шакеновпен — 8 және аудан әкiмiнiң аппарат басшысымен 3 адам қабылданған.

184 өтiнiш iшiнде 3 шағым: мектеп гимназияның от жағушысы А.А. Алестратенкодан мектеп гимназияның күзетшiсi К.Б. Успановқа қатысты және Е.Ш. Кузганбаевтан «Алпысов» және «Казэкспортбидай» ШҚ жер мәселесi бойынша. Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң аппаратынан 4 — өтiнiш келiп түстi: А.Р. Бекеновтен (Шал ақын ауданы әкiмiнiң лауазымды тұлғаларына қатысты шағым); Кеңес ауылының тұрғыны Т.А. Исахметовтен (жылқыларды алу үшiн алынған несиенi жабу бойынша қолдау көрсету туралы); ұжымдық өтiнiш А.С. Кенжалиннен (жылқылардың жоғалу төлемiн қайтару және несиенi жабуға қолдау көрсету туралы); ұжымдық өтiнiш Қазақстан Республикасының жазушылар Одағынан (Ж. Нуркановтың туған күнiн мерекелеу бойынша қолдау көрсету туралы) (2016 ж. — 3)

Аудан әкiмiнiң аппаратына 23 ұжымдық өтiнiш келiп түстi (2016 ж. — 6), 2016 жылмен салыстырғандап 17 өтiнiшке көбейдi.

37 өтiнiш оң шешiмiн тапты, 96 өтiнiшке түсiнiктемелер берiлдi және 51 өтiнiшке жеке қабылдау барысында түсiнiктемелер берiлдi.

2017 жылғы 9 айы үшiн азаматтардың өтiнiштерi бойынша талдауы

Есептiк кезеңде аудан әкiмiнiң аппаратына азаматтардың 139 өтiнiшi келiп түстi, 2016 жылдың осы кезеңiнде 176 өтiнiш келiп түстi, 37 өтiнiшке азайды. Олардың iшiнен жеке және заңды тұлғалардан 95 жазбаша өтiнiш (2016 ж. — 122), аудан әкiмiнiң виртуалды қабылдауына 0 (2016 жылы 0), электронды портал арқылы 1 (2016 жылы — 3), және жеке қабылдауда 43 өтiнiш (2016 жылы — 35)

Өтiнiштердiң талдауы 2017 жылдың 9 айындағы көп үлесi мына мәселелер бойынша келiп түскен: еңбек және жұмыспен қамту әлеуметтiк қамтамасыз ету мәселесi бойынша — 14 өтiнiш, жер ауыл шаруашлық мәселесi бойынша — 64, тұрғын үй коммуналдық — 38, құрылыс мәселесi бойынша — 3, қаражаттандыру мәселесi бойынша — 9, бiлiм — 1, төтенше жағдай — 4, әр-түрлi — 6 өтiнiш келiп түскенiн көрсеттi.

Шал ақын ауданының әкiмiмен азаматтарды жеке қабылдауында 29 адам қабылданды. Аудан әкiмiнiң орынбасары Ж.Т. Оспановпен 4 адам, Б.Қ. Шакеновпен — 8 және аудан әкiмiнiң аппарат басшысымен 2 адам қабылданған.

139 өтiнiш iшiнде 3 шағым: мектеп гимназияның от жағушысы А.А. Алестратенкодан мектеп гимназияның күзетшiсi К.Б. Успановқа қатысты және Е.Ш. Кузганбаевтан «Алпысов» және «Казэкспортбидай» ШҚ жер мәселесi бойынша. Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң аппаратынан 1 — өтiнiш келiп түстi: А.Р. Бекеновтен (Шал ақын ауданы әкiмiнiң лауазымды тұлғаларына қатысты шағым); (2016 ж. — 3)

Аудан әкiмiнiң аппаратына 17 ұжымдық өтiнiш келiп түстi (2016 ж. — 6), 2016 жылмен салыстырғандап 11 өтiнiшке көбейдi.

26 өтiнiш оң шешiмiн тапты, 82 өтiнiшке түсiнiктемелер берiлдi және 31 өтiнiшке жеке қабылдау барысында түсiнiктемелер берiлдi.

2017 жылдың 1-шi жартыжылдығының өтiнiштерi бойынша талдау

Есептiк кезеңде аудан әкiмiнiң аппаратына азаматтардың 92 өтiнiшi келiп түстi, 2016 жылдың осы кезеңiнде 120 өтiнiш келiп түстi, 28 өтiнiшке азайды. Олардың iшiнен жеке және заңды тұлғалардан 58 жазбаша өтiнiш (2016 жылы — 74), аудан әкiмiнiң виртуалды қабылдауында 0 (2016 жылы 0), электронды портал арқылы 1 (2016 жылы — 3), және жеке қабылдауда 33 өтiнiш (2016 жылы — 27)

Өтiнiштердiң талдауы 2017 жылдың 1-шi жартыжылдығында көп үлесi мына мәселелер бойынша келiп түскен: еңбек және жұмыспен қамту әлеуметтiк қамтамасыз ету мәселесi бойынша — 4 өтiнiш, жер ауыл шаруашлық мәселесi бойынша — 51, тұрғын үй коммуналдық — 17, құрылыс мәселесi бойынша — 1, қаражаттандыру мәселесi бойынша — 9, бiлiм — 1, төтенше жағдай — 4, әр-түрлi — 5 өтiнiш келiп түскенiн көрсеттi.

Шал ақын ауданының әкiмiмен азаматтарды жеке қабылдауында 19 адам қабылданды. Аудан әкiмiнiң орынбасары Ж.Т. Оспановпен 4 адам, Б.Қ. Шакеновпен — 9 және аудан әкiмiнiң аппарат басшысымен 2 адам қабылданған.

92 өтiнiш iшiнде 3 шағым: мектеп гимназияның от жағушысы А.А. Алестратенкодан мектеп гимназияның күзетшiсi К.Б. Успановқа қатысты және Е.Ш. Кузганбаевтан «Алпысов» және «Казэкспортбидай» ШҚ жер мәселесi бойынша. 1 өтiнiш Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң аппаратынан А.Р. Бекеновтен (Шал ақын ауданы әкiмiнiң лауазымды тұлғаларына қатысты шағым)

Аудан әкiмiнiң аппаратына 13 ұжымдық өтiнiш келiп түстi (2016 ж. — 1), 2016 жылмен салыстырғандап 12 өтiнiшке көбейдi.

19 өтiнiш оң шешiмiн тапты, 57 өтiнiшке түсiнiктемелер берiлдi және 16 өтiнiшке жеке қабылдау барысында түсiнiктемелер берiлдi.

2017 жылдың 1 тоқсан ауданның жергiлiктi атқарушы органдарымен жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарастыру тәртiбiнiң сақталуы туралы ақпарат

Аудан

2017 жылдың 1 тоқсан жергiлiктi атқарушы органдарына 131 өтiнiш түстi: 117 жеке тұлғалардан, 14 заңды тұлғалардан. Өткен жылдың осы кезеңмен салыстыру кезiнде 96 өтiнiшке азайғаны байқалады: жеке тұлғалардан 84-ке, заңды тұлғалардан 12-ге.

Аудан әкiмi аппараты

Есептiк кезеңде аудан әкiмiнiң аппаратына азаматтардың 49 өтiнiшi келiп түстi, 2016 жылдың осы кезеңiнде 51 өтiнiш келiп түстi, 3 өтiнiшке азайды. Олардың iшiнен жеке және заңды тұлғалардан 34 жазбаша өтiнiш (2016 ж. — 40), аудан әкiмiнiң виртуалды қабылдауы арқылы 1 (2016 ж. — 3), және жеке қабылдауда 14 өтiнiш (2016 ж. — 9).

Келiп түскен өтiнiштердiң талдауы 2017 жылдың 1 тоқсан көп үлесi еңбек және жұмыспен қамту әлеуметтiк қамтамасыз ету жалпы сұрақтары бойынша 7, жер пайдалану және агроөнеркәсiп кешенi — 22, тұрғын үй коммуналдық және жол шаруашылығы — 12, денсаулық сақтау — 1, әр түрлi — 6 өтiнiш келiп түскенiн көрсеттi.

Шал ақын ауданның әкiмiмен азаматтарды жеке қабылдауында 4 адам қабылданды. Аудан әкiмiнiң орынбасарларымен Ж.Т. Оспановпен 4 адам қабылданды, Б.Қ. Шәкеновпен — 6 және аудан әкiмiнiң аппарат басшысымен 1 адам қабылданған.

48 өтiнiш iшiнде 1 шағым (А.А. Алестратенко мектеп-гимназия менгерушiсi жөнiнде). Оның iшiнде Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң аппаратынан 1 (2016ж. — 3) өтiнiш келiп түстi.

Аудан әкiмiнiң аппаратына 4 (2016 ж. — 0 өтiнiш) ұжымдық өтiнiштер келiп түстi, 2016 жылдың осы кезеңмен салыстырғанда 4 өтiнiшке көбейдi.

12 өтiнiш оң шешiмiн тапты, 19 өтiнiшке түсiнiктемелер берiлдi.

2016 жылдың 9 ай ауданның жергiлiктi атқарушы органдарымен жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарастыру тәртiбiнiң сақталуы туралы ақпарат

Аудан

2016 жылдың 9 айында жергiлiктi атқарушы органдарына 698 өтiнiш түстi: 620 жеке тұлғалардан, 78 заңды тұлғалардан. Өткен жылдың осы кезеңiмен салыстырғанда 294 өтiнiшке азайғаны байқалады: жеке тұлғалардан 285-ке, заңды тұлғалардан 9-ға.

Аудан әкiмi аппараты

Есептiк кезеңде аудан әкiмiнiң аппаратына азаматтардың 240 өтiнiшi келiп түстi, 2015 жылдың осы кезеңiнде 177 өтiнiш келiп түстi, 137 өтiнiшке азайды. Олардың iшiнен жеке және заңды тұлғалардан 131 жазбаша өтiнiш (2014 ж.-129), аудан әкiмiнiң виртуалды қабылдауына 11 (2014 ж.-8), және жеке қабылдауда 35өтiнiш (2015 ж.-51)

Келiп түскен өтiнiштердiң талдауы 2015 жылдың 9 айында көп үлесi еңбек және жұмыспен қамту әлеуметтiк қамтамасыз ету жалпы сұрақтары бойынша 39, жер пайдалану және агроөнеркәсiп кешенi — 58, тұрғын үй коммуналдық және жол шаруашылығы — 28, денсаулық сақтау — 2, ғимараттарды қайта құру — 12, әр түрлi — 38 өтiнiш келiп түскенiн көрсеттi.

Шал ақын ауданның әкiмiмен азаматтарды жеке қабылдауында 24 адам қабылданды. Аудан әкiмiнiң орынбасарларымен Е.А.Исинмен 3 адам қабылданды, Н.Қ. Таласбаевпен -1, Б.Қ. Шәкеновпен — 4 және аудан әкiмiнiң аппарат басшысымен 4 адам қабылданған.

177 өтiнiш iшiнде 2 шағым (Ю. Саламановтан абаттандыру бойынша, А. Сақтановадан денсаулық сақтау бойынша). Оның iшiнде Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң аппаратынан 4 (2015ж.- 19) өтiнiш келiп түстi.

Аудан әкiмiнiң аппаратына 4 (2015 ж. –17 өтiнiш) ұжымдық өтiнiштер келiп түстi, 2015 жылдың осы кезеңмен салыстырғанда 13 өтiнiшке азайды.

56 өтiнiш оң шешiмiн тапты, 110 өтiнiшке түсiнiктемелер берiлдi.

  1. 2016 жылдың 1 тоқсанында жергiлiктi атқарушы органдарымен жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарастыру тәртiбiнiң сақталуы туралы ақпарат
  2. 2015 жыл Шал ақын ауданның жергiлiктi атқарушы органдарымен жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарастыру тәртiбiнiң сақталуы туралы ақпарат
  3. 2015 жылдың 9 ай аудан әкiмi аппаратының жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарастыру тәртiбiнiң сақталуы туралы ақпарат
  4. 2015 жылдың 1 жартыжылдық аудан әкiмi аппаратының жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарастыру тәртiбiнiң сақталуы туралы ақпарат
  5. 2015 жылдың 1 тоқсанында ауданның жергiлiктi атқарушы органдарымен жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарастыру тәртiбiнiң сақталуы туралы ақпарат
  6. 2014 жылдың iшiнде жеке және заңды тұлғалардан түскен өтiнiштер туралы ақпарат
  7. 2014 жыл Шал ақын ауданы әкiмi аппаратында жазбаша өтiнiштердi қарастыру мен азаматтарды қабылдау нәтижелерi туралы ақпарат
  8. 2014 жылдың 9 ай бойынша Шал ақын ауданының жергiлiктi атқарушы органдарға түскен өтiнiштер бойынша аналитикалық ақпарат
  9. 2014 жылдың1 жартыжылдығыда Шал ақын ауданы әкімі аппаратында жазбаша өтініштерді қарастыру мен азаматтарды қабылдау нәтижелері туралы ақпарат
  10. 2014 жылдың 1 тоқсанына Шал ақын ауданының мемлекеттік органдарында, оның ішінде Шал ақын ауданы әкімі аппаратында жазбаша өтініштерді қарастыру мен азаматтарды қабылдау нәтижелері туралы ақпарат
  11. Жергілікті атқарушы органдарда және Шал ақын ауданы әкімі аппаратында 2013 жылдың қортындысы бойынша жазбаша өтініштерді қарастыру мен азаматтарды қабылдау нәтижелері туралы ақпарат
  12. 2013 жылдың 9 айы ішінде жергілікті атқарушы органдарда және Шал ақын ауданы әкімі аппаратында жазбаша өтініштерді қарастыру мен азаматтарды қабылдау нәтижелері туралы ақпарат
  13. 2013 жылдың 1 жартыжылдығына Шал ақын ауданы әкімі аппаратында жазбаша өтініштерді қарастыру мен азаматтарды қабылдау нәтижелері туралы ақпарат
  14. 2013 жылы 1 тоқсандағы Шал ақын ауданы әкімі аппаратында жазбаша өтініштерді қарастыру мен азаматтарды қабылдау нәтижелері туралы шолу (барлау)
  15. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне шолу
  16. Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы

Мақаланың шыққан күні: 20.11.2017 09:50

Парақтағы соңғы өзгерістер: 16.08.2019 11:56

СҚО Шал ақын ауданы әкiмi
Нұрлан Орынбасарұлы Есiмов

Промышленная Революция 4.0

Қараша 2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  
Подать резюме

ҚР Әділет министрлігі

Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады.

Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстана egov.kz Ассамблея народа Казахстана Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области IPO ДКБ2020 Алтын сапа Әділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіАстана — Ұлы дала елордасы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest»

@2019 Солтүстік Қазақстан облысының Шал ақын ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

A- A A+