Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 
Қоғам || Жастар саясаты

Жастар саясаты

Жастар бастамалары Орталығының жұмысы туралы

Сергеевка қаласында «Нұр Отан» партиясының ғимаратында Жастар бастамаларының орталығы ашылды. Ендi Шал ақын жастарында өзiнiң маңызды мәселелерiн шешу үшiн бiр-бiрiмен кездесiп, әңгiмелесетiн орын бар.

Жастар бастамаларының орталығы кездейсоқ ашылған жоқ. Бiрiншiден, бұл жас адамдарға әр түрлi бағыттар бойынша кеңес беретiн және оларға қажет көмек көрсететiн әлеуметтiк қызмет болып табылады. Екiншiден, бұл барлық деңгейде (орталық, облыстық, қалалық, аудандық) жастар үшiн ресурстық орталықтарды құруды қарастырартын 2020 жылға дейiнгi Мемлекеттiк жастар саясатының концепциясында қойылған тапсырмаларды iске асырудың қолайлы тәсiлi.

Жастар бастамалары орталығының негiзгi мәнi жастарға және жастар бiрлестiктерiне келесi бағыттар бойынша тегiн ресурстарды ұсыну және көмек көрсету болып табылады:

  • психологиялық-педагогикалық көмек көрсету;
  • құқықтық қорғау және заңгерлiк кеңес беру;
  • ақпараттық-кеңестiк және әдiскерлiк көмек көрсету;
  • оқыту қызметтерi және iс-шараларды өткiзу бойынша қызметтер көрсету;
  • жастар бастамаларын қолдау.

Және де, жастар арасында қылмыстықты, жұмыссыздықты алдын алу және басқа да әлеуметтiк мәселелер бойынша Орталықпен әлеуметтiк зерттеулердiөткiзу жоспарлануда. Жұмысқа ораналастыру және басқа да әлеуметтiк мәселелер бойынша жастар ортасында ақпараттық-түсiндiру жұмыстары өткiзiлiп, қиын өмiрлiк жағдайдағы жас адамдарға кеңестiк қызметтер көрсетiлiп жатыр. Нәтижесiнде, жас адамдарды ауданның қоғамдық өмiрiне қатыстыру болып табылады.

Шолпан Құсаинова,Шолпан Құсаинова, орталық директорының м.а.: Орталықтың мақсаты мемлекеттiк және аймақтық жастар саясатының негiзгi бағыттарын жүзеге асыру болып табылады, оның iшiнде, жастар бастамаларын дамыту және қолдау үшiн жағдай жасау; жастар ортасындағы бейәлеуметтiк жағдайды алдын алу; жас отбасыларды, жас кәсiпкерлердi, әлеуметтiк осал санаттағы жастарды және студенттердi қолдау механизмiн қалыптастыру.

Бұрын бiздiң қалада жастар өз мәселелерiмен, бастамаларымен барып кеңес алатын жер болған жоқ. Әсiресе ауыл жастарында шешiлмеген түйiндi мәселелер көп. Олардың ең маңыздысы — жұмыссыздық. Орталықтың мамандары жұмыс берушiлермен белсендi келiссөздер өткiзiп, жалпы бос орындар базасын жасау жоспарлануда. Жастар бастамалары орталығында тек жұмысқа орналасу мүмкiншiлiгi ғана емес, әр түрлi бағыттар бойынша кеңестер алуға, жастармен әңгiмелесуге, iс-шаралар өткiзуге және т.б. мүкiншiлiктер бар. Және бұның бәрi тегiн.

Осы жағдайды пайдаланып, менiң аудан жастарына айтарым, креативтi, позитивтi және идеяларға толы жас адамдар бiздiң Жастар бастамаларының орталығына хабарласыңыздар. Бiрге бiздiң ауданның жастар өмiрiн маңызды және қызықты жасайық!

Телефон:8 705 576 15 92
e-mail: azk1989@mail.ru, cmi.shalakyn@mail.ru

23.06.2017 14:33

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ
Бос орындар
Алдағы оқиғалардың ресми күнтізбесі

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
   Яндекс.Метрика