Ресми интернет-ресурсы:
Толық атауы: Солтүстiк Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкiмдiгiнiң «Солтүстiк Қазақстан облысы Шал ақын ауданының ветеринария бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң «Ветеринарлық станциясы» шаруашылық жүргiзу құқығымен мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорны
Мекенжай: 151300 СҚО Шал ақын ауданы Сергеевка қ. Крымская 2, А
Электронды поштаның мекенжайы: Vet.stancia.shal@mail.ru
Телефон/факс: +7 71534 2-12-86
Сенiм телефоны:
Басшылық
Директор — Жанат Қабажанұлы Әмiржанов
1969 жылы 12 маусым Солтүстiк Қазақстан облысы Сергеев ауданы, Ольгинка селосында. дүниеге келдi. Бiлiмi — жоғары, 2010 жылы заң бакалавры мамандығы бойынша СҚО Петропавл қаласындағы Қазақстан-Ресей университетiн аяқтады.
Өзiнiң жұмыс тәжiрибесi кезеңiнде келесi мiндеттердi атқарды: Сергеев ауданы В.Быковский атындағы совхозда бас мал дәрiгерi, Тимиряз ауданында Ишимский совхозында бас мал дәрiгерi, Тимиряз ауданында Ишимский селолық округiнiң әкiмi, Шал ақын ауданының Ступинка селолық округiнiң әкiмi.
Отбасылық жағдайы: үйленген, 3 бала тәрбиелеуде.
2015 жылғы 7 мамырдағы №3 Ауыл шаруашылық және ветеринария бөлiмiнiң бұйрығымен Солтүстiк Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкiмдiгiнiң «Солтүстiк Қазақстан облысы Шал ақын ауданының ауылшаруашылық және ветеринария бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң «Ветеринарлық станциясы» шаруашылық жүргiзу құқығымен мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорнының директоры болып тағайындалды.
Телефон: +7 71534 2-12-86
Азаматтарды қабылдау:
Кәсiпорын келесi қызметтiң түрiн iске асырады:
- лайықты әкiмшiлiк- территориялық бiрлiк аумақтарына жануарлардың аса қауiптi, жұқпалы емес және энзооотикалық ауруларына қарсы ветеринарлық iс-шараларды жүргiзу;
- ауыл шаруашылығы жануарларың бiрдейлендiрудi жүргiзу;
- жануарларды қолдан ұрықтандыру бойынша қызметтердi жүргiзу;
- жануарлардың аса қауiптi және энзооотикалық ауруларына қарсы ветеринарлық препараттарды сақтау, жеткiзу, сонымен қатар ауыл шаруашылығы жануарларың бiрдейлендiрудi жүргiзу үшiн ветеринарлық қажетiне атрибуттарды және бұйымдарды жеткiзу бойынша қызмет көрсету;
- ауданның жергiлiктi атқарушы органдарымен құрылған мал қорымдары (биотермиялық шұңқырлар), мал сою алаңдарын күту;
- қаңғыма иттер мен мысықтарды аулау және жою;
- дезинфекция, дезинсекция және дератизация бойынша қызмет көрсету;
- ветеринариялық есеп пен есептiлiк жүргiзу, ұсыну;
- ветеринариялық аңыктама беру;
- ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру бойынша дереккор жүргiзу және одан үзiндi көшiрмелер беру;
- биологиялық материалдан сынама алу және оларды ветеринариялық зертханаға жеткiзу;
- ауру жануарларды санитариялық союға тасымалдау бойынша қызмет көрсету;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына қарсы емес басқа да жұмыс түрлерi мен қызметтердi iске асыру.
Мақаланың шыққан күні: 20.11.2017 15:20
Парақтағы соңғы өзгерістер: 11.12.2017 15:57