Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 
Экономика || Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

2017 жыл 10. 07 Шал ақын ауданы бойынша кезекте тұрған адамдардың тiзiмi

Шал ақын ауданы бойынша кезекте тұрған адамдардың тiзiмi

26.01.2016

Сумен қамтамасыз ету

Қауiпсiз таза сумен қамтылған халық санының өсiмi 102% құрайды. Ауданда тасымалды су немесе ашық су көздерiн пайдаланатын елдi мекен жоқ.

Орталықтандыру су жүйесi арқылы «Есiл су» РМК Ишим басқармасы 5 елдi мекендi қамтамасыз етедi. 39 елдi мекенде жер асты су көзiмен қамтылатын 39 қоғамдық құдық, 14 тереңдi су көтергiштер, 9 локальды көздерi бар. Осы сумен қамту нысандары санитарлық нормаларға сәйкес келедi.

2015 жылы «Сумен қамту және сутарту жүйесiнiң қызметi» бағдарламасы бойынша аудандық бюджеттен 2,2 млн.теңге бөлiндi. Су және канализация жүйесiне көп қабатты 6 үй қосылды.

Ауданның локалды су көзiне үнемi тексерiс өткiзiлiп, ауыз суы сапасы бақыланады.

Сергеевка қаласында 2015 жылы 45 үй мен 3 мекеме су жүйесi торабына қосылды. Сонымен қатар, сумен қамту жүйелерiнiң ақауларын шектету мен ағымдағы жөндеу жұмыстары уақытылы өткiзiлгендiктен Сергеевка қаласы бойынша судың ысырабы 8,3% дейiн азайды.

2015 жылы баламасыз сумен қамту көзедрiн пайдалану үшiн субсидия құны 10,3 млн.теңгенi құрады.

Жолдар

Аудан жолдарының 82% қанағаттанарлық. Аудандық бюджет есебiнен аудандық маңызды жолдардың ағымдағы жөндеу жұмыстары мен оларға қызмет көрсетуiне 29,9 млн. теңге бөлiндi, яғни 2014 жылмен салыстырғанда қаржыландыру 5 есеге (6,4 млн. теңге) көбейдi. (20 млн. теңге — Сергеевка қ. көшелерiн жөндеу, 9,9 млн. теңге аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының ағымды жөндеуi мен жолдарды күтiп ұстауына).

Өңiрлерi дамыту бағдарламасы аясында ауылдық округтарға елдi мекендердiң жолдарын тегiстеп ағымдағы жұмыстарды жүргiзуге 5,8 млн. теңге бөлiндi.

2016 жылы аудандық маңызды жолдарды жөндеуге 59,1 млн теңге бөлiндi (облыстық бюджет есебiнен), соның Сергеевка қаласы жолдары үшiн 15,6 млн теңге, Семиполка-Балуан жолдарын орташа жөндеуге 27,4 млн. теңге, Жаңаталап, Кеңес, Бiрлiк ауылдырының кiре берiстерiне орташа жөндеу жұмыстарына 16,1 млн. теңге.

Жолаушылар көлiгi

Аудан аумағында 19 қалааралық автобус маршруты өтедi, соның iшiнде 7 облыс iшi бойынша, 10 облыс iшiмен өтетiн және 2 облыс аралық маршруттар. Аудан аралық маршртуттарда 8 елдi мекендi қамтитын 3 автобус қызмет көрсетедi. Барлығы 43 елдi мекеннiң 39 немесе 91% автобус қызметiмен қамтылған. Аудан халқына көлiк қызметiн көрсету үшiн 35 жеке кәсiпкер тiркелген. Жыл сайын жергiлiктi бюджет есiбiнен «Қаратал-Сергеевка-Ақанбарақ» маршруты 642 мың теңгеге қаржыландырылады. Сергеевка бойынша билет құны 35 теңге, Қаратал-Ақанбарақ — 70 теңге.

2015 жылы аудандық бюджеттен субсидиялау арқылы Сергеевка қаласы бойынша жаңа маршрут ашуға қосымша 653 мың теңге сомасында қаржы бөлiндi.

Көшелердi жарықтандыру

Аудан орталығы Сергеевка қаласының 7 көшесi немесе 8,5 км жарықпен қамтылған.

2015 жылы Сергеевка қаласы көшелерiн жарықтандыру үшiн 2,5 млн. теңге сомасында құрылғы сатып алынды, Первомай, Ахметбеков, Гончар, С. Мұқанов көшелерiнде жарық орнатылды, қосымша 66 жарық шамын орнату жоспарланған.

2015 жылы электр тарату үшiн 5,1 млн. теңге бөлiндi.

Елдi мекендердi абаттандыру және санитарлық тазарту

«Елдi мекендердi санитариялық қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша «Айдын-Север» ЖШС және «С.М. Мукатаев» ЖК он күн сайын Сергеевка қаласының 9 контейнерiн тазалау бойынша жұмыс жүргiзедi.

Өткiзiлген тендерге сәйкес, Сергеевка қаласы бойынша 640 мың теңгеге 56 жол белгiлерi орнатылды.

2015 жылы Победа саябағы 6,9 млн. теңгеге күрделi жөндеуден өткiзiлдi.

Абаттандыру бағдарламасы бойынша аудандық бюджеттен 5,8 млн теңге ақшалай қаражат бөлiндi.

2,1 млн. теңгеге Ыбыраев көшесi бойына 700 метр бетондық қоршаулар орнатылды. 4 су бұрқағы орнатылып және Сергеевка қаласының орталық алаңы абаттандырылды.

Бөлiм басшысының м.а.
Г. Шпистер

28.07.2017 11:33

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ
Бос орындар
Алдағы оқиғалардың ресми күнтізбесі

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
   Яндекс.Метрика