Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 
Қоғам || Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша филиалы — «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментiнiң Шал ақын аудандық бөлiмi

Бөлім басшысы — Соловьева Ольга Алексеевна
Бөлім басшысының орынбасары — Капаров Руслан Теміржанұлы
Мекен жайы: Сергеевка қ., Желтоксан көшесі, 31
Байланыс телефондары: +7 71534 2 73 80, +7 71534 2 73 90

Мемлекеттiк қызметтердi мобильдi ХҚКО арқылы көрсету

Ауданымыздың шалғай ауылдарында тұратын азаматтарға мемлекеттiк қызметтер Мобильдiк халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетiледi. ХҚКО-ы арқылы көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтер көрсету тiзiмiне сай, заңды және жеке тұлғаларғдың арыздары қабылданып, дайын құжаттар таратады. Сонымен қаттар, азаматтарды барлық көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметттер бойынша кеңес бередi.

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпораиясы» коммериялық есем акионерлiк қоғамының филиалы — «Халыққа Қызмет көрсету орталығы» Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша департаментiнiң Шал ақын аудандық бөлiмiнiң мобильдiк ХҚКО-ның 2017 жылдың 4 тоқсанына жұмыс кестесi

№ р/р Мекен жайдың атауы Ауылды жерлерге бару саны Шығу күні
қазан
1 Семипольский а/о
Балуан ауылы
2 2017 ж. 11.10
2017 ж. 18.10
2 Новопокровский а/о
Аксу ауылы
2 2017 ж. 12.10
2017 ж.19.10
қараша
1 Афанасьевский а/о
Қорғантас ауылы
2 2017 ж. 10.11
2017 ж. 17.11
2 Юбилейный а/о
Узынжар ауылы
2 2017 ж. 13.11
2017 ж. 20.11
желтоқсан
1 Юбилейный а/о
Куприяновка ауылы
2 2017 ж. 13.12
2017 ж. 20.12
2 Приишимский а/о
Минеевка ауылы
2 2017 ж. 14.12
2017 ж. 19.12

Шалғай елдi мекендердiң тұрғындары мемлекеттiк қызметтердi пошта арқылы алады

«Азаматтарға арналған үкiмет» «Қазпочта» АҚ-мен бiрлесiп, пилоттық жобаны iске қосты. Соның арқасында ХҚКО жоқ шалғай елдi мекендердiң тұрғындары мемлекеттiк корпорацияның қызметтерiн «Қазпочта» АҚ ауылдық бөлiмшелерiнде ала алады.

Әзiрше 66 мемлекеттiк қызмет көрсетiледi, оның iшiнде электрондық анықтамаларды беру, баланың туылуын тiркеу, баланың туылуы мен күтiмiне байланысты жәрдемақы тағайындау, жылжымайтын мүлiк объектiлерiне техникалық паспорттың телнұсқасын беру, запастағы офицерлерге әскери билеттер және олардың телнұсқаларын (әскери билеттiң орнына уақытша куәлiктер) беру және тағы да басқа қызметтер бар.

«Азаматтар арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының төрағасы Абылайхан Оспановтың айтуынша, мемлекеттiк корпорацияда шалғайдағы ауылдық округ тұрғындарының мемлекеттiк қызметтердi еркiн алуына ерекше назар аударылып келедi. Осылайша, 2012 жылдан бастап бүкiл Қазақстан бойынша 70 мобильдiк ХҚКО жұмыс iстейдi, олар әкiмдiктердiң өтiнiмдерi бойынша елдi мекендерге шығып, қызмет көрсетедi. Жыл басынан берi олар 7455 рет ауыл тұрғындарына барып, 335 736 қызмет көрсеткен.

Қазпочта бөлiмшелерi арқылы танымал мемлекеттiк қызметтердi көрсетудiң пилоттық жобасы — азаматтарға уақыт пен қаражатты үнемдеуге мүмкiндiк беретiн ыңғайлылыққа арналған тағы бiр қадам. Пилоттық жоба алдымен Шығыс Қазақстан облысында екi ай бойы тестiлеуден өттi, нәтижесiнде оны Қазақстанның барлық аумағында қолдану туралы шешiм қабылданды. «Пилоттық жобаны тестiлеуде ШҚО почта байланысы бөлiмшелерiнде 233 құжат берiлген. Одан бөлек, бiздiң жұмысымызға тұрғындар тарапынан жақсы пiкiрлер айтылып, оң бағалар берiлгендiктен, бiз оны елiмiздiң барлық аумағында жүргiзудi шештiк. Қазiргi таңда шалғай елдi мекендердiң тұрғындары почта байланысы бөлiмшелерi арқылы 1656 корпорация қызметiн ала алады. Демек, ендi бұл қызметтердi алу үшiн, олар аудан орталықтарына барып әуре болмайтын болды», — дедi Оспанов.

«Бiз ауыл тұрғындарын тек почта қызметiмен емес, сонымен қатар әр түрлi банк қызметтерiмен, әрине, оның iшiнде ХҚКО қызметiмен де қамтамасыз ететiн боламыз. Өйткенi ауылда көбiне почта байланысы бөлiмшелерi ғана жұмыс iстейдi. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердi почта арқылы алу үшiн, ауыл тұрғындары құжаттар пакетiн ұсынулары, қызмет көрсетуге жазбаша түрде өтiнiш берулерi және қажет болған жағдайда, мемлекеттiк баж салығын төлеулерi тиiс. Қазпочта операторы өтiнiштердi қабылдап, құжаттар пакетiн қалыптастырады және оны жақын жердегi халыққа қызмет көрсету орталығына жөнелтедi. Онда ХҚКО инспекторы қызметтi ресiмдеп, курьер арқылы дайын құжаттарды жiбередi», — деп қосты «Қазпошта» басшысы Сәкен Сәрсенов.

Шалғай елдi мекендердiң тұрғындары мемлекеттiк қызметтердi пошта арқылы алады

«Азаматтарға арналған үкiмет»
коммерциялық емесакционерлiк
қоғамының баспасөз қызметi

Қазақстандықтарда дербес менеджер көрсететiн қызметтердi пайдалану мүмкiндiгi туды

Азаматтарға арналған үкiметте тағы да кезектi пилоттық жоба — «Сiздiң дербес менеджерiңiз» iске қосылды. Дербес менеджер қызметiн пайдаланған адамтүрлi анықтамаларды жинап әуре болмайды, ол жұмысты мемлекеттiк корпорацияның қызметкерi атқарады. Дербес менеджер мемлекеттiк қызметтi жеке көрсетедi, қажеттi анықтамаларды жинайды, қажет болған жағдайда, банкке де барады, құжаттың телнұсқасын жарамсыз деп тану туралы газетке хабарландыру бередi және т.б.

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының Басқарма төрағасы Абылайхан Оспановтың айтуынша, қазiргi уақытта көптеген қызметтердi алу үшiн қажеттi құжаттар тiзбесi барынша азайтылған. «Алайда, ХҚКО-дан басқа да мекемелерге баруға тура келетiн «күрделi» қызметтер бар. Мысалы, автосалоннан несиеге немесе бөлiп төлеуге көлiк сатып алған кезде, бiздiң дербес менеджерiмiзөздiгiнен жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркейдi, көлiктi есепке қояды және қажет болса, барлық дайын құжаттарды үйге жеткiзiп бередi», — деп түсiндiрдi Оспанов.

Жаңа сервис мемлекеттiк корпорацияның облыстық маңызы бар қалалардағы 37 фронт-офистерiнде, сондай-ақ Астана мен Алматы қалаларында iске қосылды, ол ХҚКО-ға баруға және құжаттар жинауға уақыты жоқ жандарға арналып отыр. Жоба банктен несие алушылар, көлiк сатып алушылар мен бизнес өкiлдерi арасында сұранысқа ие болады деп күтiлуде.

Оспановтың айтуынша, дербес менеджер қарапайым анықтамалар бойынша кеңестер алу үшiн ғана емес, басқа да өте сұранысқа ие «күрделi» мемлекеттiк қызметтердi, оның iшiнде жылжымайтын мүлiк объектiсiн және кепiл шартын тiркеу, жер учаскесiне жекеменшiк құқығына актiлердi ресiмдеу және алу,жеке және заңды тұлғалар үшiн нотариалды куәландырусыз жылжымайтын мүлiкке сату-сатып алу/алмастыру/сыйға тарту шартынтар жасай отырып, тiркеу қызметтерi үшiн қолжетiмдi болып табылады. Келешекте бұл тiзiм ұлғаятын болады. Азаматтың атына құжаттарды жинауды корпорация қызметкерi нотариалды куәландырылған сенiмхат негiзiнде жүзеге асыратын болады.

Кеңестер берудi дербес менеджер телефон, «Telegram» және «Whatsapp» вэб-мессенджерi арқылы дүйсенбi мен сенбi аралығында сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн жүргiзедi, ал дайын құжаттар қызмет алушының электрондық поштасына жiберiледi немесе өз қолына жеткiзiледi. Дербес менеджер қажет болған жағдайда, тапсырыс берушiнiң үйiне барады.

Дербес менеджердiң қызметi жеке және заңды тұлғаларға ақылы түрде көрсетiледi.Мұндай қызметтiң құны мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң күрделiлiгiне және елдi мекеннiң орналасқан жерiне байланысты болады. Дербес менеджер көрсететiн қызметтердi пайдалануға болатын ХҚКО-лардың толық тiзiмiн www.gov4c.kz сайтынан алуға болады.

Қазақстандықтарда дербес менеджер көрсететін қызметтерді пайдалану мүмкіндігі туды

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы»
коммерциялық емес акционерлiк
қоғамының баспасөз қызметi

Қазақстан бойынша 46 ХҚКО-да туу туралы куәлікті 3 сағат ішінде алуға болады

Азаматтық хал актілерін тіркеу, баланың туылуын тіркеу, қайтыс болуды тіркеу, неке бұзуды тіркеу (ерлі-зайыптылықты) секілді қызметтерді енді 3 сағат ішінде алуға болады.

Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен бірлескен пилоттық жобасы айдың басынан басталғанын естеріңізге саламыз. Бұл ретте, азаматтық хал актілерін тіркеуді тек Астананың тұрғындары ғана №1 Есіл аудандық бөлімнен ала алатын. Енді пилоттық жобаны Е-ХҚКО қағидаты бойынша 10 облыс және Астана мен Алматы қалаларының тұрғындары пайдалана алады. Жеделдетілген режимде АХАТ бағыты бойынша қызметтерді ресімдеуге болатын ХҚКО-ның толық тізімін https://gov4c.kz/kk/2017/07/20/aza-stan-bojynsha-46-h-ko-da-tuu-turaly-ku-likti-3-sa-at-ishinde-alu-a-bolady/ алуға болады.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Басқарма төрағасы Абылайхан Оспановтың айтуынша, жобаның мәні - «Е-ХҚКО» бірыңғай қызмет көрсету орталығы қағидаты бойынша қызмет берушіден қызмет алушыға құжаттарды жедел жеткізу.

«Азаматтардың жеделдетілген режимде АХАТ қызметтерін алуы үшін, Астана қаласы бойынша біз Астана қ. №1 ХҚКО бөлімінде АХАТ қызметкерлері үшін жұмыс орындарын, ал өңірлерде — «Е-ХҚКО» қағидаты бойынша АХАТ қызметкерлерінің ХҚКО бөлімдерімен бір ғимаратта орналасуын ұйымдастырдық. Енді олар логистикаға уақыт жоғалтпай, азаматтық хал актілеріндегі жазбаларға өзгерістер енгізу функцияларын сол жерде орындайтын болады», — дейді Оспанов.

Ол пилотты іске қосқан сәттен бастап жеделдетілген режимде 462 мемлекеттік қызмет берілгенін де айтып өтті, оның ішінде 428 — туу туралы куәлік, 17 — қайтыс болуды тіркеу, 17 — соттың шешімі негізінде некені бұзу.

Бұрын АХАТ бағыты бойынша бұл қызметтер мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес, қайтыс болуды тіркеу — бір жұмыс күні ішінде, бала тууды тіркеу және 2008 жылдан кейін тіркелген, заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде некені бұзуды тіркеу — 2 жұмыс күнінде жүзеге асырылған.

Сағат 17.00-ден кейін берілген өтініштер бойынша көрсетілген қызметтердің нәтижесі келесі күні сағ. 12.00-ге дейін берілетінін айта кеткен жөн.

Жақын уақытта Е-ХҚКО қағидаты бойынша қызметтерді алуға болатын фронт-офистердің толық тізімі:

Алматы қ.

Бостандық аудандық №1 бөлімі — Алмагүл ш/а, Ходжанов к-сі, 9А

Жетісу аудандық №1 бөлімі, Құлагер ш/а, Серіков к-сі, 6А

Ақмола облысы

Сандықтау аудандық бөлімі — Балкашино а., Абылайхан к-сі,119 А.

Зеренді аудандық бөлімі — Зеренді а., Бейбітшілік к-сі, 52

Алматы облысы

Ақсу аудандық бөлімі — Жансүгіров к., Қабанбай батыр к-сі, 20.

Алакөл аудандық бөлімі — Үшарал қ., 8 наурыз к-сі, 63.

Балқаш аудандық бөлімі — Бақанас а., Бижанов к-сі, 25А.

Қапшағай қалалық бөлімі — Қапшағай қ. 1 ш/а., 41

Еңбекші аудандық бөлімі — Есік қ., Абай к-сі, 314 А

Есіл аудандық бөлімі — Қарабұлақ к., Шестаков к-сі, 17

Іле аудандық бөлімі — Өтеген Батыр к., Қуат ш/а., Тәуелсіздікке 10 жыл к-сі, 23

Қаратал аудандық бөлімі — Үштөбе қ., Абылай хан к-сі, 22

Кербұлақ аудандық бөлімі — Сарыөзек к., Момышұлы к-сі, 1В

Панфилов аудандық бөлімі — Жаркент қ., Головацкий к-сі, 51Б

Райымбек аудандық бөлімі — Кеген а., Момышұлы к-сі, н/з

Сарқан аудандық бөлімі — Сарқан қ., Жамбл к-сі, 44

Талғар аудандық бөлімі — Талғар қ., Лермонтов ксі, 53А

Талғар ауданы Текелі қ. бөлімі секторы — Текелі қ., Тәуелсіздік к-сі, 9

Ұйғыр аудандық бөлімі — Чунджа а., Қасымбеков к-сі, 35

Атырау облысы

Мақат аудандық бөлімі — Мақат к., С. Мукашев к-сі, 36

Шығыс Қазақстан облысы

Өскемен қ. №3 бөлімі — Белинский к-сі, 37А

Абай аудандық бөлімі — Қарауыл а., Құнанбай к-сі, 12

Бородулиха аудандық бөлімі — Бородулиха а., Молодежная к-сі, 25

Зырян аудандық бөлімі — Зырян қ. Стахановская к-сі, 39

Курчатов қ. бөлімі — Тәуелсіздік к-сі, 4

Батыс Қазақстан облысы

Бөкейорда аудандық бөлімі — Сайхин к. Бергалиев к-сі, 1

Сырым аудандық бөлімі — Жымпиты к. Қазақстан к-сі, 11/2

Қарағанды облысы

Қарағанды қ. №2 бөлімі — Чкалов к-сі, 7

Қарағанды қ. №4 бөлімі — Архитектура көш., 8

Балқаш қ. бөлімі — Бөкейхан к-сі, 20А

Қаражал қ. бөлімі — Ленин к-сі, 18

Қарқаралы аудандық бөлімі — Қарқаралы қ., Аубакиров к-сі, 21

Нұра аудандық бөлімі — Киевка к., Сүлейменов к-сі, 2

Осакаров аудандық №1 бөлімі — Осақаров к., Пристанционная к-сі,12

Саран қ. бөлімі — Жамбыл к-сі, 85/3

Шахтинск қ. №1 бөлімі — Абай даңғ., 65Б

Қызылорда облысы

Қызылорда қ. №1 бөлімі — Ғ. Мұратбаев к-сі, 2Е

Маңғыстау облысы

Отдел Мунайлинского района — с. Мангистау, 24 квартал, строение 10/3

Павлодар облысы

Ертіс аудандық бөлімі — Ертіс а. И. Байзақов к-сі, 14

Качир аудандық бөлімі — Тереңкөл а., Тургенев к-сі, 85А

Павлодар аудандық бөлімі — Павлодар қ., Толстой к-сі, 10

Успен аудандық бөлімі — Успен а., Тәуелсіздікке 10 жыл к-сі, 30

Лебяжі аудандық бөлімі — Аққу а., Ташимов к-сі, 114

Павлодар қ. №2 бөлімі — Исиналиев к-сі, 24

Ақсу қ. бөлімі — Ленин к-сі, 10

Солтүстік Қазақстан облысы

Петропавл қ. №2 бөлімі — Қазақстан Конституциясы к-сі, 72

Қазақстан бойынша 46 ХҚКО-да туу туралы куәлікті  3 сағат ішінде алуға болады

Пресс-служба некоммерческого
акционерного общества
«Правительство для граждан»

Баспасөз-релизi
1 шiлдеден бастап қазақстандықтардың зейнетақысы өседi

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы зейнетақыны қайта есептедi. 1 шiлдеден бастап 2,1 миллионнан астам зейнеткер ұлғайтылған зейнетақы алады. Қазақстандықтардың ынтымақты зейнетақы төлемдерi жыл басында 9%-ға арттырылғанын ескере отырып, 11%-ға көбейетiн болады. Базалық зейнетақы жыл басында 7%-ға арттырылғанын ескере отырып, 13%-ға өседi. Бұл тапсырысты Мемлекет басшысы 2017 жылғы қаңтар айында Қазақстан халқына Жолдауында бердi.

Жолдауға сәйкес 2017-2018 жылдары зейнетақы мөлшерi кезең-кезеңмен өседi. 2016 жылмен салыстырғанда 2017 жылдың 1 шiлдесiнен бастап зейнетақы мөлшерi 20%-ға дейiн көтерiледi. Мәселен, ең төменгi зейнетақы мөлшерi (базалық зейнетақыны ескере отырып) 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап 40 950 теңге болса, 2017 жылдың 1 шiлдесiнен бастап 45 711 теңгеге дейiн көтерiледi. Салыстырма түрде 2016 жылы ең төменгi зейнетақы мөлшерi 37789 теңгенi құрады. Базалық зейнетақы төлемдерi биылғы жылдың 1 шiлдесiнен бастап 14 466 теңгенi құрайды, ал зейнетақының орташа мөлшерi (базалық зейнетақыны ескере отырып) 66 676 теңгеге дейiн артады.

Зейнетақы төлемдерi барлық есепте тұрған зейнеткерлерге қайта есептеледi. Бұл ретте, қосымша құжаттарды ұсыну талап етiлмейдi.

Сондай-ақ, ана мен баланы қолдау бойынша мемлекеттiк саясат шеңберiнде 1 шiлдеден бастап бала тууына байланысты бiржолғы жәрдемақы мөлшерi 20%-ға ұлғаяды. Бiрiншi, екiншi және үшiншi балаға жәрдемақы сомасы 38 АЕК немесе 86 222 теңгенi, төртiншi және одан кейiнгi балаларға — 63 АЕК немесе 142 947 теңгенi құрайды.

Сондай-ақ, жұмыс берушiлерге Қазақстанда 1 шiлдеден бастап мiндеттi әлеуметтiк медициналық сақтандыру жүйесi iске қосылатыны туралы ескертемiз. Азаматтарға арналған үкiмет МӘМС шеңберiнде аударым және жарналарды қабылдауға ағымдағы шот ашылған. Аудару үшiн деректемелер:

Бенефициар: «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» коммерциялық емес акционерлiк қоғамы;

Бенефициар банкi: «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» коммерциялық емес акционерлiк қоғамы;

БСК: GCVPKZ2A

ЖСК: KZ92009MEDS368609103

БСН: 160440007161

Сонымен қатар мiндеттi әлеуметтiк медициналық сақтандыру жүйесi бойынша аударымдар мен жарналарды аудару кезiнде төлемдердi тағайындаудың келесi кодтарын (ТТК) пайдалану қарастырылған:

121 — Мiндеттi әлеуметтiк медициналық сақтандыруға аударымдар;

122 — Мiндеттi әлеуметтiк медициналық сақтандыруға жарналар;

123 — Мiндеттi әлеуметтiк медициналық сақтандыруға аударымдың

уақытылы аударылмағаны үшiн өсiмақы;

124 — Мiндеттi әлеуметтiк медициналық сақтандыруға жарналардың уақытылы аударылмағаны үшiн өсiмақы.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» коммерциялық
емес акционерлiк қоғамының
Баспасөз қызметi

Мемлекеттiк қызметтердi мобильдi ХҚКО арқылы көрсету

Ауданымыздың шалғай ауылдарында тұратын азаматтарға мемлекеттiк қызметтер Мобильдiк халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетiледi. ХҚКО-ы арқылы көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтер көрсету тiзiмiне сай, заңды және жеке тұлғаларғдың арыздары қабылданып, дайын құжаттар таратады. Сонымен қаттар, азаматтарды барлық көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметттер бойынша кеңес бередi.

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпораиясы» коммериялық есем акионерлiк қоғамының филиалы — «Халыққа Қызмет көрсету орталығы» Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша департаментiнiң Шал ақын аудандық бөлiмiнiң мобильдiк ХҚКО-ның 2017 жылдың 3 тоқсанына жұмыс кестесi

№ р/р Мекен жайдың атауы Ауылды жерлерге бару саны Шығу күні
шілде
1 Новопокровский с/о
Новопокровка ауылы
2 12.07.2017
17.07.2017
2 Афанасьевский с/о
Двойники ауылы
2 13.07.2017
18.07.2017
тамыз
1 Сухорабовский с/о
Сухорабовка ауылы
2 10.08.2017
17.08.2017
2 Афанасьевский с/о
Садовка ауылы
2 11.08.2017
18.08.2017
қыркүйек
1 Юбилейный с/о
Белоградовка ауылы
2 12.09.2017
19.09.2017
2 Новопокровский с/о
Еңбек ауылы
2 13.09.2017
20.09.2017

Ақпараттық хабарлама
МӘМС шеңберінде аударымдар мен жарналарды қабылдау үшін ағымдағы шот ашылды

Осы жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізіледі. Барлық жұмыс берушілер, жеке кәсіпкерлер, адвокаттар мен жеке нотариустер өздері үшін және өз қызметкерлері үшін аударымдар мен жарналарды Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударатын болады.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жеке сәйкестендіру нөмірлері базасында аударымдар мен жарналарды есептеу және оларды Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударатын операторы болып белгіленді.

Жұмыс берушілерге ыңғайлы болу үшін, төлеушілерге міндетті аударымдар мен жарналар бойынша төлем тапсырмаларын қалыптастыруға көмектесін «Міндетті әлеуметтік аударымдар мен зейнетақы жарналарын есептеу» автоматтандырылған арнайы жүйесі әзірленді. Оны
https://gov4c.kz/programmnye-produkty сілтемесі бойынша өтіп, тегін орнатуға болады.

Сондай-ақ ұйымдар, кәсіпорындар және басқа да төлеушілер 1 шілдеден бастапміндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша аударымдар мен жарналарды келесі деректемелер бойыншатұрақты түрде аударулары тиіс ағымдағы шоттың ашылғанын хабарлаймыз:

Бенефициар: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;

Бенефициар банкі: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;

БСК: GCVPKZ2A

ЖСК: KZ92009MEDS368609103

БСН: 160440007161

Сонымен қатар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша аударымдар мен жарналарды аудару кезінде төлемдерді тағайындаудың келесі кодтарын (ТТК) пайдалану қарастырылған:

121 — Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар;

122 — Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар;

123 — Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдың уақытылы аударылмағаны үшін өсімақы;

124 — Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналардың уақытылы аударылмағаны үшін өсімақы.

«Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясы»
коммерциялық емес акционерлік
қоғамыныңбаспасөз қызметі

Мемлекеттiк қызметтердi мобильдi ХҚКО арқылы көрсету

Ауданымыздың шалғай ауылдарында тұратын азаматтарға мемлекеттiк қызметтер Мобильдiк халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетiледi. ХҚКО-ы арқылы көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтер көрсету тiзiмiне сай, заңды және жеке тұлғаларғдың арыздары қабылданып, дайын құжаттар таратады. Сонымен қаттар, азаматтарды барлық көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметттер бойынша кеңес бередi.

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпораиясы» коммериялық есем акионерлiк қоғамының филиалы — «Халыққа Қызмет көрсету орталығы» Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша департаментiнiң Шал ақын аудандық бөлiмiнiң мобильдiк ХҚКО-ның 2017 жылдың 2 тоқсанына жұмыс кестесi

№ р/р Мекен жайдың атауы Ауылды жерлерге бару саны Шығу күні
сәуір
1 Юбилейный а/о
Құртай ауылы
2 11.04.2017
18.04.2017
2 Приишимка а/о
Ортақкөл ауылы
2 12.04.2017
19.04.2017
мамыр
1 Афанасьев а/о
Афанасьевка ауылы
2 15.05.2017
22.05.2017
2 Сухорабов а/о
Ольгинка ауылы
2 16.05.2017
23.05.2017
маусым
1 Новопокров а/о
Жаңасу ауылы
2 12.06.2017
19.06.2017
2 Афанасьев а/о
Рясинка ауылы
2 13.06.2017
20.06.2017

Электрондық үкiмет порталынан ЭЦҚ-ға байланыстырмай-ақ анықтама алуға болады

Мемлекеттiк органдардан ноу-хауды сынауға әзiрше тек Бас прокуратура ғана бел байлады. Бүгiнгi күннен бастап электрондық үкiмет порталынан соттылығы жоқ туралы анықтама алу үшiн электрондық-цифрлық қолтаңбаның болуы мiндеттi емес. Қазақстандықтар оны еgov.kz порталына авторлану кезiнде қызметтi алушының ұялы телефонына түсетiн бiр реттiк sms-паролiнiң көмегiмен алуларына болады.

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ Басқарма төрағасы Абылайхан Оспановтың айтуынша, бұл жаңалық порталдан қызметтердi алуды едәуiр жеңiлдететiн болады. «Қазақстандықтардың барлығында ЭЦҚ бола бермейдi, ал ЭЦҚ барлары оны әрқашан өзiмен бiрге алып жүрмейдi, сондай-ақ бiр анықтама алу үшiн ХҚКО-ға бару барлығына бiрдей қолайлы емес. Мұндай жағдайларда, қызметтi бiр реттiк парольдiң көмегiмен алу — жағдайдан шығудың тамашы бiр жолы болып табылады. Бiр реттiк парольдi ЖСН-дi телефон нөмiрiне байланыстыра отырып, ХҚКО-дан да алуға болады. Осылайша, жақында ЭЦҚ-ға байланыстырмай-ақ өзге де мемлекеттiк қызметтердi алуға болады», — дедi А. Оспанов.

Айтпақшы, бiр реттiк парольдi алу үшiн азаматтар электрондық үкiмет порталында m-gov телефон нөмiрлерi базасына тiркеле алады.

Осы жоба Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнiң бастамасы бойынша ҚР Бас прокуратурасымен бiрлесе отырып, пилоттық режимде iске асырылды. Қазiргi кезде басқа мемлекеттiк органдардың мемлекеттiк қызметтерiн алу процестерiн жеңiлдету жұмыстары жүргiзiлiп жатқанын айта кеткен жөн.

Электрондық үкімет порталынан ЭЦҚ-ға байланыстырмай-ақ анықтама алуға болады

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» коммерциялық
емес акционерлiк қоғамы баспасөз қызметi

Астанада Сауран көшесi, 7 мекенжайындағы ХҚКО түн ортасына дейiн жұмыс iстейтiн болады

Үкiмет клиенттерге ыңғайлы болу үшiн азаматтарға арналған арнайы жаңа пилоттық жобаны iске қосты. Ендi бiр күн iшiнде мемлекеттiк қызмет алып үлгермеген астаналықтар, оны жұмыс күндерi таңғы сағат 8.00-ден түн ортасына дейiн және сенбi күнi таңғы сағат 8.00-ден 20.00-ге дейiн ала алады.

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ Басқарма төрағасы Аблайхан Оспановтың айтуынша, пилоттық жоба әзiрге тек Сауран, 7 мекенжайында орналасқан астаналық ХҚКО-да iске асырылды. «Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары бұл ХҚКО-да мемлекеттiк қызметтердi танғы сағат 8-ден түн ортасына дейiн ала алады. Сонымен қатар басқа ХҚКО-ға барып, белгiлi бiр қызметке құжаттарын тапсырып, нәтижесiн алуға үлгермеген азаматтар оны Сауран, 7 мекенжайындағы ХҚКО-да сағат 7-ден 24.00-ге дейiн алуларына болады. Пилоттық жоба 2 айға жалғасады. Түнгi уақытта бұл ХҚКО-ға келушiлер саны артқан жағдайда, бiз Алматы қаласында және Қазақстанның басқа өңiрлерiнде де осындай жұмыс кестесiмен ХҚКО-ларды ашу нұсқасын қарастырамыз», — дедi ол.

Оспанов, егер азамат басқа ХҚКО-ға барып, қызметтердi ресiмдеген жағдайда, Сауран, 7 мекенжайындағы ХҚКО-да дайын қызметтi алуына болатын екi нұсқаның барын атап өттi. Бiрiншi жағдайда, азамат құжаттарын ресiмдеу барысында-ақ ХҚКО инспекторына қызметтердi түнгi уақытта жұмыс iстейтiн ХҚКО-да алатынын айтады. Екiншi жағдайда, ол 1414 нөмiрi бойынша Бiрыңғай байланыс орталығына хабарласып, дайын нәтиженi Сауран, 7 мекенжайындағы ХҚКО-да алуға өтiнiш қалдырады, бұл ретте операторға қолхат нөмiрiн қосымша айтады.

Естерiңiзге сала кетейiк, бұл Үкiметтiң мемлекеттiк қызметтердi алуды жеңiлдетуге бағытталған бiрiншi жобасы емес. Мемлекеттiк корпорация наурыз айында есту және сөйлеу қабiлетi бұзылған клиенттерге қызмет көрсету үшiн онлайн сурдоаударма қызметiн, дайын құжаттарды үйге жеткiзу жаңа сервисiн iске қосты, сондай-ақ наурыз айынан бастап қазақстандықтарға мемлекеттiк көрсетiлген қызметтердiң нәтижесi туралы смс-хабарлама түсiп тұрады.

Астанада Сауран көшесі, 7 мекенжайындағы ХҚКО түн ортасына дейін жұмыс істейтін болады

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы»
коммерциялық емес акционерлiк
қоғамы баспасөз қызметi

Азаматтарға арналған үкiмет дайын құжаттарды үйге жеткiзу қызметiн iске қосты

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы «Қазпошта» АҚ-мен бiрлесiп дайын құжаттарды үйге жеткiзу қызметiн iске қосуда. Ендi қазақстандықтардың дайын құжаттарды алу үшiн ХҚКО-ға барудың қажетi жоқ, кез келген көрсетiлген орынға, үй болсын, кеңсе болсын, курьер жеткiзiп беретiн болады.

Бұл сервистi пайдалану үшiн клиент қызмет алуға қажеттi толық құжаттар пакетiн ХҚКО инспекторына өткiзедi және дайын құжаттарды жеткiзiп беру жөнiндегi өтiнiмдi толтыру үшiн ХҚКО ғимаратында орналасқан «Қазпошта» АҚ қызметкерлерiне жүгiнедi. Құжаттарды жеткiзiп беру қызметi жеке және заңды тұлғаларға коммерциялық негiзде көрсетiледi. Үйге жеткiзiп беру бағасы қызмет көрсетiлетiн аймаққа және соңғы жеткiзiлiм мекенжайына байланысты болады. Жеткiзiлiм жайлы ақпаратты берiлген трек-нөмiрi бойынша post.kz. сайтынан қадағалап отыруға болады. Қызметтiң ең төменгi құны — 500 теңге. Қызмет алушы жеткiзiлiм төлемiн дайын құжаттарды алғаннан кейiн жүргiзедi.

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ Басқарма төрағасы Абылайхан Оспановтың айтуынша, жаңа қызмет ХҚКО-ға келуге уақыты тапшы жандарға арналған. «Қазiргi уақытта қызметтердi автоматтандыру жұмыстары белсендi түрде жүрiп жатыр. Көптеген қазақстандықтар қызметтi электрондық үкiмет порталының көмегi арқылы үйден шықпай-ақ алады. Алайда, ХҚКО-ға келмей рәсiмдеуге болмайтын қызмет түрлерi де бар. Соңғы уақытта қызметтi үйде отырып алуға өтiнiш бiлдiрген азаматтардың қатарының өсуiне байланысты, бiздiң қызмет алушыларымызға ыңғайлы болу үшiн осы сервистi iске қосуды шештiк» — дедi ол.

Сондай-ақ Оспановтың айтуынша, бүгiнде «Азаматттарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердi алуға ыңғайлы болатын барлық жағдайларды жасауда, атап айтқанда ХҚКО-ларда күту және рәсiмдеу уақыттарын қысқарту, электрондық кезектiң, бейнекамераның жұмыс iстеуi, сондай-ақ ХҚКО-лардан қызметтi алуда жайлылық жағдайларының жаңа мүмкiндiктерi қарастырылуда.

Мемлекеттiк корпорация алдағы уақытта интернет, телефон, ұялы байланыс және т.б. арналар арқылы тағы да бiрнеше сервистер мен жобаларды енгiзудi жоспарлап отыр.

Азаматтарға арналған үкімет дайын құжаттарды үйге жеткізу қызметін іске қосты

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы»
коммерциялық емес акционерлiк
қоғамы баспасөз қызметi

Азаматтарға арналған үкiметте онлайн сурдоаударма қызметi iске қосылды

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорацияда сөйлеу және есту қабiлетi бұзылған азаматтарға мемлекеттiк қызметтердi көрсетуде жаңа сервис пайда болды. Ендi бұл адамдарға ымдау тiлiнiң кәсiби маманы арнайы қосалқы монитордан шынайы уақыт режимiнде сурдоаударма ұсынатын болады. Бұл пилоттық жоба Азаматтарға арналған үкiметтiң бастамасымен «Ауған соғысының қазақстандық республикалық мүгедектер бiрлестiгi» қоғамдық бiрлестiгiмен бiрiге отырып жүзеге асырылды.

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ басқармасының төрағасы Абылайхан Оспановтың айтуынша бүгiнде халыққа қызмет көрсету орталықтарында сурдоаударма тiлiн меңгерген 862 маман жұмыс iстеуде. «Дегенмен де, бiз осымен тоқтап қалмай, одан әрi дамытуды жөн көрдiк. Ендi ХҚКО-ның жеңiлдiк терезесiне жүгiнген сөйлеу және есту қабiлеттерi бұзылған тұлғалар ым-ишарат тiлiнде қажеттi құжатты қалай алу керектiгiн шынайы уақыт режимiнде айтып беретiн, онлайн сурдоаударма арқылы қызмет ала алады» — дедi Оспанов.

Әзiрге бұл пилоттық жоба Астана мен Алматының ХҚКО-ларында жүзеге асырылған, ал басқа аудандарда пилоттық жобаны жүзеге асыруға дайындық жұмыстары жүргiзiлуде.

Сондай-ақ, Оспановтың айтуынша бүгiнде «Азаматттарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорация мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердi кедергiсiз және сапалы көрсетуге мүмкiн болатын барлық жағдайларды жасауда. Мысалы барлық халыққа қызмет көрсету орталықтарында пандус немесе шақырту қоңырауы, жеңiлдiк терезелерi, ал 1 және 2 топтық мүгедектiгi бар тұлғалар Бiрiңғай байланыс орталығының 1414 нөмiрiне қоңырау шалу арқылы ХҚКО-ны үйiне шақыруына болады.

Айта кетсек, өткен жылы мемлекеттiк корпорация жұмыскерлерi 1 және 2 топтық мүгедектiгi бар азаматтарға 39 мыңға жуық қызметтi үйiнде көрсеткен.

Азаматтарға арналған үкіметте онлайн сурдоаударма қызметі іске қосылды

Азаматтарға арналған үкіметте онлайн сурдоаударма қызметі іске қосылды

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы»
коммерциялық емес акционерлiк
қоғамы баспасөз қызметi
тел.: 8 7172 27 06 58 (iш. 109)

ҚР ӘМ «Жылжымайтын мүлiк тiркелiмi» деректер базасының жұмысы қалпына келтiрiлдi

«Жылжымайтын мүлiк тiркелiмi» мемлекеттiк деректер базасының жұмысын қалыпқа келтiру бойынша техникалық жұмыстар аяқталды. Ендi қазақстандықтар ХҚКО-лардан барлық мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердi алуларына болады.

Жүйенiң iстен шығуы кезiнде жылжымайтын мүлiк саласы бойынша қызметтердi алу мүмкiн болмады, оның үстiне тұрғылықты жерi бойынша тiркелуге ниет бiлдiргендер мекенжайларының тiркелу кодын тексере алмағандықтан, тұрғылықты жерi бойынша уақытша тiркеуде қиындықтар болды.

Естерiңiзге сала кетсек, елiмiздiң ХҚКО-ларында уақытша тiркеу жалғасуда, оны қазақстандықтар қазiргi кезде кезексiз алуларына болады. ХҚКО-лардағы кезек саны туралы ақпаратты мемлекеттiк корпорацияның www.goscorp.kz ресми сайтынан көруге болады және ақпарат сағат сайын жаңартылып тұрады.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы»
коммерциялық емес акционерлiк
қоғамының баспасөз қызметi
тел.: 8 7172 27 06 58 (iшкi 109)

Абылайхан Оспанов: «Азаматтарға арналған үкiмет» азамат-мемлекет қарым-қатынастарын өзгертудiң негiзгi драйверi болуы тиiс

Мемлекеттiк корпорация төрағасы Абылайхан Оспанов ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi алқасының кеңейтiлген отырысында: «Азаматтарға арналған үкiмет» дамуының перспективалары туралы, заманауи ХҚКО-лар құру, үйге барып қызмет көрсету және мемлекеттiк қызметтердi алудың жаңа орындарының ашылуы туралы айтты.

Оспановтың айтуынша, қазiргi таңда мемлекеттiк корпорация трансформациялау жоспарын пысықтап жетiлдiруде. «Азаматтарға арналған үкiмет» азамат-мемлекет қарым-қатынастарын өзгертудiң негiзгi драйверi болуы тиiс. Ол үшiн корпорация азаматтармен өзара қарым-қатынас кезiнде тиiмдi және ең үздiк, сандық тәжiрибенi ендiрiп, iштен өзгеруi тиiс — дедi Абылайхан Оспанов.

Аталған жетiстiктерге жету үшiн мемлекеттiк корпорацияның 2017 жылы үш негiзгi даму бағыты анықталды. Бұл мемлекеттiк қызметтердi көрсету кезiнде сервистiң артуы, қызметтердi көрсету процесiнде жаңа технологияларды ендiру және қызмет көрсету спектрiн кеңейту. Осылайша, жақын арада қызметтi үйге жеткiзiп алуды қосу, Астана және Алматы қалаларында заманауи ХҚКО-ларды ашу жоспарланып отыр.

Мемлекеттiк корпорация басқармасының төрағасы кейбiр қызметтердi алу кезiнде тiркелген мекенжайына байланыстыруға, қызметтi берушiлердiң ақпараттық жүйеде кездесетiн құжаттарды талап етуге қатысты және т.б. бiрқатар проблемалық сұрақтарды көтердi. «Бiз мемлекеттiк қызметтердi алу кезiндегi қиыншылықтарды шешу жолдарымен жұмыс iстеудемiз. Қаңтар айында ҚР еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiмен бiрлесiп босанған әйелдерге бала тууға және бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне жәрдемақы тағайындауды тiркелген орнына байланыстырмай, яғни облыс шеңберiнде ресiмдеуге жол беретiн пилоттық жоба iске қосылды. Қазiр бұл қызметтiң эксаумақтылығын Қазақстан бойынша енгiзу мәселелерi пысықталуда» — дедi Оспанов.

Абылайхан Оспанов: «Азаматтарға арналған үкімет» азамат-мемлекет қарым-қатынастарын өзгертудің негізгі драйвері болуы тиіс

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы»
коммерциялық емес акционерлiк
қоғамы баспасөз қызметi
тел.: 8 7172 27 06 58 (iш. 109)

Азаматтарға арналған үкiмет көрсететiн қызметтер саны тағы 53 қызметке артты

Бүгiнде Азаматтарға арналған үкiмет арқылы 546 мемлекеттiк қызмет қолжетiмдi. Жаңа қызметтердiң басым бөлiгiн Ауыл шаруашылығы, ұлттық экономика министрлiктерiнiң және ҚР инвестициялар және даму министрлiгiнiң қызметтерi құрады.

Мемлекеттiк корпорацияда ауылшаруашылық өнiмдерiн өндiрiсiн басқару жүйесiн дамытуды субсидиялауды, АӨК (агроөнеркәсiп кешенi) саласында дайындау ұйымын аккредиттеудi, құрылыс объектiлерi жоспарларын кешендi ведомствоiшiлiк сараптау жүргiзуге үмiткер заңды тұлғаларды аккредиттеудi, ҚР резидентi болып табылмайтын және ҚР аумағында инвестициялық қызметтi жүзеге асыратын т.с.с. тұлғаларға нвесторлық визалар алуға қолдаухат берудi рәсiмдеуге болады.

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы арқылы бұл қызметтердi көрсету мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер тiзiлiмiн өзгерткеннен және «ХҚКО» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесiне (ХҚКО ЫАЖ) өзгерiстер енгiзгеннен кейiн мүмкiн болып отыр. Ендi азаматтардың бұл қызметтер үшiн мемлекеттiк ооргандарға жүгiну қажеттiгi жоқ. Демек, аталмыш қызметтердi мемлекеттiк корпорацияның басқа қызметтерi сияқты аптасына 6 күн сағат таңғы 8.00-ден кешкi 20.00-ға дейiн түскi үзiлiссiз алуға болады.

Сондай-ақ, ахуалдық орталықтың бақылауынша, халыққа қызмет көрсету орталықтарында соңғы кездерi азаматтарды уақытша тiркеу қызметi бойынша орын алған кезек саны едәуiр азайған. Жыл басынан бастап 400 мыңнан астам адам уақытша тiркеуден өткен.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы»
коммерциялық емес акционерлiк
қоғамы баспасөз қызметi
тел.: 8 7172 27 06 58 (iш. 109)

Мобильдi ХҚКО арқылы мемлекеттiк қызметтi көрсмету

Ауданның шалғай ауылдарына мемлекеттiк қызметтер Мобильдi ХҚКО арқылы көрсетiледi. Мобильдi ХҚКО-ның мемлекеттiк қызмет көрсету тiзiмiне сай заңды және жеке тұлғаларға мемлекеттiк қызметтер көрсетiп, құжаттар ресiмдеп, дайын құжаттарды өздерiне тапсырып, көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтер бойынша кеңес бередi.

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпораци «Коммерциялық емес акционерлiк қоғамының Солтүстiк Қазақстан облысы филиалы Шал ақын ауданы 2017 жылдың 1-шi тоқсанына «Мобильдi ХҚКО»-ның кестесi

Ауылды мекеннің атауы Шығу саны Шығу күні

Сухорабов а/о
Сухорабовка селосы
2 2017 ж. 12.01
2017 ж. 20.01
Юбилейный а/о
Ұзынжар
2 2017 ж.13.01
2017 ж.23.01

Юбилейный а/о
Крещенка селосы
2 2017 ж. 09.02
2017 ж.17.02
Пришим а/о
Повозочное селосы
2 2017 ж.09.02
2017 ж.20.02

Семипол а/о
Семиполка селосы
2 2017 ж. 10.03
2017 ж.17.03
Новопокров а/о
Новопокровка селосы
2 2017 ж. 13.03
2017 ж. 20.03

Халыққа қызмет көрсету орталықтарының мобильдiк топтары базарлар мен оқу орындарына шықты

Бүгiннен бастап азаматтардың қолайлылықтары үшiн халыққа қызмет көрсету орталықтарының мобильдiк топтары электрондық үкiмет порталы арқылы азаматтарды уақытша тiркеу бойынша қызметтердi көрсету үшiн оқу орындарын, базарлады және сауда орталықтарын аралайтын болады.

«Уақытша тiркелiп үлгермеген азаматтардың қолайлылықтары үшiн ХҚКО-лардың мобильдiк топтары ЖОО-ларда және сауда үйлерiнде қызмет көрсететiн болады. Мобильдiк топтардың инспекторлары барлық қалаушыларға электорондық цифрлық қолтаңба жазып, электрондық үкiмет порталында уақытша тiркеуге өтiнiш ресiмдеуге көмектеседi. Бұл шығулар барлық облыс орталықтары мен Астана және Алматы қалаларында ұйымдастырылды», — дедi «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ филиалы — Мемлекеттiк қызметтердi көрсету дирекциясының директоры Әсемгүл Балташева.

Оның айтуынша, Астанада мобильдiк топтар «Артем», «Еуразия», «Азиа парк» сауда үйлерiне, ал Алматыда «Тигрохауд», «Арыстан», «Болашақ» және т.б. базарларға шығатын болады. Мобильдiк топтар барлығы 82 нүктенi, оның iшiнде ЖОО-ларды, базарларды және мемлекеттiк ұйымдарды қамтуды жоспарлап отыр.

Естерiңiзге сала кетсек, азаматтарды уақытша тiркеу қызметiн электрондық үкiмет порталы арқылы онлайн жүзеге асыруға болады. Қызмет «Азаматтық, миграция және иммиграция» тарауында қолжетiмдi. ХҚКО қызметкердерi азаматтарға уақытша тiркеуге өтiнiмдi ресiмдеуге көмектеседi, бұл ретте меншiк иесi (бiреу немесе бiрнеше) ЭЦҚ арқылы өз келiсiмiн растауы тиiс, одан кейiн өтiнiм тiркелушiнiң Жеке кабинетiне қайтып келедi. Ол онлайн режимiнде мемлекеттiк баж салығын төлеуi қажет және өз өтiнiшiнiне ЭЦҚ арқылы қол қоюы қажет. Уақытша тiркелгенiн мекенжайын тексеру үшiн азамат мекенжай анықтамасын ала алады.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы»
коммерциялық емес акционерлiк
қоғамының баспасөз-қызметi

Халыққа электрондық. цифрлық. қ.олтаңба беру бойынша мемлекеттiк корпорация жұмыскерлерiнiң шығу нүктелерiнiң (сауда нүктелерi, базарлар, оқ.у ұйымдары т.б.) тiзiмi

Қала, облыс Шығу нүктелері (сауда орындары, базар, оқу ұйымдары) Орналасқан орны
1 СҚО 1. М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
2. Солтүстік Қазақстан университетінің колледжі
3. Солтүстік Қазақстан медициналық колледжі
4. №4 Емхана ШЖҚ КМК Петропавл қаласы, «Денсаулык»
5. «Тайга» базары
Петропавл қ., Пушкин к/сі 86
Петропавл қ., Бостандық к/сі 51
Петропавл қ., Шухов к/сі 42
Петропавл қ., Шухов к/сі 34
Петропавл қ., Жамбыл к/сі 188

Ендi бала тууына байланысты жәрдемақыны тұрғылықты жерiне байланыстырмай-ақ рәсiмдеуге болады

Азаматтарға арналған үкiмет қазақстандықтардың уақытын үнемдейтiн кезектi пилоттық жобаны iске қосты. Бүгiннен бастап, жас аналар бала тууына байланысты және оның бiр жасқа дейiнгi күтiмiне жәрдемақыны бiр облыс iшiнде тiркеуiне қарамастан ресiмдеуiне болады.

Естерiңiзге түсiре кетсек, өткен жылдың қыркүйек айынан бастап «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы пилоттық жобаны iске қосқан болатын, оның шеңберiнде корпорация қызметкерлерi перзентхана ғимараттарында бiрден 4 бiрдей қызмет көрсетуге өтiнiш қабылдай алатын. Бұл қызметтер: бала тууын тiркеу, бала тууына және оны бiр жасқа дейiн күтуге жәрдемақы тағайындау, әлеуметтiк тәуекелдер жағдайына әлеуметтiк төлемдер тағайындау: бiр жасқа толғанға дейiнгi уақытта бала күтiмiне байланысты кiрiсiнен айырылу, балаларды мектепке дейiнгi мекемелерге кезекке қою. Бүгiнгi күнде бұл жобаға ҚР бойынша 206 перзентхана мен перинаталдық орталықтар жұмылдырылған.

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ басқарма төрағасы Данияр Еренчиновтiң айтуынша бала тууымен байланысты перзентханаларда көрсетiлетiн композиттiк қызметтер пилотын мемлекеттiк корпорация өткен жылдың қыркүйек айынан бастап тестiледi. Бұл ретте, жәрдемақыларды тағайындауда құжаттарды қабылдау барысында ең проблемалық мәселе эксаумақтық қағидаттың болмауы болып шықты, яғни азаматтар жәрдемақы тағайындауға тек тұрақты тiркелген жерiнен ғана өтiнiш берулерiне болатын болды.

«Басқаша айтқанда, бұрын, егер әйел Бурабайда тұрғылықты мекенжайы бойынша тiркелген болып, ал Көкшетау қаласының перинаталдық орталығында босанған болса, ол жәрдемақы тағайындау үшiн тiркелген жерi бойынша, яғни Бурабайдағы ХҚКО-ға жүгiнуiне тура келетiн. Бiз бұл мәселенi шештiк және бала тууына байланысты және оның бiр жасқа дейiнгi күтiмiне жәрдемақы тағайындауға өтiнiш қабылдауда эксаумақтық қағидатты қолдану механизмiн әзiрледiк. Бастапқыда пилоттық жоба тек облыс iшiнде ғана жұмыс iстейтiн болады, ал жақын арада эксаумақтықты барлық Қазақстан бойынша iске қосуды жоспарлап отырмыз», — дедi Еренчинов.

Сондай-ақ Еренчиновтiң айтуынша, балаларға жәрдемақы тағайындауды рәсiмдеу үшiн эксаумақтық қағидатты енгiзу — мемлекеттiк қызметтердi алуды жеңiлдетудiң кезектi қадамы, себебi, бұл 4 бiрдей қызметтi алу үшiн қазақстандықтарға құжаттардың минималды топтамасы қажет  — бұл  — ата-ананың жеке басын куәландыратын құжат, неке қию туралы куәлiк және оның көшiрмесi (Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан соң неке қиған азаматтар куәлiктiң көшiрмесiн бермейдi), баланың тууы туралы медициналық куәлiк (перзентханада берiледi), барлық балалардың тууы туралы куәлiктерi немесе ахуалдық жазбалардың көшiрмесi, банктiк шоттың нөмiрi жайлы құжат.

Пилоттық жобаны iске қосқан сәттен бастап «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы перзентханалар мен перинаталдық орталықтарды жүз мыңнан астам қызмет көрсеткендiгiн айта кету керек.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы»
коммерциялық емес акционерлiк
қоғамының баспасөз қызметi

Мемлекеттiк корпорацияның жұмыскерлерi қыстық сенбiлiк өткiздi

Мемлекеттiк корпорацияның жұмыскерлерi қыстық сенбiлiк өткiздiМемлекеттiк корпорацияның жұмыскерлерi қыстық сенбiлiк өткiздi

Азаматтарға арналған үкiметтiң орталық аппарат жұмыскерлерi жаңа жыл қарсаңында сенбiлiк өткiздi. «Таза өмiрдегi — таза болашақ» атты ұранмен екi жүзден астам әрiптес ғимарат маңындағы қарды тазалауға жиналды. Ұжымдық iс-шараға басқарма төрағасы Данияр Еренчиновтiң бастауымен Қоғамның орталық аппаратының барлығы, сондай-ақдепартамент мамандары түгел қатысты. Тазалық таңертең жұмыс уақытына дейiн басталды.

Аппарат басшысы Қайратғали Хайрулланың айтуынша, мұндай iс-шаралар ұжымды ұйымшылдыққа бастап қана қоймай, денсаулықты да шынықтырады. «Күнде өз тереземiзден қаланың коммуналдық қызметтерi қала көшелерiн қардан тазартып жүргендерiн көремiз. Ал жаңа жыл алдындағы жауған қар барлық ұжымға далаға шығып, астананы қардан тазартуда өз үлестерiн қосуға тамаша бiр себеп болды», — дедi Хайрулла.

Сенбiлiктемемлекеттiк корпорация қызметкерлерiн қолдап, iске сәттiлiк және армандарының орындалуына тiлек бiлдiруге келген Аяз Ата мен Ақшақардың келуi ұжым үшiн күтпеген жаңалық болды. Ал қар тазалау жұмысы аяқталған кезде, орталық аппарат эстафетаны Алматы қаласы бойынша жер кадастры және жылжымайтын мүлiктi техникалық тексеру департаментiндегi әрiптестерiне жолдады.

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы бiр жылда 35 миллионнан астам қызмет көрсеттi

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы 2016 жылы қазақстандықтарға 35 миллионнан астам қызмет көрсеттi, оның 33 миллионнан астамын мемлекеттiк қызмет көрсету дирекциясы көрсетсе, 1,3 миллионнан астамын «Әлеуметтiк төлемдердi ведомствоаралық есептеу орталығы» дирекциясы көрсеткен, сондай-ақ 703 мыңнан астам қызмет жылжымайтын мүлiк және жер кадастры саласы бойынша көрсетiлген.

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ басқарма төрағасының орынбасары Медет Құмарғалиевтiң айтуынша, тек қана «Connection Point» өз өзiне қызмет көрсету секторы арқылы жыл бойы 8 миллионнан астам кеңес берiлiп, қызмет көрсетiлген. «Бүгiнде бiз мемлекеттiк қызметтердi алу үшiн барынша қолайлы жағдай жасау, оларды оңтайландырып, автоматтандыру мүмкiндiктерiн қолданудамыз. Осылайша, әрбiр бөлiмде азаматтар өз бетiнше электрондық анықтамаларды алып, баланы балабақша кезегiне қойып, айыппұлдар мен баж салықтарын төлей алатын өз өзiне қызмет көрсету секторлары жұмыс iстеуде. Ол үшiн оларға осы жерде, яғни мемелекеттiк корпорацияның ғимаратында берiлетiн электрондық цифрлық қолтаңбасы болса болды», деп қосты Құмарғалиев.

Айта кетерлiгi, жыл бойы 3,5 млн. астам қазақстандықтар қолтаңбаның электрондық нұсқасына ие болды.

Сондай-ақ Қазақстанда көлiктi қайта ресiмдеу және жүргiзушi куәлiгiн беру қызметтерi көрсетiлетiн, автокөлiк иелерiне арналған 12 мамандандырылған ХҚКО жұмыс iстеуде. Жыл басынан берi мамандандырылған ХҚКО-ларда миллиондай автокөлiк қайта тiркелген, ал жүргiзушi куәлiктерiн 253 мыңнан астам адам алған.

Құмарғалиевтiң айтуынша, мемлекеттiк корпорацияның бөлiмдерi жоқ шалғай елдi мекендерде мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша жұмыстар жалғасуда. «Шалғай елдi мекендердегi тұрғындардың уақыты пен қаражатын үнемдеу мақсатында, бiздiң қызметкерлер қажеттi жабдықтармен оларға өздерi баруда. Шығу кестесi тоқсан сайын аудандық әкiмшiлiкпен бiрлесiп құрылып, жергiлiктi БАҚ-та жарияланып отырады», — деп қосты ол. Жыл басынан берi мобильдiк ХҚКО 13 мыңнан астам шығуларды ұйымдастырып, 500 мыңға жуық қызмет көрсеткен.

Естерiңiзге сала кетсек, «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы осы жылдың сәуiр айында құрылған, оның құрамына 4 РМК — «Халыққа қызмет көрсету орталығы», «Жылжымайтын мүлiк орталығы», «Жер кадастры ғылыми-өндiрiстiк орталығы», «Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталық» кiрдi. Қазiргi кезде «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясында 21 мыңнан астам адам жұмыс iстеуде. Қазақстан бойынша мемлекеттiк корпорацияның 530 мемлекеттiк қызмет көрсететiн барлығы 362 фронт-офисi жұмыс iстейдi. Осы ретте, 2017 жылдан бастап «Азаматтарға арналған үкiмет» арқылы көрсетiлетiн қызметтер саны тағы 53-ке артпақ.

Халыққа қызмет көрсету орталығының Өскемен қалалық №1 бөлiмi жаңа ғимаратқа көштi

Халыққа қызмет көрсету орталығының Өскемен қалалық №1 бөлiмi жаңа ғимаратқа көштi

Өскемен қаласының Жiбек маталар комбинаты шағын ауданы тұрғындары үшiн жағымды жаңалық — Халыққа қызмет көрсету орталығының Өскемен қалалық №1 бөлiмi жаңа ғимаратқа көшуде. Ашылу салтанатына арнайы сапармен келген «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы басқарма төрағасы Данияр Еренчинов, басқарма төрағасының орынбасары Медет Құмарғалиев және аппарат басшысы Қайратғали Хайрулла қатысты.

«Мемлекеттiк корпорация адамдарға көмек көрсету үшiн құрылған. Сонымен қатар, бiз шығындарды оңтайландыру жолдарын ойлауымыз керек. Жалға алынған ғимараттар үшiн үлкен қаражат төлеп қайтемiз, оның үстiне ол адамдар үшiн қолайсыз болса. Сондықтан бiз өз ғимаратымызда жөндеу жұмыстарын жасадық, көрiп тұрағандарыңыздай ол бұрынғыдан да жарық, жылы, үйлесiмдi. Бiздiң ең басты мақсатымыз — адамдардың өмiрiн жақсарту. Бұл бүгiн көрнекi түрде көрсетiлдi, — дедi ашылу кезiнде «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы басқарма төрағасы Данияр Еренчинов.

Қазақстан Республикасы Тәуелсiздiгiнiң 25-жылдығына орай ашылып отырған жаңа да ыңғайлы ғимарат тұрғындар үшiн ерекше сыйлық болып отыр. Жаңа ғимарат барынша кең және мемлекеттiк қызметтердi сапалы ұсынға барлық жағдайлар жасалған. Реттеу залында 44 жұмыс орны және электрондық үкiмет порталы арқылы өз беттерiмен қызмет алуға орталық мамандары көмектесетiн «Connection point» өзiне-өзi қызмет көрсету секторы, мүмкiндiктерi шектеулi жандарға қызмет ұсынатын арнайы жұмыс орны бар, сонымен қатар азаматтарды тiркеу және құжаттандыру бағыты бойынша мемлекеттiк қызмет ұсынатын көшi-қон полициясы мамандары да осы жерде орналасқан. Азаматтарға ыңғайлы болу үшiн автотұрақ та қарастырылған.

Айта кетерiмiз, аталған бөлiм осы уақытқа дейiн көп қабатты тұрғын үйдiң бiрiншi қабатында, дүкенмен бiрге, бiр алаңда орналасқан едi. Ал ендi, бөлек тұрған жаңа ғимараттың бiрiншi қабатында Халыққа қызмет көрсету орталығы департаментiнiң фронт-офисi орналасса, екiншi қабатында Жер кадастры және жылжымайтын мүлiктi техникалық тексеру департаментi мамандары орналасқан. Бұл оңтайландыру «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясынң сәуiр айында құрылғандығынан мүмкiн болды, себебi екi департамент те мемлекеттiк корпорация құрамына енген. Көшiру жұмыстарының арқасында мемлекеттiк корпорация 6 млн теңге үнемдемек, себебi бұл қаражат бұрын жалға алу үшiн жылына төлетiн. Ғимаратты жөндеу жұмыстарын өз қаражатымызға iстедiк.

Ендi «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы ұсынатын мемлекеттiк қызметтердiң барлық түрлерiн Өскемен қаласы тұрғындары мына мекенжайдан алуларына болады: Сатпаев даңғылы 34/2. Фронт-офистiң жұмыс кестесi өзгерген жоқ: дүйсенбi мен сенбi күндерi аралығында сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн, үзiлiссiз жұмыс iстейдi. Айта кетер болсақ, бүгiнде мемлекеттiк корпорация арқылы 530 мемлекеттiк қызмет көрсетiледi.

Анықтама үшiн: Күнiне №1 қалалық бөлiмге 500-600 қызметалушы келедi, соның 250 азаматы — ЫАЖ ХҚКО ақпараттық жүйесi арқылы көрсетiлетiн дәстүрлi қызметтер үшiн келсе, 200-ден астам азамат ҚҚП арқылы электронды қызмет алушылар. Әрқашан өзiне — өзi қызмет көрсету секторына үлкен жүк артылатын. Оған 100 қызмет алушы келедi. Көшi- қон полициясы бөлiмiне күнiне 100 қызметалушы келедi, оның 40-тан астамы құжаттандыру қызметi бойынша болса, 60-тан астамы тұрғылықты мекенжайы бойынша тiркелуге келедi.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында
консультативтік-кеңесшікеңестің алғашқы отырысы өтті

Консультативтік-кеңесші кеңес мемлекетттік корпорация көрсететін қызметтердің сапасын одан әрі жақсарту бойынша шараларды жетілдіру бойынша қабылданатын шешімдердің заңдылығын және тиімділігін қамтамасыз ету үшін құрылған болатын.


Жиынға Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры Тілектес Есполов,Астана қ. бойынша «Ұлттық ғылымакадемиясы» РҚБ Астана қаласы бойынша өкілдігінің директоры Зайролла Дүйсенбеков, Тиімді басқару және бәсекеге қабілеттілікті дамыту халықаралық агенттігінің президенті Гүлнар Құрбанбаева, еңбек ері, «Зейнетақы төлеу бойынша мемлекеттік орталық» РМҚМ бұрынғы бас директоры Әбдікәрім Төреқұлов, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Басқарма төрағасы Данияр Еренчинов және басқа да кеңес мүшелері қатысты. Консультативтік-кеңесші кеңестеПарламент Мәжілісінің депутаты Майра Айсина басшылық етті.

Жиналыс барысында мемлекеттік корпорацияныңстратегиялық жоспарының орындалуы мақұлданды және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру бойынша ұсынымдар берілді. Сондай-ақ, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі саласы бойынша стандарттарғамұрағаттық құжаттарды сақтау мерзімін азайту бөлігінде өзгерістер енгізу мәселелері талқыланды.

Жиналыс қорытындысы бойыншакөлік құралдарын тіркеу, жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтау бойынша және т.б.мемлекеттік қызмет стандарттарына өзгерістер енгізу ұсынылды.

Айта кету керек, Консультативтік-кеңесші кеңесжұмысының негізгі қағидаттары ашықтық пен айқындық, ал кеңестің мүшелерімемлекеттік корпорация жұмысына бей-жай қарамайтын, жұмыс сапасын жақсарту бойынша сындарлы сын мен ұсыныстарынайта алатыназаматтарболып табылады.Консультативтік-кеңесші кеңесотырысы жылына кемінде 2 рет туындайтын мәселелер сипатына байланысты өткізіліп тұратын болады.

Астанада жылжымайтын мүлік объектілерінің мемлекеттік кадастрлық есебінің өзекті мәселелері талқылануда

Астанада «Жылжымайтын мүлік объектілерінің мемлекеттік кадастрлық есебінің өзекті мәселелері» атты халықаралақ конференциясы басталды. ҚР Ауыл шаруашылық министрлігі мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы бірлесіп ұйымдастырған іс-шараға кадастрлық қызмет саласындағы салалық кәсіпорындардың және Еуразиялық экономикалық одақтың қатысушы мемлекеттердің ұйымдары мен Литва Республикасының делегациялары қатысуда. Сондай-ақ, конференцияға ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігі, ҚР Әділет министрлігі, «Қазгеодезия» РМҚМ, «Зерде» ҰИХ АҚ және «Қазақстан ғарыш сапары» Ұлттық компаниясы» АҚ өкілдері қатысуда. Конференция нәтижесінде қатысушылар ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қоймақ. 

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Басқарма төрағасының орынбасары Медет Құмарғалиевтің айтуынша конференция қатысушалары кадастрлық қызмет саласында тек тәжірибе аламсып қана қоймай, Қазақстанда жылжымайтын мүліктің біріңғай мемлекеттік кадастрын құруды дамыту перспективаларын талқылайтын болады. 

«Бұл шара біз үшін - тек қана бірегей диологтар алаңы емес, сонымен бірге Қазақстан Республикасында Біріңғай кадастрлық есеп жүйесін құру механизмі мен шешім қабылдауда бірыңғай түсіністікке келу мүмкіндігі болып табылады» - деді Медет Құмарғалиев. «Осы жылдың мамыр айында біз жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрын құруды компаниямыздың стратегиялық жоспарына енгізген болатынбыз. Бірыңғай кадастрды құру жекеленген ақпараттық жүйелерді біріктіруді, жылжымайтын мүлікті ресімдеу барысында әкімшілік кедергілерді азайтуды, сапаны жоғарылатып және жылжымайтын мүлікке құқықтарды есепке алу және тіркеу бойынша мемлекеттік қызметтің ашықтығын қамтамасыз етеді».

Бүгінгі күні мемлекеттік корпорацияда жер телімдерінің, ғимараттар мен құрлыстардың ГАЖ – қабаттары, инженерлік коммунакациялармен, жол-көшелік желілер және т.с.с. қамтыған жылжымайтын мүліктің бірыңғай кадастрының мүмкіндіктері жайлы демонстрциялық тақта жасалған. Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру дирекциясы Астана қ. бойынша 92 күрделі құрылыстар мен құрылыстарды үйлестіруді орындаған.

Астанада жылжымайтын мүлік объектілерінің мемлекеттік кадастрлық есебінің өзекті мәселелері талқылануда

Астанада жылжымайтын мүлік объектілерінің мемлекеттік кадастрлық есебінің өзекті мәселелері талқылануда

Мобилді ХҚКО мемлекеттік қызмет көрсетуі 

Мобилді халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы алыстағы елді мекенге барып мемлекеттік қызмет көрсетуде, заңды немесе жеке тұлғаларға құжат ресімдеуде мемлекетік қызмет көрсету тізіліміне сәйкес азаматтардан арыз қабылдау мен беруде, халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы көрсету тізілімі үшін, сондай-ақ азаматтарға барлық мемлекеттік қызмет жөнінде кезек беріледі.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы - «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментініғ Шал ақын аудандық бөлімінің Мобилді ХҚКО 2016 жылды 4 тоқсанынық бару кестесі

р/с Елді мекен атауы Барулар саны Бару күні
қазан
1 Новопокровка а/о Белоглинка а. 2 2016 ж.11.10 2016 ж.18.10
2 Юбилей а/о Куртай а. 2 2016 ж.12.10 2016 ж.19.10
қараша
1 Афанасьевка а/о Двойники а. 2 2016 ж.11.11 2016 ж.17.11
2 Сухорабовка а/о Неждановка а. 2 2016 ж.14.11 2016 ж.18.11
желтоқсан
1 Юбилейный а/о Белоградовка а. 2 2016 ж.13.12 2016 ж.20.12
2 Афанасьевка а/о Коргантас а. 2 2016 ж.14.12 2016 ж.21.12

«Мобилдi ХҚКО» арқылы мемлекеттiк қызмет беру

Мобилдi ХҚКО жұмыс кестесiне сәйкес, жеке елдi мекендерге бару, ХҚКО қызметкерлерi мен сондай-ақ МЗТО мамандары мемлекеттiк қызмет беруде арыз қабылдау мен дайын құжаттар берудi жүзеге асырады. «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша филиалы — «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментiнiң Шал ақын аудандық бөлiмiнiң «Мобилдi ХҚКО» 2016 жылдың III тоқсанға жұмыс кестесi

№   Елді мекен атауы Бары саны Бару күні
III тоқсан
1 Новопокровский с/о Аксу ауылы 2 2016 ж. 12.07.
2016 ж. 19.07.
2 Юбилейный с/о Куприяновка ауылы 2 2016 ж. 13.07.
2016 ж. 20.07.
3 Афанасьевский с/о Рясинка ауылы 2 2016 ж. 10.08.
2016 ж. 17.08.
4 Приишимский с/о Ортакколь ауылы 2 2016 ж. 11.08.
2016 ж. 18.08.
5 Приишимский с/о Минеевка ауылы 2 2016 ж. 12.09.
2016 ж. 19.09.
6 Новопокровский с/о Жанаксу ауылы 2 2016 ж. 14.09.
2016 ж. 21.09.

Мемлекеттiк корпорацияда қазақстандықтардың уақытын үнемдейтiн кезектi пилоттық жоба iске қосылды

Ендi жылжымайтын мүлiк объектiсiнiң жаңа техникалық паспортын алу және сәйкестендiру сипаттамаларының өзгерiстерiн тiркеу үшiн халыққа қызмет көрсету орталығына бiр рет барсаңыз жеткiлiктi. Бұрын қызмет алушы бұл мемлекеттiк қызметтi алу үшiн ХҚКО-ға кемiнде үш рет баруы қажет болатын.

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Медет Құмарғалиевтiң айтуынша, деректердiң өзгерiстерiн тiркеуге 2 фактi — қайта өлшеу кезiнде анықталған алаңның өзгерiсi және жылжымайтын мүлiк объектiсiн қайта жоспарлаған жағдайдағы сәйкестендiру сипаттамаларының өзгерiсi негiз болуы мүмкiн.

Жөндеу жұмыстарының, балкон алаңының қосылуы және т.бнәтижесiнде алаң көлемi өзгерген жағдайда, азамат сәйкестендiру деректерiнiң өзгерiстерiмен тiркелген техникалық паспортты және құқық белгiлейтiн құжатты (жекешелендiру, сыйға беру, сату-сатып алу шарты) алады.

Жылжымайтын мүлiк қайта жобаланған немесе қайта жабдықталған жағдайда, азамат жылжымайтын мүлiк объектiсiнiң сәйкестендiру сипаттамаларының өзгерiстерiн тiркетуi қажет. Ол үшiн алдымен өзгерiстердi заңдастыру үшiн сәулет органдарына жүгiну қажет, нәтижесiнде ол пайдалануға қабылдау актiсiн алады. Бiрақ, Құмарғалиевтiң айтуынша, ендi барлық құжаттар топтамасын мемлекеттiк корпорация қызметкерi жинап бере алады. Ол сенiмхат негiзiнде өз бетiнше барлық құжаттар топтамасын жинақтайды, оның iшiнде пайдалануға арналған қабылдау актiсiн де ресiмдейдi. Ал қызмет алушы ХҚКО-дан дайын құжатты алады.

Құжаттар топтамасын жинақтау қызметiн мемлекеттiк корпорация қызметкерлерi ақылы негiзде жүзеге асыратынын атап өткен жөн.

Бұл сервис мемлекеттiк корпорацияның фронт-офистерiне келуге және құжаттар жинауға уақыты жоқ азаматтарға ыңғайлы болуы үшiн ұйымдастырылған, сондай-ақ ол бизнес жүргiзу жағдайларын жеңiлдетуге арналған.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы»
коммерциялық емес акционерлiк қоғамының
Баспасөз қызметi

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясында Бiрыңғай гербарий қоры құрылды

Бүгiнде «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясындағы Бiрыңғай гербарий қоры Қазақстан Республикасындағы гербарийлердiң маңыздылығы мен сан алуандығы бойынша екiншi болып табылады. Оған Қазақстанның өсiмдiктер әлемiнiң 100 тұқымдасына жататын шамамен үш мың түрi және он мыңнан асатын жапырақтар қамтылған. Онда өсiмдiк жабынының доминанттары, бағалы жемдiк, улы, арамшөп, дәрiлiк, сирек және жойылып бара жатқан өсiмдiктер таңдалып алынған. Жусан, қорық, таулы, дала және шөл өсiмдiктерiнiң гербарийлерi жеке топтастырылған.

Басқарма төрағасының орынбасары Медет Құмарғалиевтiң айтуынша, Қазақстанда жерге орналастыру жүйесiнде геоботаникалық зерттеулер және геобатаникалық карталар жасау өткен ғасырдың 50 жылдарынан берi жоспарлы жүргiзiлуде, ол Қазақстанның өсiмдiктер әлемiндегi мұрасын сақтауға мүмкiндiк бередi. «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының құрылымына негiзiне гербарий кiретiн геоботаникалық картаны құрумен айналысатын жер кадастры ғылыми-өндiрiстiк орталығы кiргендiктен, бiз гербарий қорын жаңарту жұмысын әрдайым жүргiзiп отырамыз. Қазiргi кезде алқапқа шығу алдында геоботаник мамандар гербарий бойынша оқу курстарынан өтiп, өсiмдiк түрлерiмен танысады, оларды жүйелейдi, ал барып келген соң оның қорытындысы бойынша гербарийдi жаңа өсiмдiк түрлерiмен толықтырады», — дедi Құмарғалиев.

Сондай-ақ ол, БГҚ құрудың мақсаты өсiмдiктер морфологиясын, олардың георафиялық, экологиялық және жекеше өзгермелiлiгiн зерттеу; кез-келген аумақтағы өсiмдiк әлемiнiң құрамын құжаттандыру, сондай-ақ өсiмдiктердiң жеке түрлерiн (аймақтарға) тарату; белгiлi бiр кезеңде өсiмдiктiң өзгеруi жайлы толық мәлiметтер жинау болып табылады.

Мемлекеттiк корпорацияда Энглер жүйесi бойынша сандық гербарий құрылып, қораптарда орналасқан өсiмдiктердi тез табу үшiн каталог жасалған. Жақын уақытта гербарийдi облыстар бойынша цифрландыру жүргiзiлетiн болады және жемдiк, бал-шырынды, дәрiлiк және сол сияқты шаруашылық маңызы бойынша өсiмдiктер iрiктелiп алынады.

Бiрыңғай гербарий қорындағы өсiмдiктердiң толық флористикалық тiзiмiн құру үшiн Астана қаласы мен Қарағанды облысынан гербарийлер жеткiзiлген және аллдағы уақытта солтүстiк аймақтағы өсiмдiктер түрлерiмен толықтырылатын болады. Келешекте Бiрыңғай гербарий қорының ақпараттық-копмьютерлiк деректер базасын құру жоспарлануда.

Қазiргi таңда «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының гербарийлерiн магистранттар, докторанттар, биологиялық, ауыл шаруашылығы және географиялық мамандықтардың ғылыми қызметкерлерi жаңа жиналған өсiмдiк даналарын нақтылау және анықтау, жекелеген аймақтардың флорасын құру және тақырыптық көрме жүргiзу үшiн қолдануда.

Қазан айында мемлекеттiк корпорацияның бiрiңғай гербарий қорын құру «Мәңгiлiк мұра» жобасы шеңберiнде Қазақстан Республикасы Тәуелсiздгiнiң 25 жылдығы құрметiне өтiп жатқанын атап айтамыз.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ
баспасөз қызметi

Баланың туылуы бойынша мемлекеттiк қызметтердiң толық спектрiн ендi Қазақстанның перзентханаларында ресiмдеуге болады

Баланың туылуы бойынша мемлекеттiк қызметтердiң толық спектрiн ендi Қазақстанның перзентханаларында ресiмдеуге болады

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы жаңа пилоттық жобаны iске қосты, бұл жоба шеңберiнде баланың туылуын тiркеудi, бала туу мен оның күтiмiне жәрдемақы тағайындауды, босану және жүктiлiкке байланысты табысын жоғалтқан жағдайдағы әлеуметтiк төлемдердi ресiмдеудi, сондай-ақ баланы балабақша кезегiне қоюды жас аналар перзентханада жүзеге асыра алады. Композиттi қызмет көрсету барлық 4 қызметке бiр уақытта перзентханада өтiнiш қабылдауды бiлдiредi. «Естерiңiзге сала кетейiк, осы жылдың наурыз айында Әдiлет министрлiгi баланың туылуын тiркеу бойынша мемлекеттiк қызметтер стандартына азаматтар баланың туылуын тiркеуге өтiнiштi 3 жұмыс күнi iшiнде берулерi тиiс деген өзгерiстер енгiзген. Қазақстандықтарға қолайлы болу үшiн осы және оған iлеспе қызметтердi композиттiк түрде көрсету мүмкiндiктерiн қарастырдық. Бұл қазақстандықтардың өмiрiн жеңiлдетiп, уақыттарын үнемдейдi» — дедi «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Медет Құмарғалиев. Құмарғалиевтiң айтуынша, композит «Баланың туылуын тiркеу, оның iшiнде азаматтық ахуал актiлерi жазбаларына өзгерiстер, түзетулер мен толықтырулар енгiзу», «Бала туғанда берiлетiн және бала күтiмi бойынша жәрдемақыларды тағайындау», «Әлеуметтiк тәуекелдер жағдайларына әлеуметтiк төлемдер тағайындау: еңбекке қабiлеттiлiгiн жоғалту, асыраушысынан айырылу, жұмысынан айырылу, жүктi болу мен босануға байланысты табысынан айырылу, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылу, бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты табысынан айырылу» және «Мектеп жасына дейiнгi (7 жасқа дейiн) балаларды балалар мектепалды ұйымдарына жiберу үшiн кезекке қою» қызметтерiне қатысты болып табылады. Дайын болған туу туралы куәлiктi ата-аналар, құжат тапсырған күндi есептемегенде, 2 жұмыс күнi iшiнде халыққа қызмет көрсету орталықтарынан алуларына болады, ал жәрдемақыны тағайындау туралы ақпарат клиенттiң ұялы телефонына sms-хабарландыру арқылы түседi. Сонымен қатар, қазақстандықтар балабақша кезегiн egov.kz электронды үкiмет порталынан немесе мемлекеттiк корпорацияның фронт-офистерiндегi «Connection Point» өз өзiне қызмет көрсету секторлары арқылы көрулерiне болады. Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы 8 айда 24 миллионнан астам мемлекеттiк қызметтер көрсетiлген, оның 235 мыңнан астамы туу туралы куәлiк беру болып табылады.
«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ
баспасөз қызметi

«Азаматтарға арналған үкiмет» жұмыскерлерi перинаталдық орталыққа шығып, кеңес бердi «Азаматтарға арналған үкiмет» жұмыскерлерi перинаталдық орталыққа шығып, кеңес бердi «Азаматтарға арналған үкiмет» жұмыскерлерi перинаталдық орталыққа шығып, кеңес бердi
Өткен демалыста Қазақстанның барлық аумағында Аналар күнiн атап өттi. «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпрациясының жұмыскерлерi де бұл бейресми, бiрақ жанға жылы мейрамды тойлаудан шет қалмады және Астана қаласының №1 перинаталдық орталығына шығып, жас аналарға кеңес бердi. Перзентханадағы кездесу барысында мемлекеттiк корпорация фронт-офистерiнiң инспекторлары жас аналарға «Мемлекеттiк корпорация» фронт-офистерi арқылы ұсынылатын жүктiлiк пен босану, бала тууы және басқа да қызметтер бойынша әлеуметтiк төлемдердi рәсiмдеу бойынша түсiндiрмелер бердi. «Бiз перинаталдық орталықтың емделушiлерiне бала тууына жәрдемақыны бiр ғана өтiнiш арқылы рәсiмдеуге болатынын айтып бердiк» — дедi «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының Әлеуметтiк төлемдердi ведомствоаралық есептеу орталығы директорының орынбасары Серiкхан Сабыржанов. «Ол үшiн электрондық цифрлық қолтаңбасы мен электрондық үкiмет порталына қолжетiмдiлiк болса жеткiлiктi. Композиттiк қызмет ата-аналарға бала тууға бiр жолғы жәрдемақыны тағайындау және бiр жасқа дейiнгi бала күтiмiне әлеуметтiк төлемдердi тағайындауға бiр уақытта өтiнiш беруге мүмкiндiк бередi». Бұдан басқа, әлеуметтiк төлемдердi ведомствоаралық есептеу орталығының инспекторлары Қазақстанда әйелдер үшiн жүктiлiк демалысы төлемдерiн рәсiмдеу процедурасы жеңiлдетiлгендiгiн — ендi жұмыс орнынан еңбекақысы туралы анықтаманы ұсынудың қажетi жоқ екендiгiн айтып бердi. Ендi жүктiлiк демалысы төлемдерiн тағайындау автоматтандырылған ақпараттық жүйеде көрсетiлген нақты аударымдар бойынша жүзеге асырылады. Айтпақшы, қазақстандықтар 1411 — тегiн қызмет көрсету нөмiрi арқылы жәрдемақыны және зейнетақыны есептеу бойынша кез-келген сұрақтарын қойып, кеңес ала алады. Сондай-ақ, Сабыржановтың айтуынша, республикалық бюджеттен жәрдемақы мен әлеуметтiк сақтандыру мемлекеттiк қорынан әлеуметтiк төлемдердi алушылар қалауы бойынша жәрдемақына аудару үшiн арнайы ағымдағы шот ашуларына болады. Бұндай арнайы шотқа түскен ақшалай қаражатты банктiң несие бойынша кешiктiрiлген қарызын өтеу үшiн арқылы ұстауына жатпайды. Мемлекеттiк корпорация арқылы жыл басынан бастап барлығы 122 мыңнан астам жүктiлiк демалысы төлемдерi, 288 мың бала тууына бiржолғы төлем және 166 мың бiр жасқа дейiнгi бала күтiмi бойынша әлеуметтiк төлемдер тағайындалған. Айта кетерлiгi, аталмыш акция Қазақстан Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдығын мерекелеуге орайластырып, тек Астана қаласының перзентханасында ғана емес, сондай-ақ Павлодар, Орал, Атырау және басқа да қалаларда өттi. Мемлекеттiк корпорацияда мерейтойлық датаға арналған бұл алғашқы iс-шара емес. Жұмыскерлер мен олардың балалары «Мектепке жол», мемлекеттiк тiлдi бiлу конкурсына, спартакиадаға және балалар суреттерiнiң конкурсына қатысқан болатын.
«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы»
коммерциялық емес акционерлiк қоғамының


Азаматтарға арналған үкiмет «Мемлекеттiк тiл — тәуелсiздiк нышаны» атты республикалық конкурстың қорытындысын жариялады Азаматтарға арналған үкiмет «Мемлекеттiк тiл — тәуелсiздiк нышаны» атты республикалық конкурстың қорытындысын жарияладыАзаматтарға арналған үкiмет «Мемлекеттiк тiл — тәуелсiздiк нышаны» атты республикалық конкурстың қорытындысын жариялады
Конкурсқа облыстар, Астана мен Алматы қалалары филиалдарының арасында өткiзiлген облыстық конкурстардың қатысушылары қатысты. Үшiншi орынға Жамбыл облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментiнiң маманы Айжан Баялиева, екiншi орынға Алматы облысы бойынша «Әлеуметтiк төлемдердi ведомствоаралық есептеу орталығы» департаментiнiң маманы — Дархан Болатов, ал бiрiншi орынға Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментiнiң маманы  — Пернехан Досан ие болды. Ол мемлекеттiк тiл туралы өзi шығарған патриоттық әсерлi туындысымен әдiл қазылар алқасының есiнде ерекше сақталып қалды. «Бiздiң конкурс 5 кезеңнен тұрды, бұл — дәстүрлi өзiн-өзi таныстыру, мақал-мәтелдер сайысы, өнер сайысы, интеллектуалдық сұрақтар және де мемлекеттiк тiлде құжаттар дайындау. Өйткенi бiздiң басты мақсатымыз — мемлекеттiк қызметтердi сапалы көрсету. Барлық үмiткерлер конкурсқа аса жауаптылықпен қарады, дегенмен ең мықтысы жеңiске жеттi», — деп атап өттi Басқарма төрағасының орынбасары Медет Құмарғалиев. Құмарғалиевтiң айтуынша, конкурстың қазылар алқасының құрамы ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнiң, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгiнiң Тiлдердi дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетiнiң, «Нұр Отан» партиясының, үкiметтiк емес ұйымдардың өкiлдерiнен және т.б. тұрды. «Бүгiнгi күнi мен «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясын республикадағы негiзгi мекемелердiң бiрiне жатқызамын, себебi сiздер қызметтер көрсету кезiнде адамдармен үнемi қарым-қатынаста боласыздар. Мен қазақ тiлi саласындағы маманы ретiнде аталған конкурсты — маңызды және өте дұрыс iс-шара деп айта алам. Менiңше, осы iспеттес шараларды ұлттық компанияларда, акционерлiк қоғамдарда, үкiметтiк емес ұйымдарда, тiптi мемлекеттiк органдар да өткiзiп тұрудың пайдасы зор, — деп атап өттi Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгiнiң Тiлдердi дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетiнiң Тiл саясатын талдау және мониторинг басқармасының басшысы Толқын Жолдыбайқызы Исақова. Бұл орайда, конкурстың жеңiмпаздарына естелiк сыйлықтар берiлгендiгiн атап өту керек. «Мен қазақ тiлiнiң мәртебесiн асқақтатып жүргенiме және Оңтүстiк Қазақстан облысының атынан осыны тағы бiр мәрте дәлелдей алғаныма аса қуаныштымын» дейдi конкурстың жеңiмпазы Пернехан Досан. «Мемлекеттiк тiл — тәуелсiздiк нышаны» атты республикалық конкурсының Қазақстан Республикасы Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдығына және жыл сайын Қазақстанда ҚР Тiлдер күнiне орайластырылып өткiзiлгендiгiн еске саламыз.
«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ
баспасөз қызметi

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының 1-шi республикалық спартакиадасының жеңiмпаздары анықталды «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының 1-шi республикалық спартакиадасының жеңiмпаздары анықталды«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ департаменттерi арасында жалпы командалық есепте бiрiншi орынды Оңтүстiк Қазақстан облысының құрамасы алды. Ал футбол бойынша бiрiншi орынды Қостанай облысы, волейбол мен шахмат бойынша ОҚО құрамасы, арқан тартуда Маңғыстау облысының құрамасы, эстафетада Солтүстiк Қазақстан облысының құрамасы алды. Мемлекеттiк корпорация Қазақстан Республикасының 25 жылдығын тойлауға орай өзiнiң жұмыскерлерi арасында 8-10 қыркүйек аралығында 1-шi республикалық спартакиада өткiздi. Шараға 14 облыстық, Астана және Алматы қалаларының филиалдарынан, сондай-ақ мемлекеттiк корпорацияның орталық аппаратының 17 команда құрамасы қатысты. «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Медет Құмарғалиевтiң айтуынша, өңiрлiк деңгейдегi iрiктеу турларында департаменттердiң 18 мыңға жуық қызметкерлерi қатысқан, бiрақ Алматы қаласына бiрiншi командалық орынға таласуға барлығы 289 адам қатысты. «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» жас және перспективтi дамып келе жатқан ұйым. Ол 4 мекеменiң бiрiгуi арқылы құрылғандықтан, қазiргi уақытта ұжымның бiрiгуi мен ынтымақтасу қажеттiлiгi бар, ал спорт адамдарды жақындастырмайды ма? Бүгiн тек бiз ғана емес, барлық Қазақстан оған үлкен көңiл бөлуде», — деп атап өттi. Медаль үшiн күрес 5 спорт түрi бойынша өттi, бұл мини-футбол, волейбол, шахмат, арқан тарту және эстафета. Бастапқы кезеңде қатысушылар сегiзден бiр финалға, одан кейiн ширек финалға өту үшiн күрестi. «Барлық қарсыластар өте күштi болды, дайындық республикалық спартакиадаға кiм қатысатындығы белгiлi болғаннан дейiн жүргiзiлдi. Соңына дейiн бiздiң жеңетiндiгiмiзге сенген жоқпын, мiне бүгiн еркiн демалуға болады, себебi спартакиаданың «алтыны» Оңтүстiк Қазақстанға барады», — дедi Оңтүстiк Қазақстан облысы құрама командасының капитаны, Оңтүстiк Қазақстан бойынша «Әлеуметтiк төлемдердi ведомствоаралық төлеу орталығы» департаментiнiң директоры Бахыт Басынбек. «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы осы жылдың сәуiрiнде «Халыққа қызмет көрсету орталығы», «Зейнетақы төлеу жөнiндегi орталық», «Жылжымайтын мүлiк орталығы» және «Жер кадастры ғылыми-зерттеу орталығы» 4 РМК базасында құрылғандығын еске саламыз. Қазiргi уақытта мемлекеттiк корпорацияда әртүрлi лауазымдарда 21 мыңнан астам адам жұмыс жасайды.
«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ
баспасөз қызметi

Қазақстандық компаниялар халықаралық конференцияда өз тәжiрибелерiмен бөлiстi Қазақстандық компаниялар халықаралық конференцияда өз тәжiрибелерiмен бөлiстi Бурятияда «Ресей мен Еуразия елдерiнiң зейнетақы реформалары: проблемалар мен шешiмдер» тақырыбында конференция өттi. Қазақстанды «Азаматтарға арналған үкiмет» КЕ АҚ, «Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қоры» АҚ және «Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ бiлдiрдi. Бiздiң елiмiз үшiн басқа елдердiң халыққа қызмет көрсетудегi тәжiрибелерiн зерттеу мүмкiндiгi ерекше назарда болды. Қатысушылардың баяндамаларынан байқалғандай, көптеген республикаларда зейнетақымен қамтамасыз етудiң ортақ жүйесi әрекет етедi, ал жинақтаушы компонент — тек даму сатысында ғана. Қатысушы елдердiң күрделi экономикалық жағдайларын ескерсек, зейнетақы төлеудiң барабарлығын қамтамасыз етуде проблемалар туындайды. Форумда Бурятия Республикасы электронды мемлекеттiк қызметтердi енгiзу бойынша РФ зейнетақы қоры арасында алдыңғы қатарда тұрғаны атап көрсетiлдi. Басқа өңiрлер үлгi ретiнде Бурятия Зейнетақы қорының орталықтандырылған зейнетақы төлеудi тағайындау тәжiрибесiн алып, қазiр оны зерделеуде. Сонымен қатар, Бурятияда ұжымның қолайлы микроклиматын жасауға бағытталған iс-шаралар белсендi түрде жүргiзiлуде. Мәселен, кәсiподақ қаражаты есебiнен (жарналар жалақының 2%-ын құрайды әрбiр өңiрде психологиялық жеңiлдену бөлмесi, тренажер залы, би, йога залы ұйымдастырылған. Жыл сайын ұжымның кадрлық-психологиялық аудитi жүргiзiледi. Жұмысқа қабылдағанда психологтың кеңесi мiндеттi түрде қажет. Сондай-ақ қызметкерлер, зейнеткерлер арасында спартакиадалар ұйымдастырылады. Мұндай тәжiрибе көптеген қазақстандық компанияларға пайдалы болуы мүмкiн. Қазақстан Рспубликасында мемлекеттiк қызет көрсетудiң бiрыңғай провайдерiнiң тәжiрибесiмен «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының атынан мемлекеттiк корпорацияның Стратегиялық жоспарлау және даму департаментiнiң директоры Әлия Оспанова бөлiстi. Ол ағымдағы жылғы сәуiрде көп сұралатын мемлекеттiк қызметтердi бiрiктiрген және құрамына төрт мемлекеттiк кәсiпорынды: халыққа қызмет көрсету орталығы, жылжымайтын мүлiк орталығы, зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталық және жер кадастры ғылыми-өндiрiстiк орталығы кiретiн «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы құрылғанын айтты. Сондай-ақ мемлекеттiк корпорацияға елiмiздiң аумақтық ерекшелiктерiн ескере отырып, мысалы халыққа, оның iшiнде шалғай елдi мекендердiң тұрғындарына мемлекетiк қызмет көрсетудiң қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ету бойынша Елбасы қойған мiндеттердi орындау шеңберiнде, мемлекеттiк корпорацияда жұмыс iстейтiн, халыққа мемлекеттiк қызметтерге қолжетiмдiлiктi қамтамасыз етуге мүмкiндiк беретiн 70 Мобильдi халыққа қызмет көрсету орталықтары секiлдi әртүрлi ноу-хаулармен бөлiстi. «Ауылдарға бару кезiнде тұрғындар тек мемлекеттiк қызметтердi алып қана қоймайды, сондай-ақ әлеуметтiк көмек, жұмыспен қамту және жаңа мамандандықтарға оқыту мәселелерi бойынша кеңестер алады», — деп атап көрсеттi Әлия Оспанова. Қазақстаннның шалғайдағы елде мекендердiң тұрғындарына мобильдi ХҚКО құру арқылы мемлекеттiк қызметтердi көрсету тәжiрибесi форумға қатысушылардың қызығушылығын тудырды. Конференцияда мемлекеттiк корпорацияның Қазақстанда Мемлекеттiк корпорацияны құру тәжiрибесiн енгiзу және тәжiрибе алмасу бойынша ақпараттық-консультативтiк пен әдiстемелiк қолдау көрсету аясында барлық елдермен өзара тиiмдi ынтымақтастыққа дайын екендiгi атап көрсетiлдi. Форумды ұйымдастырушы Халықаралық зейнетақы және әлеуметтiк қорлар қауымдастығы (ХЗӘҚҚ) болды. Оның құрамына ТМД 10 елiнiң және Грузияның мекемелерi кiрдi. Форумда Ресейдiң, Белорусьтiң, Бурятияның, Молдованың, Тәжiкстанның, Грузияның, Қырғызстанның, Монғолияның және Өзбекстанның делегациялары қатысты. Сондай-ақ «Газфонд» мемлекеттiк емес зейнетақы қорының, «Еңбек министрлiгiнiң еңбек және әлеуметтiк сақтандыру ҒЗИ» ФМБМ, «Зейнетақы журналының редакциясы» ЖШҚ, «РотаК» ЖШҚ, «Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қоры» АҚ, «Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ және Халықаралық зейнетақы және Халықаралық зейнетақы және әлеуметтiк қорлар қауымдастығының өкiлдерi қатысты. Анықтама: «Азматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» коммерциялық емес акционерлiк қоғамы «100 нақты қадам» — Ұлт жоспарын жүзеге асыру аясында Мемлекет Басшының тапсырмасы бойынша құрылды. «ХҚКО», «Жер кадастры ғылыми-өндiрiстiк орталығы», «Жылжымайтын мүлiк орталығы» және «Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталық» — төрт РМК-нi бiрiктiрген ұйым мемлекеттiк қызметтердiң бiрыңғай провайдерi болып 2016 жылғы 11 сәуiрде жұмысын бастады.
«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ
баспасөз қызметi


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттi қалыптастыру үшiн «Азаматтарға арналған үкiметте» бiрқатар iс-шаралар өттi Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттi қалыптастыру үшiн «Азаматтарға арналған үкiметте» бiрқатар iс-шаралар өттi«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ-та сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрiнiстерiне төзбеушiлiк атмосферасын құру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттi қалыптастыру» — дәл осы тақырыпта мемлекеттiк корпорацияның орталық аппаратының, Астана қаласы бойынша дирекциялары мен департаменттерiнiң жұмыскерлерi үшiн бiрқатар iс-шаралар өткiзiлдi. «Азаматтарға арналған үкiметтiң» Тәуекелдердi басқару және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл департаментiнiң қолдауымен өткiзiлген iс-шараларға ҚР Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаты Анар Жайылғанова, «Нұр Отан» партиясы «Бiрлiк» филиалы төрағасының бiрiншi орынбасары Әлия Кайшарова, ҚР Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгiнiң Астана қаласы бойынша департаментiнiң басшысы Тiлеген Каскин қатысты. «Азаматтарға арналған үкiметтiң» Тәуекелдердi басқару және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл департаментiнiң директоры Бауыржан Талдықбаевтың айтуынша, мұндай iс-шаралардың негiзгi мақсаты — сыбайлас жемқорлық фактiлерiнiң алдын алу және оған жол бермеу, мемлекеттiк корпорацияның жұмыскерлерi арасында сыбайлас жемқорлыққа төзбеушiлiктi көрсететiн құндылықтар жүйесiн нығайту. «Бүгiнде әрқайсымыздың алдымызда халықтың құқықтық сауаттылық деңгейiн арттыру, «Сыбайлас жемқорлықсыз мемлекет — гүлденген мемлекет» идеологиясын алға тарту, мемлекеттiк корпорацияның барлық қызметкерлерi арасында, сондай-ақ «Нұр Отан» партиясымен, құқық қорғау органдарымен және басқа да қоғамдық бiрлестiктермен және ұйымдармен бiрлесiп, сыбайлас жемқорлыққа «нөлдiк» төзушiлiк атмосферасын құру мәселесi тұр. Сыбайлас жемқорлықпен күресу — баршаның және әр азаматтың мiндетi. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жауапкершiлiгi тек қана мемлекетке емес, әрбiр жеке азаматқа жүктелетiнiн есте сақтауымыз қажет. Мемлекет пен қоғамның бiрлiгi және өзара сенiмдiлiгi ғана сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға мүмкiндiк бередi», — дейдi Талдықбаев. Бауыржан Талдықбаев атап көрсеткендей, мұндай iс-шаралар «Нұр Отан» партиясының, құқық қорғау органдарының, үкiметтiк емес ұйымдар мен басқа да ұйымдардың өкiлдерiнiң қатысуымен мемлекеттiк корпорацияның барлық аумақтық департаменттерiнде жүйелi түрде өткiзiлетiн болады. «Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы»
коммерциялық емес акционерлiк қоғамының
Баспасөз қызметi


«Азаматтарға арналған үкiметте» бiрыңғай ұйымдастырушылық құрылым енгiзiлдi  «Азаматтарға арналған үкiметте» бiрыңғай ұйымдастырушылық құрылым енгiзiлдi«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясында лауазымдардың бiрыңғай тiзiлiмi жасалып, еңбекақы төлеу жүйесi теңдестiрiлген. Бұл ұйымдастырушылық құрылымды бiрiздендiруге және оңтайландыруға мүмкiндiк бердi. Бұған дейiн, 2016 жылғы сәуiрде құрылған мемлекеттiк корпорацияның құрамына кiрген «Жер кадастры ғылыми-өндiрiстiк орталығы» РМК-де, «Жылжымайтын мүлiк орталығы» РМК-де, «Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталық» РМҚК-де және «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК-де еңбекақы төлеудiң бөлек-бөлек жүйесi және лауазымдар тiзбесi болған. «Азаматтарға арналған үкiмет» Басқармасы төрағасының орынбасары Диханбай Әбеновтiң айтуынша, құрылымды қайта ұйымдастыру қолданыстағы еңбекақы төлеу қоры шеңберiнде жүргiзiлген. «Төрт мекеме бiрiктiрiлгеннен кейiн бiз құрылымдық бөлiмшелер құрамына және әрбiр бағыт аясындағы қызметтiң бөлiнуiне талдау жасадық. Жалақы деңгейiнiң тек кәсiпорындардың өзiнде ғана емес, басқа өңiрлерде де айырмасы болды», — дедi Әбенов. Сондай-ақ, бiрiздендiру аясында басшылық құрамның саны 53%-ға оңтайландырылды. Мұнда бiрде бiр қызметкер жұмыстан босатылған жоқ. Мемлекеттiк корпорацияның барлық қызметкерлерiне олардың мамандықтарына, кәсiбi мен бiлiктiлiгiне сәйкес жаңа лауазымдар ұсынылды. Диханбай Әбенов: «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясын құру мемлекеттiк қызметтердiң басым бөлiгiн бiрыңғай құрылымға бiрiктiрiп қана қойған жоқ. Құрылымдық бөлiмшелердiң басшылық әкiмшiлiк штатын оңтайландыру бiзге мемлекеттiк қызмет саласында сыбайлас жемқорлықты құрайтын бюрократиялық кедергiден арылуға мүмкiндiк бердi. Атап айтқанда, мемлекеттiк қызмет көрсетуде үлкен жүктемесi болатын қарапайым инспекторлардың жалақысын арттыруға оңтайландырылғаннан кейiн босатылған қаржы бағытталады. Бұл еңбекақы төлеу қорын ұлғайтпай ақ корпорацияның қарапайым қызметкерлерiнiң жұмыс жағдайын жақсартуға мүмкiндiк бередi» — деп түсiндiре отырып, қатардағы қызметкерлердiң айлықақысының көтерiлуi 20%-ды құрайтындығын атап өттi. Сондай-ақ еңбекақы төлеу жөнiндегi жаңа ережеде қосымша еңбекақы төлеу қоры қарастырылған, мұнда жеке жұмыс нәтижесi, жүктемесi, сондай-ақ жұмыс өтiлi ескерiле отырып, ынталандырушы қосымша ақылар мен әртүрлi үстемеақылар болады. «Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы»
коммерциялық емес акционерлiк
қоғамының баспасөз қызметi


Қазақстандықтар үшiн мүгедектiгi бойынша төлемдердi алу рәсiмi жеңiлдетiлдi Қазақстандықтар үшiн мүгедектiгi бойынша төлемдердi алу рәсiмi жеңiлдетiлдiЖаңа композиттiк қызмет мүгедектiктi белгiлеу мен жәрдемақы тағайындау рәсiмiн айтарлықтай жеңiлдеттi. Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрлiгi мен «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының бiрлесiп атқаратын жұмысы қазақстандықтар үшiн мемлекеттiк жәрдемақыларды алуды жеңiлдетуге бағытталған. «Бұған дейiн мүгедектiктi белгiлеу үшiн жүгiнген адам алдымен медициналық-әлеуметтiк сараптама бөлiмшесiне баратын. Осы рәсiмнен кейiн ғана әлеуметтiк жәрдемақы тағайындау үшiн ЗТМО-ға жүгiнетiн едi,» — дейдi «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ филиалы — ЗТМО дирекциясы директорының орынбасары Серiкқан Сабыржанов. «Ендi медициналық-әлеуметтiк сараптама бөлiмшесiне келу жеткiлiктi, мұнда мүгедектiк белгiленгеннен кейiн азамат үш мемлекеттiк қызметке: мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыға (МӘЖ), республикалық бюджеттен төленетiн мүгедектiгi бойынша арнаулы мемлекеттiк жәрдемақыға (АМЖ), сондай-ақ «Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қоры» АҚ-дан еңбек ету қабiлетiнен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтiк төлемге бiр өтiнiш бере алады. Өтiнiштегi банктiк шоты көрсетiле отырып, ақпарат автоматты түрде зейнетақы төлеу жөнiндегi орталыққа жiберiледi», — деп атап өттi Сабыржанов. Әдiлет министрлiгiнiң ақпараттық жүйесi және мүгедектердiң орталықтандырылған деректер қорын интеграциялау нәтижесiнде өтiнiштi қабылдау кезiнде қағаз құжат айналымы толықтай жойылды, ал жеке басын куәландыратын құжат туралы мәлiметтердi, тұрғылықты жерi бойынша тiркеудi электрондық үкiмет шлюзi арқылы жеке тұлғалардың мемлекеттiк деректер қорының ақпараттық жүйесiнен алады. Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан берiлетiн төлемдер әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнiң қатысушыларына ғана тиесiлi екендiгiн естен шығармау керек. Осылайша, жылдың басынан берi мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы алуға 16 989 өтiнiш және республикалық бюджеттен төленетiн мүгедектiгi бойынша арнаулы мемлекеттiк жәрдемақыға 17 590 өтiнiш қабылданған, «Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қоры» АҚ-нан еңбек ету қабiлеттiнен айрылу жағдайы бойынша 7 689 әлеуметтiк төлем тағайындалды. «Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы»
коммерциялық емес акционерлiк
қоғамының Баспасөз қызметi

Қазақстанда жүктiлiгiне және босануына байланысты төлемдердi ресiмдеу рәсiмi жеңiлдедi Қазақстанда жүктiлiгiне және босануына байланысты төлемдердi ресiмдеу рәсiмi жеңiлдедiЖүктiлiгiне және босануына байланысты табысынан айрылу жағдайына әлеуметтiк төлемдердi есептеуге қажеттi құжаттар топтамасы қысқартылды. Бұл Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрлiгi мен «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының бiрлескен жұмысының арқасында мүмкiн болып отыр. Ендi, өтiнiш берген кезде әйелдерге соңғы 12 айға жұмыс орынан табыстары туралы анықтама ұсыну қажет емес. Жеке куәлiгiн, еңбекке жарамсыздық парағы мен банктiк шотын ұсыну жеткiлiктi. Жеке кәсiпкер куәлiгi бар әйелдерге сондай-ақ ЖК тiркеу туралы куәлiк пен салықтары бойынша салыстырып тексеру актi қажет болады. «Бұрын мемлекеттiк корпорацияның жұмыскерлерi автоматтандырылған ақпараттық жүйеге нақты аударылған әлеуметтiк аударымдарды жұмыс орнынан берiлген анықтамада көрсетiлген сомалармен салыстырып тексеру жүргiзетiн және сәйкес болмаған жағдайда өтiнiш берушiге нақтылау үшiн құжаттар қайтарылатын», — дейдi «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы ЗТМО дирекциясы директорының орынбасары Серiкқан Сабыржанов. «Қазiр, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан берiлетiн әлеуметтiк төлемдер мөлшерлерiн тағайындау қағидасына енгiзiлген өзгерiстердiң арқасында жүктiлiгiне және босануына байланысты төлемдердi тағайындау автоматтандырылған ақпараттық жүйеде қамтылған нақты аударылған аударымдар бойынша жүзеге асырылатын болады. Жүктiлiгiне және босануына байланысты төлемдердiң мөлшерi есептелген және аударылған әлеуметтiк аударымдардың дұрыстығына жауапкершiлiк көтеретiн жұмыс берушiге тiкелей байланысты екендiгiн есте сақтау қажет», — деп түсiндiрдi Сабыржанов. Сонымен қатар, жүктiлiгiне және босануына байланысты табысынан айрылу жағдайына әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерi соңғы 12 айға орташа айлық табысын еңбекке жарамсыздық күнiнiң санын отыз күнтiзбелiк күнге бөлу арқылы алуға болатын еңбекке жарамсыздық (науқастанған) күнiнiң саны коэффициентiне көбейтумен айқындалады. Мысалы, әйел орташа айлық табысы 95 000 теңгемен 12 ай ұйымда жұмыс iстедi. Еңбекке жарамсыздық парағы 126 күн болса, еңбекке жарамсыздық күнi санының коэффициентi 4,2 тең. Демек, жүктiлiгiне және босануына байланысты бiржолғы төлем зейнетақы аударымдарын шегерусiз 399 000 теңгенi құрайды. Зейнетақы мен жәрдемақы есептеу жөнiндегi кез келген мәселе бойынша консультацияны қазақстандықтар 1411 тегiн нөмiрiне қоңырау шалып алуына болады және сұрақтарын қоя алады. Барлығы мемлекеттiк корпорация арқылы жылдың басынан берi 97,5 мың жүктiлiгiне және босануына байланысты табысынан айрылу жағдайына әлеуметтiк төлем тағайындалды. «Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы»
коммерциялық емес акционерлiк
қоғамының баспасөз қызметi


Бала тууына берiлетiн жәрдемақыны бiр ғана өтiнiшпен рәсiмдеуге болады Бала тууына берiлетiн жәрдемақыны бiр ғана өтiнiшпен рәсiмдеуге боладыБала өмiрге келген сәттен бастап ата-анасының бiрi бiржолғы жәрдемақы алуға және бiр жасқа толғанға дейiнгi бала күтiмiне байланысты әлеуметтiк төлемдерге қақысы бар. Ендi бұл жәрдемақыларды «Азаматтарға арналған» мемлекеттiк корпорациясының фронт-офистерiнде электрондық үкiмет порталы арқылы бiр ғана өтiнiш берiп ресiмдеуге болады. «Азаматтарға арналған» мемлекеттiк корпорациясының филиалы — ЗТМО директорының орынбасары Серiкхан Сабыржановтың айтуынша, ата-ананың электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда, «Connection point» өз өзiне қызмет көрсету секторларында немесе үйде отырып-ақ аталған жәрдемақыларға өтiнiш беруге болады. Электрондық үкiмет порталы арқылы берiлген өтiнiш жәрдемақы тағайындау туралы шешiм қабылдайтын Зейнетақы төлеу жөнiндегi орталыққа автоматты түрде жiберiледi. Бұрын бұл қызметтi алу үшiн азаматтар аталмыш жәрдемақыларды тағайындауға қатысатын барлық мемлекеттiк органдарға өзi баруы қажет болатын. Айтпақшы, бiр жасқа дейiнгi бала күтiмiне байланысты әлеуметтiк төлемдердi өз бетiнше формула арқылы есептеуге де болады. Ай сайынғы төлем көлемi соңғы 24 айдағы орташа айлық кiрiстi 0,4 — кiрiстi алмастыру коэффициентiне көбейту арқылы анықталады. Мысалы, соңғы екi жылдағы орташа айлық табысыңыз 60 мың теңгенi құраса, онда ай сайынғы төлем көлемi 24 мың теңгенi құрайды. Ал жұмыссыз аналарға төленетiн ай сайынғы әлеуметтiк төлем мөлшерi бiрiншi бала үшiн 5,76 АЕК, екiншi бала үшiн 6,81 АЕК, үшiншi бала үшiн 7,85 АЕК және төртiншi бала үшiн 8,90 АЕК-тi құрайды. 2016 жылы бiржолғы жәрдемақы көлемi бiрiншi, екiншi және үшiншi балалар үшiн 31,41 АЕК және төртiншi бала үшiн 52,35 АЕК-тi құрайды. Жыл басынан берi мемлекеттiк корпорация арқылы 116 мың бала тууына берiлетiн жәрдемақы және бала күтiмiне байланысты әлеуметтiк төлемақы тағайындалған, оның iшiндегi 656 жәрдемақы мен әлеуметтiк төлемдер электрондық портал арқылы тағайындалған.
«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ
баспасөз қызметi


1 және 2-топтағы мүмкiндiгi шектеулi жандар «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы көрсететiн қызметтердi үйде отырып ала алады 1 және 2-топтағы мүмкiндiгi шектеулi жандар «Азаматтарға арналған үкiмет» көрсететiн қызметтердi мемлекеттiк корпорацияның фронт-офистерiне бармай-ақ ала алады. «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы жұмысын бастағалы берi мобильдiк топтар 3 670 мүмкiндiгi шектеулi жандарға барып, 5 761 қызмет көрсеттi. Олардың iшiнде жылжымайтын мүлiк пен құжаттандыру бойынша қызметтерге, электрондық анықтамаларға көп сұраныс көп. «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Нұрбек Оршубековтiң айтуынша, мемлекеттiк корпорация 1 және 2-топтағы мүмкiндiгi шектеулi жандардың үйiне барып қызмет көрсету бойынша ХҚКО тәжiрибесiн жалғастырып отыр. Азаматтар мобилдiк топты шақыру үшiн Бiрiңғай байланыс орталығының 1414 нөмiрiне телефон шалулары керек. Мемлекеттiк корпорацияның қызметкерлерi оған 72 сағат iшiнде барады. Жалпы, мемлекеттiк корпорация мүмкiндiгi шектеулi жандарға мемлекеттiк қызмет көрсетуге көп көңiл бөлiп отыр. Халыққа қызмет көрсету орталықтарында арбадағы мүгедектер үшiн пандустар, шақыру нүктелерi орнатылған. Сонымен қатар «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясында әр түрлi қызметтерде 360 мүмкiндiгi шектеулi жандар жұмыс iстейдi. Мемлекеттiк корпорация өз жұмысын осы жылдың 11 сәуiрiнде «Жер кадастры ғылыми өндiрiстiк орталығы» РМК, «Жылжымайтын мүлiк орталығы» РМК, «Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталық» РМҚК және «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК-нiң қайта құрылуы жолымен бастағанын естерiңiзге саламыз. Бүгiнгi таңда «Азаматтарға арналған үкiмет» арқылы 530 мемлекеттiк қызмет көрсетiледi.
«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы»
КЕ АҚ Баспасөз қызметi


«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы балалар суреттерi конкурсының қорытындысын шығарды Астанада «Қазақстан бала көзiмен» тақырыбында Астана күнiне арналған балалар суреттерi конкурсының жеңiмпаздарын марапаттау салтанаты өттi. Конкурс «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» коммерциялық емес акционерлiк қоғамы қызметкерлерiнiң балалары арасында өткiзiлдi. ҚР Премьер-Министрiнiң орынбасары Дариға Назарбаева мен ҚР Ақпаратжәне коммуникациялар министрi Дәурен Абаев конкурстың жеңiмпаздарына марапат қағаздары мен сыйлықтарды ұсынды. Салтанатты марапаттау кезiнде Дариға Назарбаева осындай дарынды балаларды тәрбиелегендерi үшiн олардың ата-аналарына алғыс айтып, мерекелiк iс-шараға қатысушылардың барлығын Астана күнiмен құттықтады. Ең үздiк суретшiлер үш санат бойынша таңдалды: 7 жасқа дейiнгi балалар, 7 жас пен 11 жас аралығындағы және 11 жас пен 15 жас аралығындағы балалар. Бiрiншi, екiншi және үшiншi орындардың сыйлықтары Алматы, Қостанай, Павлодар, Атырау, Қызылорда облыстарының, сондай-ақ СҚО және ОҚО еншiсiнде кеттi. Ал балалар суреттерi конкурсының гран-приi Ақмола облысынан келген 5 жасар Диас Карамкасов пен 8 жасар Даяна Идрисоваға және қарағандылық 12 жасар Анель Имишоваға бұйырды. «Конкурсанттардың жалпы санынан жеңiмпаздарды анықтау өте қиын болды. Қатысушылар сурет салудың кез-келген техникасы — гуашпен, акварельмен, қарындашпен, фломастермен салынған суреттердi ұсынған. Барлық жұмыстар ашық бояулы және қызықты болды. Бiздiң конкурстың мақсаты — балаларды Отанына деген сүйiспеншiлiк пен патриоттыққа тәрбиелеу болып табылады», — дедi «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорация» КЕ АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Нұрбек Оршубеков. Астана күнi құрметiне балаларға мерекелiк демалыс ұйымдастырылды. Балалар алғашқы Президенттiң мұражайында, ҚР ұлттық мұражайында, мұхитаралда, джунглиде, «Атамекен» этно-мемориалды кешенiнде болып, «Байтерек» монументi алаңынан астанамыздың орталығына шолу жасады. Еске салсақ, мемлекеттiк корпорация «Жер кадастры ғылыми-өндiрiстiк орталығы» РМК, «Жылжымайтын мүлiк орталығы» РМК, «Зейнетақы төлеу бойынша мемлекеттiк орталық» РМҚК және «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК — 4 кәсiпорынды қайта құра отырып, жұмысыносы жылдың 11 сәуiрiнен бастаған болатын. Бүгiнгi таңда корпорация Қазақстан бойынша 20 мыңнан астам қызметкердiң басын бiрiктiрдi.«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы балалар суреттерi конкурсының қорытындысын шығарды
«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы»
коммерциялық емес акционерлiк
қоғамының баспасөз қызметi


Ашық үкiмет Өткен жылдың мамыр айында, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев әлемнiң дамыған 30 елдердiң қатарына кiру мақсатында бес институционалдық реформаларды жүзеге асыру үшiн 100 нақты қадамдарды белгiлеген. Солардың iшiндегi соңғы 10 қадам «Есеп беруге мiндеттi үкiметтi қалыптастыру» реформасын iске асыруға бағытталған. Атап айтқанда, 94-шi қадамда Ашық үкiметтi жүзеге асыру мiндеттерi белгiленген. «Ашық үкiметтiң» мақсаты — ашық және халық алдында есеп беруге мiндеттi мемлекеттi құру, азаматтардың мемлекеттiк басқару саласындағы құқықтары мен мүмкiндiктерiн кеңейту, жемқорлыққа қарсы күрестi күшейту мен жаңа технологияларды мемлекеттiк басқару тиiмдiлiгiн арттыру үшiн қолдану болып табылады. Ашық үкiмет мынадай 5 компонеттен тұрады: ашық деректер, ашық НҚА (нормативтiк құқықтық актiлер), ашық диалог, ашық бюджеттер және мемлекеттiк органдар қызметiнiң тиiмдiлiгiн бағалау. Бес порталдың iшiнен төрт портал қазiргi кезде жұмыс iстеуде, ал мемлекеттiк органдар қызметiнiң тиiмдiлiгiн бағалау порталы келесi жылдан бастап жұмысын бастайды.Ашық үкiмет
ҚР ИДМ БААК
Баспасөз қызметi


«Мобилдi ХҚКО» арқылы мемлекеттiк қызмет беру Мобилдi ХҚКО жұмыс кестесiне сәйкес, жеке елдi мекендерге бару, ХҚКО қызметкерлерi мен мемлекеттiк қызмет беруде арыз қабылдау мен дайын құжаттар берудi жүзеге асырады. СҚО «ХҚКО» РМК филиалының Шал ақын ауданы бойынша бөлiмде «Мобилдi ХҚКО» 2016 жылдың II тоқсанға жұмыс кестесi
Елді мекен атауы Бары саны Бару күні
II тоқсан
1. Сухорабовский с/о
Ольгинка ауылы
2 2016 ж. 11.04.
2016 ж. 15.04.
2. Юбилейный с/о
Крещенка ауылы
2 2016 ж. 12.04.
2016 ж. 18.04.
3. Новопокровский с/о
Енбек ауылы
2 2016 ж. 12.05.
2016 ж. 19.05.
4. Семипольский с/о
Балуан ауылы
2 2016 ж. 13.05.
2016 ж. 20.05.
5. Афанасьевский с/о
Садовка ауылы
2 2016 ж. 10.06.
2016 ж. 17.06.
6. Приишимский с/о
Бирлик ауылы
2 2016 ж. 13.06.
2016 ж. 20.06.

Азаматтарға арналған үкiмет жұмыскерлерi асырап алушылар мен көп балалы ата-аналарға көшпелi кеңестер өткiздi Азаматтарға арналған үкiмет жұмыскерлерi асырап алушылар мен көп балалы ата-аналарға көшпелi кеңестер өткiздiХалықаралық балаларды қорғау күнi қарсаңында «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының жұмыскерлерi Қазақстанның барлық өңiрлерiнде асырап алушылар мен көп балалы ата-аналарға және балалар үйлерiндегi әлеуметтiк жұмыскерлерге көшпелi кеңестер өткiздi. «Халықаралық балаларды қорғау күнi мерекесiне орайластырылған акция Қазақстанның барлық өңiрлерiнде өттi. Бүгiн «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясыныңжұмыскерлерi отбасы негiзiндегi балалар үйлерiнде қорғаншылықты ресiмдеу, жәрдемақы, зейнетақы ресiмдеу және т.б. әлеуметтiк маңызды қызметтердi көрсету бойынша көшпелi кеңестер өткiздi,» - дейдi «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ басқарма төрағасының орынбасары Нұрбек Оршубеков. Сондай-ақ, Оршубековтың айтуынша, мемлекеттiк корпорация жұмыскерлерi кеңестер берумен қатар, балаларға арнап жағымды тосынсыйлар жасады. Мәселен, «Азаматтарға арналған үкiметтiң» қарағандылық филиалының өкiлдерi балалармен футболдан жолдастық кездесу өткiзiп,
16 жасқа толған жеткiншектерге дайын жеке куәлiктер тапсырса, ал Алматыда көп балалы ана сәбилердiң күтiмiн жасайтын құралдар түрiнде жағымды сыйлықтар алды. Атап өтсек, бүгiнгi күнi мемлекеттiк корпорация арқылы азаматтарға 530 мемлекеттiк қызмет түрi қолжетiмдi. Олардың iшiнде зейнетақы төлемдерi, 18 жасқа дейiнгi балаларға жәрдемақылар тағайындау, мүгедектiгiне байланысты мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар тағайындау және т.б.әлеуметтiк маңызды төлемдер мен жәрдемақылар тағайындау қызметтерi бар. Мемлекеттiк корпорация өз жұмысын осы жылдың 11 сәуiрiнде «Жер кадастры ғылыми өндiрiстiк орталығы» РМК, «Жылжымайтын мүлiк орталығы» РМК, «Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталығы» РМҚК және «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК-ның қайта құрылуы жолымен бастағанын естерiңiзге саламыз.
«Азаматтарға арналған үкiмет«
мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ
баспасөз қызметi


Баспасөз-релизi
Мобильдiк ХҚКО құрамына еңбек комитетi және жұмыспен қамту басқармаларының өкiлдерi қосылды Баспасөз-релизi Мобильдiк ХҚКО құрамына еңбек комитетi және жұмыспен қамту басқармаларының өкiлдерi қосылдыШалғай ауылдық округтерiнiң халқына ыңғайлы болу үшiн құрылған Мобильдiк Халыққа қызмет көрсету орталықтары көрсетiлетiн кеңестердiң ауқымын кеңейттi. Ендi «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы департаменттерiнiң қызметкерлерiмен бiрге еңбек және әлеуметтiк қорғау комитетiнiң, сондай-ақ жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасының өкiлдерi шығатын болады. Бүгiнгi таңда мемлекеттiк корпорация арқылы ұсынылатын 530 мемлекеттiк қызмет қазақстандықтарға мобильдiк ХҚКОлары арқылы қолжетiмдi. Жобаны iске қосқан сәттен бастап 66 бiрлескен сапар жүзеге асырылды, олардың барысында ауыл тұрғындары тек мемлекеттiк қызметтердi ғана алып қоймай, әлеуметтiк қорғау, жұмыспен қамту және жаңа мамандықтарға оқыту мәселелерi бойынша да кеңестер алды. «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ филиалы — «Халыққа қызмет көрсету орталығы» дирекциясы директорының орынбасары Шоқан Әбдiлмановтың айтуы бойынша мобильдiк ХҚКОлар жергiлiктi атқарушы органдардың келiсiмi бойынша бекiтiлген кестелер бойынша шығады. «Мобильдiк ХҚКОлар ауыл тұрғындарының қаржысы мен уақытын үнемдеу үшiн құрылған болатын. Көрсетiлетiн қызметтердiң ауқымы мен сервистерiн кеңейту, оларды ауыл тұрғындары үшiн неғұрлым танымал етуде. 2016 жылғы 4 ай iшiнде 4 755 сапар жүзеге асырылды, олар 1 316 елдi мекендi қамтыды», — дейдi Әбдiлманов. Республиканың 14 өңiрiнде 70 мобильдiк ХҚКО жұмыс iстейтiнiн естерiңiзге саламыз. Жыл басынан бастап мобильдiк ХҚКОлар 127 063 мемлекеттiк қызмет көрсеттi. Сапарлар кестесiн «Халыққа қызмет көрсету орталығы» дирекциясының ресми порталында, аудандық әкiмдiктердiң және өңiрлiк БАҚ сайттарында көруге болатынын атап өтемiз.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы»
КЕ АҚ Баспасөз қызметi


«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы өз жұмысын бастады «Жер кадастрының ғылыми-өндiрiстiк орталығы» РМК, «Жылжымайтын мүлiк орталығы» РМК, «Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталығы» РМҚК және «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК–лерiн қайта құру жолымен құрылған «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы 2016 жылғы 11 сәуiрден бастап өз қызметiн бастады. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлiгi корпорацияны құру бойынша iшкi құжаттарды жасау, корпорацияның даму жоспарын жасау, инфрақұрылымды оңтайландыру және сараптау сияқты барлық ұйымдастыру жұмыстарын аяқтады. Тиiстi уәкiлеттi органдар корпорация жұмысын регламенттеу мен мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбiне қатысты 140-тан астам нормативтiк-құқықтық актiлердi қабылдады. Мемлекеттiк корпорация бiрiншi кезеңде 522, ал екiншi кезеңде 700-ден астам мемлекеттiк қызмет көрсетедi. «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының басты ерекшелiгi, барлық бизнес-үдерiстердi автоматтандыру мен оңтайландыру болады. Бiрiктiрiлген кәсiпорындарға ХҚКО-лардың қолданысындағы қызмет көрсету мониторингi мен сапасын бағалаудың жаңа құралдарын пайдалану, СМС-хабарлау, кедергiсiз қызмет көрсету, кезектi броньдау сервисi тәрiздi мемлекеттiк қызметтердi көрсетудiң бiрыңғай стандарттары енгiзiлген. Корпорацияның көрсететiн қызметтер санының едәуiр артуына байланысты, корпорация құрамына кiрген барлық кәсiпорындардың 3 600 қызметкерiне оқыту-үйрету жұмыстары жүргiзiлдi. Қызметкерлердiң жұмысының нәтижелiлiгiн анықтау үшiн тиiмдiлiктiң негiзгi көрсеткiштерi бекiтiлдi (КРI). Мемлекеттiк корпорация қызметiндегi жаңалықтардың бiрi — қызметтi көрсетуге өтiнiмдi қабылдау және дайын құжаттарды беруден басқа, қызметкерлер оларды өңдеудi жүзеге асырады. Республикамыздың барлық ХҚКО-ларында енгiзiлген ақпараттық жүйенiң арқасында, қызмет көрсету уақыты мен қажет етiлетiн құжаттар едәуiр қысқарады. Азаматтардың мемлекеттiк қызметтерге қолжетiмдiлiгi де әртүрлi араналар арқылы — қалалар мен аудандарда халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы, сонымен қатар өзiне-өзi қызмет көрсету секторларының көмегiмен, электрондық және мобильдiк үкiмет арқылы қаматамасыз етiледi. Сондай-ақ, шалғай елдi мекендерде тұратын азаматтарға қолжетiмдiлiктi қамтамасыз ету үшiн мобильдi ХҚКО-лар жұмыс iстейтiн болады.
ҚР ИДМ БААК
Баспасөз қызметi


Жылдың басынан 10 мыңнан астам әйел ҚР мамандандырылған ХҚКО-ларында жүргiзушi куәлiктерiн алды Бұл сан жыл басынан жаңа жүргiзушi куәлiктерiн алған жалпы автомобилистер санының 30%-ына жуығын құрайды. Барлығы 36 115 жүргiзушi куәлiгi, оның iшiнде әйелдерге — 10 776 жүргiзушi куәлiгi берiлдi. «ХҚКО» РМК бас директоры Әсемгүл Балташеваның айтуына қарағанда, мамандандырылған ХҚКО-да жүргiзушi куәлiгiн алған автомобиль әуесқойларының саны жыл сайын өсiп келедi. «2014 жылы, мысалы, қаңтар және ақпан айларында мамандандырылған ХҚКО-ларда 15 мыңнан астам қазақстандық жүргiзушi куәлiгiн алды, олардың iшiнде 4 мыңы — әйелдер. 2015 жылдың 2 айына — 27 мыңнан астам, олардың iшiнде 8 мыңнан астамы — әйелдер. Осы жылы да бiз сол сияқты жүргiзушi куәлiктерiн беру бойынша қызметтердiң өсу динамикасын көрдiк», — деп айтып өттi ол. Автокөлiк құралдарын тiркеу бойынша алғашқы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы Қарағанды қаласында пайда болғандығын, кейiннен мамандандырылған ХҚКО-лар Алматы, Астана, Ақтау және Тараз қалаларында жұмыс жасай бастағандығын атап өтемiз. Бүгiнде Қазақстанда автокөлiк иелерiне қызметтер көрсету бойынша 11 мамандандырылған ХҚКО жұмыс iстейдi. Бизнес-процесстердi автоматтандырудың және мемлекеттiк органдардың деректер қоры мен ақпараттық жүйелерiн интеграциялаудың арқасында жүргiзушi куәлiктерiн алу уақыты 2 сағатқа дейiн қысқарды. Бұдан басқа, мамандандырылған ХҚКО-лардың аумағында психоневрологиялық, наркологиялық диспансерлер дәрiгерлерiнiң кабинеттерiн және медициналық комиссияларды орналастыру клиенттерге барлық iлеспе анықтамаларды бiр жерде алуға мүмкiндiк бердi. Мамандандырылған ХҚКО-ларда мiндеттердi бөлiсу қолданылатындығын атап өту керек: ХҚКО қызметкерлерi құжаттарды қабылдаумен және дайын құжаттарды берумен айналысады, ал ТЕБ қызметкерлерi жүргiзушi куәлiктерi мен көлiк құралдарын тiркеу куәлiктерiн жасау процесiне қатыстырылады.Жылдың басынан 10 мыңнан астам әйел ҚР мамандандырылған ХҚКО-ларында жүргiзушi куәлiктерiн алдыЖылдың басынан 10 мыңнан астам әйел ҚР мамандандырылған ХҚКО-ларында жүргiзушi куәлiктерiн алды
«ХҚКО» РМК СҚО бойынша баспасөз қызметi Зейнетке шығу үшiн не қажет? Зейнетке шығу үшiн не қажет?Қазақстанның тұрғындарында зейнетке шығуды ЗТМО, Халыққа қызмет көрсету орталығы немесе «электрондық үкiмет» веб-порталы арқылы ресiмдеуге мүмкiндiктерi бар. ХҚКО арқылы мемлекеттiк қызметтi ресiмдеу кезiнде келесi құжаттарды ұсыну қажет: жеке куәлiк (жеке куәлiк, азаматтығы жоқтарға тұру анықтамасы), сонымен қатар оралмандар үшiн — оралмандардың куәлiгi, қызметтi алушылардың тұрғылықты мекенi бойынша тiркелуiн растайтын құжат (тұрғылықты жерiнен анықтама немесе ауыл әкiмiнен анықтама, Байқоңыр қ. тұрғындары үшiн Ресей Федерациясының Байқоңыр қ. тұрғын үй шаруашылығындағы азаматтардың есепте тұру және тiркелуi бойынша бөлiмнен берiлетiн анықтама); зейнетақы және жәрдемақы беру бойынша өкiлеттi органнан банк шотының нөмiрi жөнiнде дерек немесе түзету мекемесiнен бақылау шотының болуы туралы мәлiмет; қамқоршылық (қорғаншылық) жағдайда қамқорлықты растайтын құжат ұсынылады, өтiнiштi берген жағдайда және үшiншi тұлғаларға құжатты берген жағдайда — сенiмхат ұсынылады. Құжаттардың түпнұсқасы мен көшiрмелерi салыстыру үшiн берiледi, содан соң құжаттардың түпнұсқасы қызмет алушыға қайтарылады. Портал арқылы ресiмдеген кезiнде: Қызметтi алушының ЭҚҚ, электронды құжат нысаны бойынша сұраныс қажет. ХҚКО арқылы құжаттарды тапсырған кезде мемлекеттiк қызмет 10 жұмыс күнi iшiнде көрсетiледi, портал арқылы — ЗТМО ақпараттық жүйесiне электрондық сұраныс келiп түскен сәттен бастап 30 минуттан аспайтын уақытта көрсетiледi. Дегенмен, мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi iс материалын ресiмдеуге уақыт қажет болған жағдайда ұзартылуы мүмкiн. «Мемлекеттiк базалық зейнетақыны төлеудi тағайындау» мемлекеттiк қызметi ақысыз көрсетiледi. ХҚКО арқылы құжаттарды тұрғындар дүйсенбiден сенбiнi қоса алғанда, түскi үзiлiссiз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн тапсыра алады. «Электрондық портал» арқылы зейнетақыны тәулiк бойы ресiмдеуге болады. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм туралы құжаттың телнұсқасын алу Жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм туралы құжаттың телнұсқасын алуБiлiм жөнiндегi құжатты жоғалттыңыз ба? Қайғырмаңыз. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi, техникалық және кәсiптiк, сонымен қатар негiзгi орта және жалпы орта бiлiмi туралы телнұсқаларды Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы алуға болады. «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi туралы құжаттың телнұсқасын беру» және «Техникалық және кәсiптiк бiлiмi туралы құжаттың телнұсқасын беру» мемлекеттiк қызметтерiн алу үшiн сiзге ХҚКО-ға келесi құжаттарды ұсыну қажет: оқу орнының басшысы атына нысан бойынша өтiнiш, мерзiмдiк баспасөз басылымына құжаттың тiркеу нөмiрi және беру күнi көрсетiлген құжаттың жоғалуы туралы хабарламаның көшiрмесi (10 күн мерзiмiнен аспайды), алушының жеке куәлiгi, сонымен қатар, қажет болған кезде: тегiн ауыстырғанын растайтын құжат және жарамсыздыққа келген немесе құжатты толтыру кезiндегi қателерi бар (бар болса) бiлiмi туралы құжаттың түпнұсқасы. Ал «негiзгi орта, жалпы орта бiлiмi туралы құжаттың телнұсқасын беру» қызметiн рәсiмдеу үшiн сiзге баланың ата-анасының немесе қызмет алушының жеке куәлiгiмен туу туралы куәлiктiң (2008 жылға дейiн туылған жағдайда) көшiрмесi, азаматтың немесе ата-анасының өтiнiшi, егер бала кәмелеттiк жасқа толмаса, сонымен қатар құжаттың нөмiрi және берiлген күнi көрсетiлген құжаттың жоғалғаны жөнiндегi жарияланған мерзiмiнен 10 күн өтпеген мерзiмдi баспасөз басылымынан үзiндi. Барлық үш қызмет тегiн көрсетiледi. ХҚКО-ға аптаның алты күнiнде үзiлiссiз сағат 9.00-ден бастап 20.00-ге дейiн өтiнiш бiлдiруге болады. Құжаттар пакетiн тапсырғаннан кейiн бiр айдан кейiн сiздiң қолыңызда бiлiм туралы құжаттың телнұсқасы болады. Инвесторларға қызмет көрсету секторы Петропавл қаласының №1 бөлiмiнде 2016 жылдың қаңтар айында инвесторларға қызмет көрсету секторы iске қосылды. Аталған секторда кез-келген шетелдiк немесе отандық инвестор 300 аса қызмет түрiн ала алады. Инвесторлардың мемлекеттiк органдармен өзара iс-қимылын жеңiлдету инвесторларға бағытталған мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердi алу үшiн «бiр терезе» қағидатын енгiзудiң арқасында мүмкiн болды. «Инвесторлардың қолайлығы үшiн ХҚКОда мемлекеттiк қызметтердiң негiзгi мiндеттерi инвестициялық мүмкiншiлiктер мен мемлекеттiк қызметтердегi мәселелер бойынша қабылдау және кеңес беру, мемлекеттiк қызметтердi алу үшiн қажеттi құжаттарды дайындауда көмек және ресiмдеу, сондай-ақ мемлекеттiк қызметтердi алу кезiнде орталық және жергiлiктi органдарда инвестициалық жобаларды сүйемелдеу бойынша болып табылатын инспекторлар көрсетедi», — дедi «ХҚКО» РМК СҚО бойынша филиалының директоры Руслан Шамшиев. Инвесторға өзiнiң сұранымы бойынша барлық құжаттарды дайындаса болды, ал қалған барлық үрдiстi Инвесторларға қызмет көрсету секторы орындап, бақылайтын болады. Ендi барлық әкiмшiлiк сатыларды өз бетiнше өтудiң қажетi жоқ. Барлық құжаттар көрсетiлген уақытта дайын болады және инвесторға жiберiледi. Инвесторға «бiр терезе» қағидасы бойынша қызмет көрсетудiң барлық процесi автоматтандырылады. Интернет жүйесiнде тiркелуге, ақпарат алуға, сонымен қатар құжаттарды жеткiзудi online режимде қарастыруға мүмкiндiк бар. Сонымен қатар, ҚР Инвестициялар және даму министрлiгiнiң Инвестициялар комитетiнде инвестор ақпараттық және кеңестiк қолдау ала алатын Call center орталығы қызмет етуде. Call center тел: 8 (7172) 75-45-40.
«ХҚКО» РМК СҚО бойынша
филиалының баспасөз қызметi

Баспасөз релизi
ХҚКО-ларда экстернмен оқуға рұқсат алуға болады «Негiзгi орта, жалпы орта бiлiм беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметiн Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы алуға болады. Қызмет 15 жұмыс күнi iшiнде тегiн көрсетiледi. Бұл ретте өтiнiштi қабылдау күнi мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмiне кiрмейдi. Экстернат нысанында оқуға өтiнiш беру үшiн тiркеу орны бойынша ХҚКО-ға жүгiну керек. Денсаулық жағдайы бойынша жалпы бiлiм беру мекемелерiнде оқуға мүмкiндiгi жоқ немесе уақытша шетелде тұрып жатқан, сондай-ақ оқуын уақтылы аяқтамаған оқушылар экстернат нысанында оқи алады. «Егер бала 18 жасқа толған болса, ол рұқсат беруге өтiнiш бере алады. Кәмелет жасқа толғанға дейiн олардың мүддесiн ата-аналары немесе заңды қамқоршылары бiлдiредi», — деп атап өтедi «ХҚКО» РМК бас директоры Әсемгүл Балташева. — Айтпақшы, уақытыңыз шектеулi болса, ХҚКО-ға кезектi электрондық үкiмет порталы арқылы брондауға болады. Бұл үшiн сiзге электрондық цифрлық қолтаңбаның керегi де жоқ. ЖСН-ды енгiзiп, қызметтi алғыңыз келетiн ХҚКО-ны көрсетсеңiз жеткiлiктi». Қызметтi алу үшiн өтiнiштi толтыру керек, сол сияқты өзiңiзбен бiрге мынадай құжаттар болсын: дәрiгерлiк-консультативтiк комиссияның қорытындысы;1/е нысаны, соңғы оқыған сыныбындағы үлгерiм табелiнiң көшiрмесi және көрсетiлетiн қызметтi алушының туу туралы куәлiгiнiң көшiрмесi (2008 жылға дейiн туылған болса), сондай-ақ салыстыру үшiн түпнұсқа. Қажет болған жағдайда бiлiм алушының ата-анасының немесе оларды алмастыратын адамдардың уақытша шетелде тұруы туралы анықтама, шетелде оқитынын растайтын құжат керек болуы мүмкiн. 15 жұмыс күнiнен кейiн сiз ХҚКО-да экстернмен оқуға дайын рұқсатты немесе дәлелдi бас тартуды ала аласыз. Айта кетейiк, 2015 жылы Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы осындай 130 рұқсат берiлдi.
ХҚКО РМК СҚО бойынша
филиалының баспасөз қызметi


Баспасөз релизi
Субсидиялауға өтiнiмдi қазақстандықтар ендi ХҚКО арқылы бере алатын болады Ауыл шаруашылығы саласында субсидиялауды жеке және заңды тұлғалар Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы ресiмдей алады. Бұрын осы қызметтердi ресiмдеу үшiн белгiлi бiр кесте бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiне тiкелей жүгiну талап етiлсе, ендi қазiр қызметтер ХҚКО арқылы қолжетiмдi болып отыр, оның iшiндегi үшеуiне электрондық үкiмет порталы арқылы қол жеткiзуге болады. Халыққа қызмет көрсету орталықтары субсидиялау бойынша мемлекеттiк қызметтерге құжаттарды өздерiнiң қалыпты кестесi бойынша қабылдайды — аптасына 6 күн, түскi үзiлiссiз таңғы сағат 9-дан кешкi сағат 8-ге дейiн. «ХҚКО» РМК бас директоры Әсемгүл Балташеваның айтуынша ХҚКО-лар арқылы субсидиялаудың 8 түрiн алуға болады, олардың iшiнде — а/ш өндiрушiлерiне су беру жөнiндегi қызметтердiң құнын; а/ш өнiмдерiн өңдеуге арналған гербицидтер мен биопрепараттардың құнын; асылтұқымды мал шаруашылығын дамытуды; жемiс-жидек дақылдарының және жүзiмнiң көпжылдық көшеттерiн отырғызу және өсiру шығындарының құнын; тұқым шаруашылығын дамытуды; тыңайтқыштардың құнын; ауыл шаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсiру шығындарының құнын, сондай-ақ өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау. Мемлекеттiк қызметтердi көрсету мерзiмi әр түрлi — күрделiлiгiне қарай 6 жұмыс күнiнен бастап 41 жұмыс күнiне дейiн созылады. Алайда, ХҚКО арқылы құжаттар топтамасын тапсырған кезде құжаттарды қабылдау күнi бұл мерзiмге кiрмейтiндiгiн есте сақтаған жөн. Қажеттi құжаттар туралы электрондық үкiмет порталының con.gov.kz ресми сайты және 1414 тегiн нөмiрi бойынша бiрыңғай байланыс орталығына қоңырау шалу арқылы бiлуге болады. Субсидиялау жөнiндегi қызметтер тегiн көрсетiледi. Халыққа қызмет көрсету орталықтарының құрылған сәтiнен бастап мұнда ұсынылатын мемлекеттiк қызметтер спектрi 212-ге дейiн көбейдi, ал бизнес-процесстердi оңтайландыру мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердi алуға қажеттi құжаттар санын төмендетуге, сол сияқты ресiмдеу мен кезек күту уақытын қысқартуға және мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердi алу мерзiмдерiн азайтуға мүмкiндiк бердi. Бүгiн елiмiзде 270 ХҚКО бөлiмi жұмыс жасайды.
ХҚКО РМК СҚО бойынша
филиалының баспа сөз қызметi


Баспасөз релизi
Бiлiм туралы құжаттарды ХҚКО-ларда апостильдеуге болады Бiлiм туралы құжаттарға Халыққа қызмет көрсету орталықтары және электрондық үкiмет порталы арқылы апостиль қоюға болады. Бұл мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет «Қазақстан Республикасы бiлiм беру, ғылым органдарынан және оқу орындарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу» деп аталады. «ХҚКО» РМК бас директоры Әсемгүл Балташеваның айтуынша мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет қорытындысын Астана тұрғындары 5 жұмыс күнiнен кейiн ала алады, ал басқа өңiрлердiң тұрғындары үшiн бұл мерзiм күнтiзбелiк 30 күндi құрайды. Қабылдау күнi қызметтi көрсету мерзiмiне кiрмейдi. Бiлiм туралы құжаттарды апостильдеу ақылы — 0,5 АЕК. Оған ақы төлеудi екiншi деңгейлi банктер және Казпочта кассасы арқылы жүргiзуге болады. Өтiнiштi портал арқылы ресiмдеу кезiнде ақы төлеу электрондық үкiмет шлюзi арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алуға өтiнiш беру үшiн өзiмен бiрге жеке басын куәландыратын құжат; апостильдеу үшiн ұсынылатын құжаттың түпнұсқасы және мемлекеттiк бажды төлеу туралы түбiртек болуы керек. Көрсетiлетiн қызметтi алушы толық құжаттар топтамасын ұсынбаған жағдайда қызметтi ұсынудан бас тартылуы мүмкiн.
ХҚКО РМК СҚО бойынша
филиалының баспасөз қызметi


Жеке кәсiпкердi, жеке нотариусты, жеке сот орындаушысын, адвокатты тiркеу есебi Электрондық үкiмет порталында «Жеке кәсiпкердi, жеке нотариусты, жеке сот орындаушысын, адвокатты тiркеу есебi» қызметi қол жетiмдi. Қызметтi онлайн тәртiпте алу үшiн, Сiзге:
  1. Порталда авторлану және «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасы бойынша өту.
  2. Өтiнiмдi толтыру және ЭЦҚ қол қою (электрондық цифрлық қолтаңбамен).
  3. Қызметтердi көрсету үшiн мемлекеттiк баж алымын төлеу.
  4. Жеке кабинетте («Қызметтердi алу тарихы» тарауында) көрсетiлген уақыт iшiнде келiп түсетiн, сiздiң өтiнiмiңiздi өңдеу туралы хабарламамен танысу.
  5. Куәлiктi алу үшiн мемлекеттiк органға жүгiну.
Тiркеу есебiне тұру үшiн Өтiнiш берушi жеке кәсiпкер, жеке нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат ретiнде бұған дейiн тiркелмеуi тиiс. Салық органының коды өтiнiш берушiң тұрғылықты жерi бойынша тiркелген мекенжайына сәйкес таңдалады. Қазiргi уақытта «электронды үкiмет» порталында жүзеге асырылатын «Жеке кәсiпкердi, жеке нотариусты, жеке сот орындаушысын, адвокатты тiркеу есебi» мемлекеттiк қызметi, өзi тұратын (тiркелген) мекен жайды жеке кәсiпкер, жеке нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокат орналасқан орны ретiнде жеке тұлғаларға ғана қол жетiмдi. Егер, жеке кәсiпкер, жеке нотариустың, жеке сот орындаушының, адвокаттың орналасқан орны ретiнде жоспарланып отырған мекен жайы жеке тұлғаның тұрғылықты (тiркелен) мекен жайынан өзгеше болған жағдайда, жеке кәсiпкер, жеке нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат ретiнде тiркелу мақсатында салық органдарының ақпаратты қабылдау өңдеу орталығына жүгiнуiңiздi ұсынамыз». Қызмет көрсету нәтижесi — жеке кәсiпкердi, жеке нотариусты, жеке сот орындаушысын, адвокатты мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк.
«ХҚКО РМК СҚО бойынша
филиалының баспасөз қызметi»


Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек — жан басына шаққандағы орташа айлық табысы кедейлiк деңгейiнен төмен жеке тұлғаларға мемлекетпен ақшалай түрде ұсынылады. Жан басына шаққандағы орташа айлық табысы кедейлiк деңгейiнен төмен Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар, босқындар, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмекке құқыққа ие. Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек тағайындалмайды:
  1. Қазақстан Республикасында азаматтарды жұмыспен қамту және жұмысқа қабiлеттi сұрақтары бойынша уәкiлеттi органдарда тiркелмеген жұмыссыздарға, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шарасына белсендi қатысудан жазбаша түрде бас тартқандарға, бiр айдан аса ауруханада емделуде жатқан кезеңiндегi тұлғалармен мүгедектерден басқа, студентер, тыңдаушылар, курсанттар және күндiзгi бөлiмде оқитын магистранттар, сондай-ақ I және II топтағы мүгедектердi бағып күтумен жұмыс iстейтiндер, сексен жастан үлкен тұлғалар, жетi жаска дейiнгi балалары бар азаматтар;
  2. Жұмысқа орналасуға уәкiлеттi органдар ұсынымнан дәлелдi себепсiз бас тартқан жұмыссыздар, соның iшiнде әлеуметтiк жұмыс орнынан немесе қоғамдық жұмыс, мамандыққа даярлау, қайта даярлау, бiлiктiлiктi көтеру сияқты жұмыстарға және оқытуларға қатысуын өз ерiктерiмен тоқтатқандар.
Атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындау уәкiлеттi органмен атаулы әлеуметтiк көмек көрсету бюджетiне сәйкес қарастырылған сома iшiнде жүргiзедi Атаулы әлеуметтiк көмек көлемi уәкiлеттi органмен жан басына шаққандағы орташа айлық табысы мен областа белгiленген кедейлiк деңгейiн әр отбасы мүшесiне санағандағы айырмашылығына байланысты.

ХҚКО РМК СҚО бойынша
филиалының баспасөз қызметi


Баланы балабақшаға кезекке қою Бiлiм бөлiмдерiнiң мамандарының есiгiнiң алдында балабақшаға балаларын орналастыруға қалаушы ата-аналар тобын әрбiр ана жақында қорқынышты түсiндей елестететiн. Қазiр бәрi басқаша. Балаңызды мектепке дейнгi балалар мекемесiне кезекке қалай қоюды сiз осында оқи аласыз: Өзiңiздiң балаңызға туу туралы куәлiгiн ресiмдеу кезiнде, сiз балаңызды мемлекеттiк балабақшаға кезекке қоя аласыз, ол үш-төрт жасына дейiн келедi. Егерде сiз жергiлiктi атқарушы орган арқылы аталған рәсiмдi бұрынғыдай өткiзгiңiз келсе, онда бұл да мүмкiн. Егерде сiз ХҚКО-ға жүгiнсеңiз, онда портал арқылы өтiнiш бiлдiрген сәттен бастап 30 минут iшiнде сiз өз кезегiңiздiң нөмiрiн бiлетiн боласыз, бұл жайлы қызметтi алушыға кезектiң нөмiрi көрсетiлген қолхат берiледi. Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi. ХҚКО-ға екi құжат қана қажет:
  1. Қызмет алушының заңды өкiлдерiнiң бiрiнiң жеке құжаты (сәкестендiру үшiн);
  2. Мектепке дейiнгi ұйымға бiрiншi кезекте орынды алуға құқығын растайтын құжат.
Қалған қажеттi деректердi ХҚКО қызметкерi сәйкесiнше мемлекеттiк ақпараттық жүйеден уәкiлеттi тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында алады. Балабақшаға кезекке www.egov.kz электрондық үкiмет порталы немесе iOS және Android үшiн қолжетiмдi egov.kz мобильдi қосымшасы арқылы қонлайн қоюға болады. Жас ата-аналар үшiн кезекке онлайн қою тәсiлi ыңғайлы, өйткенi бұны үйден шықпай-ақ жасауға болады. Кезектi интернет арқылы egov.kz порталында «Балабақшаға кезек нөмiрiн қарау» сервисiнiң көмегi арқылы қадағалауға болады. Бiрiншi орынды алу құқығына ие:
  • мүгедек балалар;
  • ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар;
  • жетiм балалар;
  • көп балалы отбысылардың балалары;
  • жеңiлдiктер және кепiлдiктер бойынша соғысқа қатысушылар және соғыс мүгедектерiне теңестiрiлген тұлғалардың балалары.
Портал арқылы қызметтi алуда тұлғалардың жеңiлдiктi санатына портал арқылы электрондық цифрлық қолтаңбаға ие болу қажет.
ХҚКО РМК СҚО бойынша
филиалының баспасөз қызметi


Жас жұбайларға естелiк! Некеге тұруға тiлек бiлдiрушiлерге, қазiр некенi тiркеуге үшiн арызды АХАТ жүгiну қажет емес. Электронды цифрлық қолтаңба (ЭЙҚ) және интернет-ресурсына қолжетiмдiлiкке ие болсаңыз www.egov.kz порталында некенi тiркеуге арызды Онлайн бере аласыз. Осындай қағидада арыз беру Сiздiң уақытыңызбен жол шығыныңызды үнемдейдi. Неке тiркеуге арызды берушiге қызметтi онлайн алушыға қажет:
  1. Egov.kz порталында Авторлану және «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасы бойынша өту;
  2. Өтiнiмде ерiнiң немесе зайыбының ЖСН көрсету және неке тiркелетiн АХАТ таңдау;
  3. Өтiнiмге ЭЦҚ қою (электронды цифрлық қолтаңба) қажет;
  4. Бұрынғы ерiнiң немесе зайыбының өтiнiш берудi растауын алу. Өтiнiш 48 сағаттан артық емес растауды күтуi мүмкiн, одан кейiн күшiн жояды.
Некенi тiркеу арызын растаушыға қажет:
  1. Egov.kz порталында Авторлану және «Қызметтердi алу тарихы» тарауында қол қоюды күту сұранымын таңдау.
  2. Өтiнiмдi толтыру және оған ЭЦП қою (электронды цифрлық қолтаңбамен).
  3. Егер өтiнiштi берушi төлемесе, қызметтi төлеу қажет.
  4. Өтiнiмге ЭЦҚ қою (электронды цифрлық қолтаңбамен).
ХҚКО РМК СҚО бойынша
филиалының баспасөз қызметi


ЭЦҚ мүмкiншiлiгi Электронды цифрлық қолтаңба — электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесiлгiн және мазмұнының өзгермейтiндiгiн растайтын электрондық цифрлық нышандар терiмi. Электрондық сандық қолтаңбаны пайдалана отырып, Сiз:
  • облыс ғана емес, сондай-ақ республика мемлекеттiк органдар виртуалдық қабылдауына өтiнiштердi жүзеге асырасыз (бұл қызмет Қазақстан Республикасы азаматтарына өз өтiнiштерiн мемлекеттiк органдарға тапсыруға мүмкiндiк және өтiнiштiң дәрежесiн: мемлекеттiк органға жеткiзiлгенiн, орындалуға берiлгенiн, орындалғанын және т.б. тексеруге мүмкiндiк беретiн мемлекеттiк орган тарапынан жауапты әрекетке кепiлдiк бередi);
  • үйден шықпай тәулiгiне 24 сағат аптасына 7 күн мемлекеттiк қызметтердi ала аласыз;
  • тауарлардың және қызметтердiң электрондық саудада, аукциондарда және тендрларда ең тиiмдi баға ұсыныстарын ұсына және таңдай аласыз;
Электронды цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ)Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жанында орналастырылған Ұлттық куәландыру орталығынан ала аласыз немесе www.pki.gov.kz Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландiрушi орталығының сайтында онлайн тапсырыс бере аласыз. ХҚКО РМК СҚО бойынша
филиалының баспасөз қызметi


Өзiне өзi қызмет көрсету секторы жылдам және кезексiз жасауға мүмкiндiк бередi Өзiне өзi қызмет көрсету секторлары аудан ХҚКО-да азаматтардың қолайлығы үшiн қызмет етуде, «Connection Point» деп аталатын, аудан тұрғындары инспекторды күтпестен электронды қызметтердi алуға мүмкiншiлiктерi бар. Аталған секторда инспекторлар қызмет етуде, егерде мемлекеттiк қызметтi азамат алғаш рет алған жағдайда, мiндеттi түрде оған көмектеседi. Айта кетейiк, www.egov.kz электронды үкiмет арқылы азаматтар арасында аса сұранысқа ие қызметтердiң iшiнде — жылжымайтын мүлiктiң болмауы (болуы) туралы анықтама, мекенжай анықтамасы, зейнетақы аударымдары туралы анықтама. Одан басқа ХҚКО клиенттерi өздiгiнен өзiнiң ЖК тiркеуге, тегiмен атын ауыстыруға өтiнiм беруге, баланы балабақшаға кезекке қоюға мүмкiндiктерi бар. Инспекторлар мемлекеттiк баж төлеуге, салық, жол жүру ережесiн бұзғаны үшiн айыппұлды, коммуналдық қызметке қалай төлеуге болатынын түсiндiредi.
ХҚКО РМК СҚО бойынша
филиалының баспасөз қызметi


«Өзiңнiң жылжымайтын мүлiгiңдi тiрке!» «Өзiңнiң жылжымайтын мүлiгiңдi тiрке!»Ақпараттық қызметтердiң сұранысымен қатар Халыққа қызмет көрсету орталықтарында «Жылжымайтын мүлiкке құқығын (мүлiк аурытпалығын) мемлекеттiк тiркеу» дәстүрлi сипаттағы қызметпен қолдануда. Халыққа қызмет көрсету орталығы үрдiсiнiң алға басуын талдай отырып бар сенiмдiлiкпен ХҚКО көрсетiлетiн жылжымайтын мүлiктi тiркеу бойынша қызмет сұранысқа көп қызметтердiң бiрi деп айтуға болады.Айта кетер болса, Халыққа қызмет көрсету орталығы РМК СҚО филиалының Шал ақын ауданының бөлiмiнде 2015 жыл жылжымайтын мүлiк құқығы (мүлiк аурытпалығын) мемлекеттiк тiркеуге 2034 тапсырыс қабылданған болатын. Жалпы ақпарат үшiн ХҚКО жүгiнген жағдайда мемлекеттiк қызмет көрсетiлуi үшiн қажеттi құжаттар тiзiмiн ұсынамыз:
  1. белгiленген нысандағы мемлекеттiк тiркеу туралы өтiнiш;
  2. қызметтi алушының жеке куәлiгiн растайтын құжат (жеке тұлға) (қызметтi алушының сәйкестiгiн растау үшiн түпнұсқа ұсынылады);
  3. қызметтi алушының уәкiлеттi тұлғаның жеке куәлiгi және қызметтi алушының уәкiлеттiлiгiнiң өкiлдiгiнiң растайтын құжат, қызметтi алушының жеке куәлiгiн, құжаттың мәлiмет көрсетумен (егер қызметтi алу үшiн өкiлдiгi жүгiнген жағдайда);
  4. тiркеу объектiсiн растайтын құқықбелгiлеушi және басқа құжаттар;
  5. тiркеу жинақ сомасын бюджетке төлегендiгi растайтын құжат немесе жинақ төлеуден босатылғандығы жөнiндегi растайтын құжат.
Көрсетiлген құжаттардан басқа тiркеу объектiлерiне байланысты басқа құжаттар ұсынылады. «ХҚКО Мобильдi» жұмысы туралы Алыстағы елдi мекенде тұратынға құжат қабылдау мен беруге құжат ресiмдеу жөнiнде мемлекеттiк қызмет беру үшiн мобильдi халыққа қызмет көрсету орталығы құрылды. СҚО «ХҚКО» РМКФ Шал ақын ауданының бөлiмiнiң мобильдi ХҚКО тобы, алыстағы елдi мекен тұрғындарына, соның iшiнде, мемлекеттiк қызмет түсiмiмен қамтамасыз ету бойынша мемлекеттiң бас қаулысының тапсырмасын орындау 9 елдi мекенге бару болып табылады. 2015 ж. Мобильдi ХҚКО 1249 тапсырыс қабылданса немесе 1767 дайын құжат берiлген болса, олардан 499 жеке куәлiк пен төлқұжат. Аудан халқын ақпараттандыру мақсатында, ауылдық округтерге бару кестесiне сай, аудан әкiмдiгi мен аудан газетiне басылып шығады. 2016 ж. 1 тоқсанға СҚО «ХҚКО» РМК филиалының Шал ақын аудандық бөлiмiнде «Мобильдi ХҚКО» жұмыс кестесi
№р/с Елді мекен атауы Бару саны Бару күні
1 Юбилейный а/о Ұзынжар а. 2 2016 ж. 14.01
2016 ж. 19.01
2 Пришим а/о Повозочное а. 2 2016 ж. 15.01
2016 ж. 20.01
3 Семипол а/о Семиполка а. 2 2016 ж. 11.02
2016 ж. 18.02
4 Сухорабовка а/о Ольгинка а. 2 2016 ж. 12.02
2016 ж. 19.02
5 Афанасьевка а/о Афанасьевка а. 2 2016 ж. 11.03
2016 ж. 17.03
6 Новопокровка а/о Новопокровка а. 2 2016 ж. 14.03
2016 ж. 18.03
.

26.09.2017 14:24

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ
Бос орындар
Алдағы оқиғалардың ресми күнтізбесі

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
   Яндекс.Метрика