Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 
Қоғам || Терроризмге қарсы комиссиясының жұмысы

Терроризмге қарсы комиссиясының жұмысы

2017 жылғы 13 наурызда аудан әкімі Е. Сағдиевтің төрағалығымен Шал ақын ауданы әкімі аппаратының отырыс залында терроризмге қарсы комиссия мүшелерінің кезекті отырысы өтті. Отырыста мына сұрақтар қаралды: терроризмнің және діни экстремизмнің алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру тобы қызметінің проблемалары туралы, аталмыш мәселе бойынша ішкі саясат бөлімінің басшысы сөз сөйлеп, қазіргі проблемалар туралы айтты. Аталмыш мәселе бойынша хаттамалық тапсырмалар берілді.

Екінші сұрақ бойынша аудан әкімі аппаратының басшысы Қ. Сәрсенбаев сөз сөйлеп, мемлекеттік органдармен Шал ақын ауданының терроризмге қарсы комиссиясының ақпараттық қажеттіліктер тізбесін орындау бойынша жұмыс жағдайын талдау жөнінде айтып өтті. Ақпараттық қажеттілік тізбесі аясында ақпарат ұсынбаған мемлекеттік органдардың басшыларын тыңдау. Төтенше жағдайларда әрекет ету жасақтары үшін ЖҚҚ құралдарын алу, сондай-ақ қауіпсіздікті орнату мақсатында УТО нысандарына қатысты ауданның қалған 4 мектебіне бейне бақылау камераларын орнату сұрақтары қаралды.

Террористік қатынасқа осал нысандарды терроризмге қарсы қорғауды арттыру шаралары туралы. АІІБ УТО нысандарына 2016 жылы жүргізген нәтижесі, сондай-ақ 2017 жылға жоспарланған іс-шаралары туралы есебі тыңдалды.

Аппарат басшысы Қ. Сәрсенбаевпен ТҚК-ның алдыңғы отырыстарында қабылданған шешімдерді жүзеге асыру барысы туралы мәселе қаралды. Терроризмге қарсы комиссияның қызметін ұйымдастыру және оны жетілдіру бойынша іс-шаралар жағдайы туралы. Алдыңғы отырыстарда берілген хаттамалық шешімдердің орындалуы туралы білім беру бөлімі басшысының баяндамасы тыңдалды. Олардың ақпараты бойынша Сергеевка қ. мектептері ғимараттарының сыртына жарық өткізілген. Қалған 4 мектепке бейне бақылау камераларын алу және орнату ү.ж. сәуір айына жоспарланған.

Бесінші сұрақ бойынша төтенше жағдайларда әрекет ету жасағының көшбасшысы сөз сөйлеп, көктемгі су тасқыны салдарын азайту және жоюды төмендету бойынша жағдайды жеткізді, ауданда 74 адамнан тұратын жеке құрам мен 38 бірлік техникадан тұратын ӘЕЖ құрылған, әрбір ауылдық округте 50 адам мен 129 бірлік техникадан тұратын жедел топтар құрылған. Ү.ж. 10 наурызында Республикалық командалық-штаб оқуы аясында ТЖ-дың әзірлігіне төтенше жағдайларда әрекет ету жасағы құрылды.

Шал ақын ауданы ТҚК комиссиясы төрағасымен отырыс барысында ТҚК аппаратының тұрақты бақылауында тұрған бірқатар хаттамалық шешімдер берілді.

 

7 наурыз күні Шал ақын ауданы әкімінің аппарат отырысы залында ТҚК аппарат отырысы өтті. Күн тәртібінің сұрағы: «Терроризмге қарсы комиссияның ақпараттық қажеттіліктерінің Тізбесі аясында түскен ақпарат туралы. Аудан аумағында «Синий кит» ойынына қатысуды және тобына енуді болдырмау мақсатында оқушылардың ата-аналарымен және оқушылармен профилактикалық іс-шаралар өткізу туралы».

Бірінші сұрақ бойынша ақпараттық тұтынушылық тізбесі аясында түскен ақпарат қаралды, проблемалар бойынша бірқатар хаттамалық тапсырмалар қабылданды.

Аудан аумағында «Синий кит» ойынына қатысуды және тобына енуді болдырмау мақсатында оқушылардың ата-аналарымен және оқушылармен профилактикалық іс-шаралар мәселесі бойынша білім бөлімінің басшысы Қ.А. Жанғожинов сөз алып, білім бөлімен жасалып жатқан алдын алу жұмыстарына тоқталды. Алдын алу аясында мектепішілік ата-аналар жиналыстары өткізілді, «Синий кит», «Тихий дом», «Беги или умри» топтарына балалардың енуін және қатысуларын болдырмау бойынша ата-аналармен профилактикалық іс-шаралар талқыланды. Ата-аналарға жасөспірімдер мен ата-ана арасындағы және отбасында балалармен қарым-қатынасты қалыптастыру бойынша жасөспірімдердің бос уақытына ата-аналық бақылауды жүзеге асыру жөнінде ұсынымдар берілді.

Аталмыш мәселе бойынша білім бөлімінің басшысына аудан мектептерінде профилактикалық іс-шаралар өткізу жөнінде бірқатар тапсырмалар берілді.

Хаттамалық тапсырманың орындалуы тұрақты бақылауда болады.

2017 жылдың қаңтар, ақпан айлары бойынша Шал ақын ауданындағы кiтапханалардың террористiк және дiни экстремистiк көрiнiстерге қарсы күрес бойынша жүргiзiлгiлген iс-шаралары туралы ақпарат

Жетекшi бағыттарының бiрi, террористiк және экстремистiк көрiнiстердiң қоғамдық ортада алдын алу сияқты болдырмау шаралары жүргiзiледi. Алдын-алу шараларын жастар арасында өткiзуi маңызды, себебi олар әр түрлi жағдайларға байланысты өте осал болады. Сондықтан жастар әр түрлi қоғамнан тыс және қылмыстық ұйымдарының жаман әсерiнiң ықпалына түседi.

Аудандық кiтапханада осындай тақырыптарда тұрғындар үшiн мынадай жадынамалар дайындалды: «Терроризм актiлерi туралы ескерту», «Күдiктi тұлғаларды тауып алғанда» және «Күдiктi нәрселердi тауып алғанда».



Экстремизм мен терроризмнiң алдын алу мақсатында және де төзiмдi сананы орнықтыру үшiн жас-өспiрiмдерге, 11-қаңтар күнi балалар кiтапханасында Е.А. Бөкетов атындағы мектеп-гимназиясының 8 «б» оқушылары қатысқан, «Дiндiк экстремиз-қауiптi құбылыс» атты мағлұмат өткiзiлдi. Iс-шараға аудандық орталық ауруханасының психолог маманы Аканова Ж.М., сынып жетекшiсi Кротова Е.М. шақырылды. Кiтапханашы Золотарева Ю.Н. оқушыларды «терроризм» және «дiндiк экстремизм» түсiнiгiмен таныстырды және терроризмнiн ҚР өсуi туралы түсiндiрдi. Iс-шара барысында «Терроризм және дiни экстремизм-қауiптi» атты фильм көрсетiлдi. Психолог маманы Ж.М. Аканова бiрнеше кеңестер бердi, мысалға террорға қарсы көзқарас орнықтыру, әр түрлi жағдайларда әрекет ету және де жаман ұйымдардың қарамағына түспеу жайлы. Iс-шаранын аяғында сынып жетекшiсi Е.М. Кротова осындай шаралардың маңыздылығы жайлы және оқушылардың бiлiктiлiгiн артыру мақсатында, бұл шараның жақсы жақтарын айтты. Iс-шара барысында «Терроризм–балалық шаққа қауiптi» көрмесi өткiзiлдi.Осы шараға 15 адам қатысты.

Ақпараттық терроризмге қарсы және жасөспiрiмдер арасындағы белсендi азаматтық позицияны қалыптастыру мақсаттарымен, 3 ақпан күнi Балуан ауылдық кiтапханасында 7, 8, 9 сынып оқушылары үшiн «Өмiрдiң қауiптi қырлары және оларды жеңу жолдары» аты ескерту кешi өткiзiлдi. Кiтапханашы Р.С. Тортулова терроризмнiң мағынасын ашты және қатысушыларға терроризмге төтеп беру тәсiлдерi туралы айтты. Сонымен қатар террористiк әрекеттер үшiн жазалау шаралары туралы, бiздiң елiмiздiн аумағындағы осы құбалысқа карсы арнайы қызмет орындарының жұмыстары туралы хабарлады. Қатысушылар көбiнесе жастар бөтен және қоғам үшiн өте қауiптi идеологиясының өткiзгiштерi болатыны екенiң түсiндi. Мектеп психологы Г.Е. Касенова мынандай ақпараттармен таныстырды: қаскүнемдер өзiн қалай ұстайды және теракт кезiңде не iстеу қажет туралы. Мектеп кiтапханашысы А.А. Қоныспаева тағы бiр мәрте Қазақстанда соңғы уақыт iшiндегi террактилер жайлы еске түсiрдi және «Күдiктi тұлғаларды тауып алғанда не iстеу қажет» туралы жадынамасын оқыды. Iс-шара соңында «Қазақстандағы терроризм: өткенi,болашағы, қазiргi шағы» бейне фильмi көрсетiлдi. Осы шараға 13 адам қатысты.

9 ақпан күнi Ақсу ауылдық кiтапханасында «Терроризм бұл қоғамға төнген қауiп» жеке пiкiр сағатын кiтапханашы өткiздi. Iс-шараға орта және жоғарғы сынып оқушылары, имам А. Жылқайдаров және мектеп мұғалiмдерi қатысты. Iс-шара барысында әрбiр қатысушы осы сұрақ бойынша өзiнiң пiкiрiн айта алды. Сонымен қатар қалай лаңкестiң құрбаны болмау, азаматтық қырағылық ол не?, жарылғыш заттарды тауып алғанда не iстеу қажет, күдiктi адамдар мен заттар туралы қайда хабарлауға болады, қандай жауапкершiлiк телефон бұзақылық үшiн, яғни лаңкестiк қауiптiлiктi хабарлау туралы қандай жауапкершiлiк қарастырылғаны туралы айтылды. Имам ұлт аралық төзiмдiлiктi қалыптастыру туралы, халытар арасындағы ауыз бiршiлiк және достастық туралы айтты. Кiтапханашы қатысушыларды лаңкестiк ескертулердiң актiлерi ескертпесiмен таныстырды. «Терроризм — бұл қоғамға төнген қауiп» бейне фильмi көрсетiлдi. Осы шараға 17 адам қатысты.

Шал ақын ауданы әкiмдiгiнiң жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия отырысының хаттамасы Zip (9 Kb)

Шал ақын ауданы әкiмдiгiнiң жанындағы Құқық бұзушылық профилактикасы жөнiндегi ведомствоаралық комиссия отырысының хаттамасы Zip (14 Kb)

Шал ақын ауданы әкiмдiгiнiң жанындағы Құқық бұзушылық профилактикасы жөнiндегi ведомствоаралық комиссия отырысының хаттамасы Zip (11 Kb)

2016 жылдың 12 желтоқсанында аудан әкiмi Е.Б. Сағдиевтiң төрағалығымен Шал ақын ауданының террорлыққа қарсы комиссиясының кезектi отырысы өттi. Отырыста мына мәселелер қарастырылды: 2013-2017 жылдарға арналған терроризм және дiни экстремизмге қарсы күресi бойынша Мемлекеттiк бағдарламасын жүзеге асыру бойынша iс-шаралардың жоспарын орындауды iске асыру туралы бағыты бойынша iшкi саясат бөлiмiнiң, мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмiнiң, бiлiм бөлiмi, спорт және дене шынықтыру бөлiмдерiнiң басшылары баяндады. Осы бағыт бойынша жұмыс тұрақты бақылауда және мемлекеттiк органдармен Мемлекеттiк бағдарламаны жүзеге асыруға бағытталған күнделiктi жұмыстар өткiзiледi.

Күн тәртiбiндегi екiншi мәселе ақпараттық қажеттiлiктердiң тiзбесi аясындағы ұсынылған ақпараттар жөнiнде. ТҚК өткен отырысында берiлген хаттамалық тапсырмаларды орындау бойынша аудан әкiмiнiң аппарат басшысы Қ. Сәрсенбаев баяндады. Осы бағыт бойынша Шал ақын ауданының аумағында орналасқан ОТО объектiлеiрiн нығайтуға бағытталған бiр қатар хаттамалық шешiмдер келiп түстi.

2016 жылға және келесi жылға арналаған мiндеттер Солтүстiк Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкiмдiгiнiң жанындағы террорлыққа қарсы комиссиясының жұмыс қызметiнiң нәтижелерi туралы. 2017 жылға арналған ТҚК жұмыс жоспарын бекiту мәселесi бойынша аудан әкiмiнiң аппарат басшысы Қ. Сәрсенбаев баяндады. 2016 жыл бойынша ауданның террорлыққа қарсы комиссиясының жұмыс қорытындылары жасалды, комиссия төрағасы Е. Сағдиев терроризм және дiни экстремизмдi алдын алу бойынша және бағытталған профилактикаға Шал ақын ауданының ТҚК аппаратының және комиссияның қызметiн жетiлдiру бойынша бiр қатар ұсыныстар бердi. Сондай-ақ 2017 жылға арналған жұмыс жоспарының мәселелерi қарастырылды.

Террористiк актiлердi болдырмау жөнiндегi халыққа арналған жадынама

3 қараша күні Шал ақын ауданының Террорлыққа қарсы комиссиясы аппаратының кезекті отырысы өтті. Күн тәртібіне Қазақстан патриоттық жастарын қалыптастыру бойынша ЖБО қызметі,  елдімекендер бөлігінд 18 жастан 29 жасқа дейін  жастардың жұмыспен қамтылуы, Шал ақын ауданы Террорлыққа қарсы комиссиясының ақпараттық қажеттіліктері тізімінің аясындағы келіп түскен ақпараттар және ТҚК өткен отырысындағы тапсырмалардың орындалуы туралы мәселелер қарастырылды. ЖБО қызметі туралы баяндамасымендиректор м.а. Ш. Құсайынова айтып өтті. Қыркүйек айынан бастап орталықпен 2 негізгі бағыттар бойынша 5 іс-шара өткізілді: қазақстан қоғамдастығының негізгі рухани дәстүрін нығайту, этникааралық келісімдер үшін шарттарды құру және аймақтың қоғамдық-саяси және әлеуметтік экономикалық мәселелерін шешу бойынша мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен қабылданатын шаралар туралы тұрғындардың оң пікірін қалыптастыру. Атқарылған жұмыс аясында артық діни респонденттерді шығаруға мүмкіндік беретін әртүрлі тренингтер және сауалнамалар өткізілді. Сауалнама қортындысы бойынша мектеп қатысушылары дін туралы білетіндерін көрсетті және басқа конфессиялардың өкілдеріне құрметпен қарайды. Ауылдық округтер бөлігінде 18 жастан 29 жасқа дейін жастардың жұмыспен қамтылу туралы баяндамасын тындап, комиссия мүшелері келесі отырыста осы мәселені қайта қарастыру туралы шешімді қабылдады. Отырыс аясында ТҚК аппаратының мүшелеріне нақты тапсырмалар берілді.

«110 шұғыл желiсi»

Ақпарат және коммуникация министрлiгiмен террористiк актiлердi ұйымдастыру, қаржыландыру, дайындау және жоспарлау туралы, қару-жарақтарды тарту, дәстүрлi емес дiни қозғалыстардың түбегейлi жақтаушыларын оқыту, насихаттау фактiлерi бойынша, сондай-ақ дiни экстремизм мен терроризм идеологияларын тарату; азаматтардың байқалған

террористiк қызмет бойынша белгiлермен және фактiлер жөнiнде хабарламаны қабылдау үшiн үштаңбалық «110» нөмiрi бөлiндi.

Азаматтармен Қазақстанның кез келген нүктесiнен «110 шұғыл желiсiне» шығыс қоңырауды жүзеге асыруы кезiнде қоңыраулар аумақтық белгiсi бойынша ҰҚК Департаментiнiң кезекшi қызметтерiне түседi.

Терроризмге қарсы комиссиясының аппараты

Терроризм актiлерiн жасау (жасалған) қауiп-қатерлерi кезiнде халықтың өзiн-өзi ұстау қағидаттары

Ықтимал жағдайлар (сценарий) Іс-әрекеттер
1. Террористік актілерді жасау қауіп-қатерін телефон арқылы алу Хатшыға (диспетчерге, кезекшіге және с.с.):
1) анонимнің талаптарын анықтап алу және қауіп-қатердің сипаттары туралы ақпарат алу, мұқият тыңдау және барлық талаптарды сөзбе-сөз жазып алу;
2) қандай да болмасын бір оңтайлы себеппен қоңырауды қайталауға оның көзін жеткізуге тырысу;
3) сөйлесу кезінде сөйлесудің фонограммасын жазып алу мүмкіншіліктерін қарастыру;
4) оқиға туралы құқық қорғау органдарына «112» телефоны арқылы хабарлау.
2. Террористік актілерді жасау қауіп-қатерін жазбаша түрде алуда 1) хатты (жазбаша хат, дискет және т.б.) сақтауға және құқық қорғау органдарына шұғыл жеткізуге шара қабылдау;
2) мүмкіндігінше хатты (жазбаша хат, дискет және т.б.) полиэтиленді пакетке салу;
3) құжатта өз саусақтарының ізін қалдырмауға тырысу;
4) бәрін сақтау: құжаттың өзін, конвертті, қаптаманы, кез-келген салымдарды. Ештеңені лақтырмау;
5) хатты (жазбаша хатты және т.б.) алу немесе тауып алу белгілерін есте сақтау.
3. Жарылғыш қаупі бар затты тауып алу Табылған заттың жарылғыш қаупі болуы мүмкіндігін куәландыратын белгілер:
1) белгісіз түйіншектің немесе қандайда бір заттың машинада, сатыда, пәтерле және т.б. болуы;
2) тартылған сым, бау, қорек көздері немесе машинаның астынан шығып тұрған оқшаулау лентасы;
3) бөтен сөмке, портфель, қорап, қандай да бір зат; машинада, пәтер есігінің алдында, кіре берісте табылған заттардың өзгеше жатуы;
4) табылған күдікті заттан шыққан шулар (сағат механизмдеріне тән дыбыс, төмен жиілікті шулар).
Заттың сыртқы түрі оның нағыз мақсатын жасыруы мүмкін. Жарылғыш заттарға арналған камуфляж ретінде кәдімгі тұрмыстық заттар қолданылады: сөмкелер, пакеттер, түйіншектер, қораптар, ойыншықтар және т.б. Егер күдікті зат табылса, бұл фактіні назардан тыс қалдырмау керек:
  • көршілеріңізден сұраңыз, мүмкін, ол солардікі болар. Егер иесі анықталмаса — шұғыл түрде табылған зат туралы ІІМ, ҰҚК органдарына хабарлаңыз.
Қатаң тыйым салындаы:
  • таыблған затты қозғауға, ашуға және жылжытуға;
  • оған жақын жерде мүмкіндігінше радио- және электроаппараттарын, ұялы телефондарды пайдаланбаңыз.
4. Террористік актілерді жасау қаупіне байланысты эвакуация туралы ақпарат алу Егер эвакуацияның басталғандығы туралы ақпарат Сізге үйіңізде жетсе:
1) ауа-райына сай киініңіз, құжаттарыңызды, ақшаңызды, бағалы заттарыңызды алыңыз;
2) электр тоғын, газды, суды, пештегі (каминдегі) отты сөндіріңіз;
3) эвакуация кезінде қарт және ауыр науқасты адамдарға көмек көрсетіңіз;
4) ғимараттан алыстап, эвакуатордың командасын орындаңыз, кетіп қалған тұрғын-жайға жауапты тұлғалардың рұқсатынан кейін ғана оралыңыз.
5. Жарылғыш заттың жұмыс істеуі нәтижесінде жарылу аумағында немесе ғимарат конструкциясы сынықтарының астында болу Егер Сіз жарылыс аумағында, ақыл-есіңізде және қозғалысқа қабілетті болсаңыз, онда бірінші кезекте түтін мен от жоқ жерге баруыңыз немесе өрмелеуіңіз керек. Егер Сіз жарылыс кезінде зардап шекпесеңіз, ал жаныңызда зардап шеккендер болса, олардың жағдайын бағалаңыз: пульсі бар ма, адам ақыл-есінде ме. Нашатырь көмегімен оның есін жинатуға әрекет етуге тыйым салынады. Есінен айырылу — бұл ағзаның сыртқы әсерге қорғаныс реакциясы. Егер зардап шеккеннің сүйектері бүтін болса (оның сүйектерін мұқият ұстап сөріңіз), оны қырынан жатқызыңыз. Арқасынан жатқан күйінде ол құсық массасына қақалып, етбетінен жатқанда — тұншығып қалуы мүмкін. Артериалдық қан кеткенде (қан ал қызыл, бұрқақатап аққанда) жараны ең болмаса саусақпен тез арада бітеу керек, содан кейін ременьмен, жіппен, белдікпен жарадан жоғары байлау керек. Егер Сіз ғимарат конструкциясы сынықтарының астында болсаңыз рухыңызды түсірмеңіз. Тынышталыңыз. Терең және бір қалыпты демалыңыз. Құтқарушылар Сізді құтқарады деп ойлаңыз. Дауыспен және тарсылмен адамдардың назарын аудартыңыз. Егер Сіз тереңде ғимарат сынықтарының астында болсаңыз, сізді эхопеленгатормен табу үшін кез-келген металл затын оңға-солға жылжыта беріңіз (сақина, кілттер және т.б.). Егер сіздің маңайыңыздағы кеңістік бостау болса, оталғышты жақпаңы. Оттегін сақтаңыз. Жаңа құлауды шақырмас үшін сырттан келетін ауаның қозғалысы бойынша байқап қозғалыңыз. Егер Сізде мүмкіндік болса, қоластындағы заттардың көмегімен (тақтайша, кірпіш және т.б.) төбені бекітіп, көмек күтіңіз. Қатты сусаған болсаңыз, аузыңызға тас салыңыз да оны мұрынмен демалып сорыңыз.
6. Кепілгерлікке алу Егер Сіз кепілгер болсаңыз:
1) ықтимал қатаң сынаққа жан-дүниеңізбен, моральды, эмоциялық жағынан дайындалыңыз. Сонымен қатар, адамдарды кепілгерлікке алған көпшілік жағдайларда кепілгерлер тірі қалған. Құқық қорғау органдарының Сізді босату үшін кәсіби шаралар қабылдап жатқандығына сеніңіз;
2) егер қашудың сәтті болатындығына сенбесеңіз, қашуға әрекеттенбеңіз;
3) террористер туралы ақпаратты барынша көбірек есте сақтауға, түрлі белгілер бойынша өзіңізді ұстап (қамап) отырған жерді анықтауға тырысыңыз;
4) мүмкіндігінше терезеден, есіктен және ұрлаушылардың өздерінен алысырақ орнығыңыз, яғни егер құқық қорғау органдары белсенді шаралар жасауға шешім қабылдаған жағдайда барынша қауіпсіз жерге (тұрғын жайды штурмдау, мергендердің қылмыскерлерді оқ астына алуы және т.б.);
5) ғимаратты штурмдаған жағдайда қолын артына салып, еденге бетімен жату керек.
Ұрлаушылармен өзара қарым-қатынас:
1) агрессиялық қарсылау көрсетпеңіз, жылдам және қауіпті қозғалыс жасамаңыз, террористерді ойланбаған қозғалысқа итермелемеңіз;
2) мүмкіндігінше ұрлаушылармен тіке көз түсістіруден аулақ болыңыз;
3) ең басынан бастап (әсіресе алғашқы жарты сағатта) ұрлаушылардың барлық бұйрықтар мен нұсқауларын орындаңыз;
4) өзіңізді сабырлы да салиқалы ұстаңыз. Қарсылық көрсетпеңіз, бірақ орынды қажеттілігіңізді сұраудан қорықпаңыз;
5) Қатты стерстік жағдайда сыр беруі мүмкін денсаулығыңызда ақаулық болған жағдайда, бұл туралы сабырлы қалыпта ұрлаушыларға айтыңыз. Ақырындап, қалыптасқан жағдайды ескере отырып, жайлылығыңызды арттыратын өтініштеріңізді арттыруға болады.

29.03.2017 12:26

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ
Бос орындар
Алдағы оқиғалардың ресми күнтізбесі

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
   Яндекс.Метрика