Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 
Аудан туралы || Ауданның тарихы

Ауданның тарихы

Аудан тарихы

Тонкерей ауданы. КСРО ВЦИК Президиумының 1928 жылғы 3 қыркүйектегі қаулысымен орталығы-мәдени ошағы Майбалық көлінің жанындағы № 1–2, 4–10 Тонкерей Қазақ болысының ауыл кеңестері және Пресногорьков болысының үш ауыл кеңесі құрамында Тонкерей ауданы құрылды.

Қазақ АКСР ЦИК және СНК 1930 жылғы 17 желтоқсандағы қаулысымен Тонкерей және Рыков аудандары орталығы Марьевка селосы болып табылатын бір Тонкерей ауданына біріктірілді. Рыков ауданынан келесі ауыл кеңестері тапсырылды: Белоградов, Городецк, Дмитриев, Коноваловка, Крещенка, Кривощеково, Куприяновка, Мариинка, Песков, Соколовка, Сергеевка, Семиполка, Черно-озер; Пресногорьков ауданынан — Королев, Ряс, Стретин; Лениннан-Андреев, Владимиров, Николаев, Спас; Пресновкадан-Троицк; Қызыләскерден — ауыл кеңестері.

КазЦИК Президиумының 1932 жылғы 1 сәуірдегі қаулысымен келесі ауыл кеңестерінен тұратын Тонкерей ауданының жаңа құрамы бекітілді: Мариинка, Сергеевка, Крещенка, Коноваловка, Городецк, Николаевка, Спас, Семиполка, Стретин, Ряс, Дмитриевка, Айымжан (№ 1 ауыл кеңесі), Майбалық (№ 2 ауыл кеңесі), Тастемір (№ 3 ауыл кеңесі), Жаркен (№ 4 ауыл кеңесі), Баян (№ 5 ауыл кеңесі), Жапай (№ 6 ауыл кеңесі), Елтай (№ 7 ауыл кеңесі), Балыбай (№ 8 ауыл кеңесі). Орталығы — Майбалық селосы.

Қарағанды облисполкомы Президиумының 1935 жылғы 10 ақпандағы қаулысымен КазЦИК Президиумының 1935 жылғы 9 қаңтардағы қаулысы негізінде келесі ауыл кеңестерінен тұратын Тонкерей ауданының жаңа құрамы бекітілді: Голощекин, Городецк, Дмитриевка, Есіл, Жалтыр, Исаев, Кеңес, Коноваловка, Крещенка, Марьев, Нижний-Бурлук, Семиполка, Сергеевка, Степной. Орталығы — Марьевка селосы.

Тонкерей ауданы Солтүстік Қазақстан облысы құрамына 1936 жылы 29 шілдеде енгізілді. Солтүстік Қазақстан облисполкомы Президиумының 1938 жылғы 14 тамыздағы қаулысымен Исаев ауыл кеңесі Ленин ауыл кеңесіне өзгертілді.

Октябрь ауданы. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1940 жылғы 21 мамырдағы Жарлығымен Тонкерей ауданының атауы Октябрь атауына өзгертілді.

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1950 жылғы 14 маусымдағы Жарлығымен Кеңес ауыл кеңесінен Дубров елді мекені және «Жыл — Қызыл» колхозы Көкшетау облысы Айыртау ауданы Красный ауыл кеңесіне берілді.

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1952 жылғы 3 мамырдағы Жарлығымен Жалтыр ауыл кеңесінен Ынтымақ с. Дмитриев ауыл кеңесінің құрамына берілді.

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1954 жылғы 4 маусымдағы Жарлығымен 7 поселкелік кеңес құрылды: Степной совхозы орталық мекеніндегі поселкеде — Дос, оны «Интернациональный» совхозының әкімшілік-аумақтық қызмет көрсетуіне кіргізіп, Дзержинск совхозында — Ақсуат, Докучаев совхозында — Северный, Тимирязев совхозында — Целинный, Москворецк совхозында — Москворецк, Хрущева ат. совхозда — Комсомол және Октябрь совхозында — Октябрь. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1954 жылғы 14 шілдедегі Жарлығымен Бағанаты елді мекенін Городецк ауыл кеңесінің құрамына, Кеңес елді мекенін -Нижний-Бурлук ауыл кеңесінің құрамына, Садовка елді мекенін — Степной ауыл кеңесінің құрамына берумен Кеңес ауыл кеңесі жойылды.

Келесі елді мекендер тапсырылды:

  • Степной ауыл кеңесінің Двойники-Нижний-Бурлук ауыл кеңесі құрамына;
  • Нижний-Бурлук ауыл кеңесінің Шортай-Ольгинка ауыл кеңесі құрамына;
  • Ольгинка ауыл кеңесінің Неждановка-Тарангүл ауыл кеңесі құрамына;
  • Ленин ауыл кеңесінің Байгел және Алатай-Есіл ауыл кеңесі құрамына;
  • Есіл ауыл кеңесінің Дауылбай- Ленин ауыл кеңесінің құрамына.

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1956 жылғы 27 сәуірдегі Жарлығымен жалпы алаңы 17848 гектар Октябрь мемлекеттік жер қорының жер телімі Преснов ауданының құрамына берілді.

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1956 жылғы 27 желтоқсандағы Жарлығымен ауыл кеңестері құқығындағы поселкелік кеңестер құрылды: Есіл поселкелік кеңес атауын беріп, Есіл астық совхозы орталық мекен поселкесінде, Кривощеков поселкелік кеңес атауын беріп, «Заря» астық совхозы орталық мекен поселкесінде.

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1957 жылғы 30 шілдедегі Жарлығымен келесілер біріктірілді:

  • Балуан ауыл кеңесі мен Семиполка селолық кеңесін бір Семиполка селолық кеңесіне;
  • Крещенка селолық кеңесі мен Октябрь поселкелік кеңесін бір Октябрь поселкелік кеңесіне;
  • Жалтыр ауыл кеңесі мен Марьевка селолық кеңесін бір Марьевка селолық кеңесіне;
  • Городецк және Коноваловка селолық кеңестерін бір Коноваловка селолық кеңесіне;
  • Дмитриевка селолық кеңесі мен Дос поселкелік кеңесін бір Дос поселкелік кеңесіне.

Жойылды:

  • Семиполка селолық кеңесіне Алатай, Шоқат, Байгел елді мекендерін, Преснов ауданы Приишим поселкелік кеңесіне Сарғамыс елді мекенін беріп, Есіл ауыл кеңесі;
  • Кривощеков поселкелік кеңесіне Алқаағаш, Қаратал, Козловка елді мекендерін, Тарангүл селолық кеңесіне Бастау а., Теренсай, Дауылбай елді мекендерін беріп, Ленин ауыл кеңесі;
  • Степной селолық кеңесіне Двойники елді мекенін, Кривощеков поселкелік кеңесіне Соколовка елді мекенін беріп, Нижний-Бурлук селолық кеңесі.

Берілді:

  • Октябрь поселкелік кеңесі № 2 фермасының елді мекені Есіл поселкелік кеңесіне;
  • Тарангүл селолық кеңесінің Неждановка және Белоглинка елді мекендері Ольгинка селолық кеңесіне.

Атаулары өзгертілді:

  • Степной селолық кеңесі селолық кеңес құқығындағы Афанасьев поселкелік кеңеске;
  • Тарангүл селолық кеңесі селолық кеңес құқығындағы Новопокровка поселкелік кеңеске.

Қайта құрылды:

  • Семиполка, Коноваловка, Марьевка селолық кеңестері селолық кеңес құқығындағы поселкелік кеңестерге.

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1957 жылғы 30 қазандағы Жарлығымен селолық кеңес құқығындағы Северный поселкелік кеңесі Преснов ауданы құрамына берілді.

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1958 жылғы 30 қыркүйектегі Жарлығымен Интернациаональный поселкелік кеңесінің атауын беріп, селолық кеңес құқығындағы Интернациональный совхозы орталық мекеніндегі поселкеде поселкелік кеңес құрылды. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1958 жылғы 30 қыркүйектегі Жарлығымен Коноваловка елді мекенін Октябрь поселкелік кеңесіне, Бағанаты елді мекенін Марьевка поселкелік кеңесіне, Городецк елді мекенін Интернациональный поселкелік кеңесіне беріп, Коновалов поселкелік кеңесі жойылды.

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1961 жылғы 14 қаңтардағы Жарлығымен Марьевка селолық кеңесі құрамына Семиполка селолық кеңесінен Алатай, Байгел, Шоқат елді мекендері берілді.

Солтүстік Қазақстан облисполкомының 1962 жылғы 11 сәуірдегі шешімімен Марьевка селолық кеңесінен Сергеевка, Жалтыр, Чапаев, Бағанаты, Ақанбарақ, Алатай, Байгел, Шоқат елді мекендерін беріп, орталығы Сергеевка селосы Сергеевка селолық кеңесі құрылды.

Солтүстік Қазақстан облисполкомының 1962 жылғы 8 тамыздағы шешімімен Интернациональный селолық кеңесінен Городецк елді мекенін, Октябрь селолық кеңесінен Коноваловка елді мекенін, Сергеевка селолық кеңесінен Бағанаты елді мекенін беріп, орталығы Городецк селосы Городецк селолық кеңесі құрылды. Солтүстік Қазақстан облисполкомының 1964 жылғы 31 шілдедегі шешімімен Тереңсай селолық кеңес құрамына Сергеев селолық кеңесінен Жаңажол, Жаңаталап, Кеңес елді мекендері берілді.

Сергеевка ауданы. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1963 жылғы 2 қаңтардағы Жарлығымен Октябрь ауданының атауы орталығы Сергеевка селосы Сергеевка ауданына ауыстырылды.

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1963 жылғы 2 қаңтардағы Жарлығымен Приишим ауданынан Приишим селолық кеңесі Сергеевка ауданы құрамына берілді.

Солтүстік Қазақстан облисполкомының 1963 жылғы 8 мамырдағы шешімімен келесі елді мекендерді тапсырумен Теренсай совхозы орталық мекендегі орталығы Ленин ауылы Теренсай ауыл кеңесі құрылды: Ленин, Новопокров селолық кеңесінен Көктерек; Қаратал, Кривощеков селолық кеңесінен Козловка елді мекендері.

Солтүстік Қазақстан облисполкомының 1964 жылғы 3 қарашадағы шешімімен Белоглинка селосы Ольгинка селолық кеңесінен Новопокров селолық кеңесінің құрамына берілді.

Солтүстік Қазақстан облисполкомының 1968 жылғы 11 сәуірдегі шешімімен келесілердің атаулары өзгертілді:

  • Сергеевка селосына орталықты ауыстырумен байланысты Марьевка селолық кеңесі Сергеевка селолық кеңесіне;
  • Марьевка совхозының бөліміне орталықты ауыстырумен байланысты Сергеевка селолық кеңесі Марьевка селолық кеңесіне.

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1969 жылғы 21 мамырдағы Жарлығымен Сергеевка селосы аудан қарамағындағы қала санатына жатқызылды. Солтүстік Қазақстан облисполкомының 1969 жылғы 11 шілдедегі шешімімен Сергеевка селолық кеңесі қалалық кеңеске қайта құрылды. Солтүстік Қазақстан облисполкомының 1970 жылғы 10 маусымдағы шешімімен Тимирязев ауданы Есіл селолық кеңесінен Тельманово селосы Октябрь селолық кеңесінің құрамына берілді.

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1970 жылғы 2 шілдедегі Жарлығымен Солтүстік Қазақстан облисполкомының 1970 жылғы 10 маусымдағы шешімі негізінде құрылған екі селолық кеңестің атауы өзгертілді: орталығы Ступинка селосындағы Ступинка, оның құрамына Семиполка селолық кеңесінен Ступинка, Марьевка селолық кеңесінен Жалтыр, Приишим селолық кеңесінен Остаған елді мекендерін берілді, орталығы Крещенка селосындағы Юбилейный с., оның құрамына Октябрь селолық кеңесінен Крещенка, Куприяновка, Белоградовка елді мекендерін берілді.

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1971 жылғы 16 тамыздағы Жарлығымен келесі елді мекендерге атаулар берілді:

  • Кривощеков селолық кеңесі Октябрь лесхозы орталық мекен поселкесіне — Ровное селосы;
  • Октябрь селолық кеңесі «Октябрь» совхозы орталық мекен поселкесіне — Октябрь селосы;
  • Октябрь селолық кеңесі «Октябрь» совхозы № 2 бөлім поселкесіне — Тельманово селосы;
  • Новопокров селолық кеңесі Жданов ормандығы поселкесіне — Сардонниково селосы.

Атаулары ауыстырылды:

  • Марьев селолық кеңесінің Веренка (Свободный) — Чапаев селосына;
  • Ступин селолық кеңесінің Елтынды-Жалтыр селона;
  • Новопокров селолық кеңесінің Карғалы — Еңбек селосына;
  • Теренсай селолық кеңесінің Бастау- Ленино селосына;
  • Теренсай селолық кеңесінің Дауымбай — Мектеп селосына;
  • Теренсай селолық кеңесінің Теренсай-Көктерек селосына;
  • Теренсай селолық кеңесінің Байгел — Жаңажол селосына;
  • Теренсай селолық кеңесінің Алатай-Жаңаталап селосына.

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1972 жылғы 7 шілдедегі Жарлығымен Солтүстік Қазақстан облисполкомының 1972 жылғы 26 маусымдағы шешімі негізінде құрылған селолық кеңеске орталығы Жаңажол селосы құрамына Теренсай селолық кеңесінің Жаңажол, Кеңес, Жаңаталап елді мекендері берілген, Жаңажол атауы берілді.

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1975 жылғы 5 тамыздағы Жарлығымен Солтүстік Қазақстан облисполкомының 1975 жылғы 24 шілдедегі шешімі негізінде құрылған селолық кеңеске орталығы Ольгинка селосы құрамына Ольгинка селолық кеңесінен Ольгинка, Афанасьев селолық кеңесінен Двойники, Кривощеково селолық кеңесінен Соколовка елді мекендері берілген, Ольгинка атауы берілді. Ольгинка селолық кеңесінің атауы орталығы Сухорабовка селосы Сухорабов селолық кеңесіне ауыстырылды.

Солтүстік Қазақстан облисполкомының 1977 жылғы 31 наурыздағы шешімімен Приишим селолық кеңесінің Баян елді мекені Жамбыл ауданы Архангельск селолық кеңесінің құрамына берілді. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1978 жылғы 5 мамырдағы Жарлығымен Теренсай селолық кеңесінің Мектеп елді мекені Ленин ауданы Алматы селолық кеңесінің құрамына берілді. Солтүстік Қазақстан облисполкомының 1979 жылғы 7 қыркүйектегі шешімімен Новопокров селолық кеңесінен Жанасу, Еңбек, Ақсу елді мекендерін беріп, орталығы Еңбек селосы Еңбек селолық кеңесі құрылды.

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1979 жылғы 24 қыркүйектегі Жарлығымен Солтүстік Қазақстан облисполкомының 1979 жылғы 7 қыркүйектегі шешімі негізінде құрылған селолық кеңеске Новопокров селолық кеңесінен Жанасу, Еңбек, Ақсу елді мекендерін беріп, орталығы Еңбек селосы Еңбек селолық кеңесі атауы берілді. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1980 жылғы 17 қазандағы Жарлығымен Юбилейный селолық кеңесі Целинный ауданына берілді.

Солтүстік Қазақстан облисполкомының 1984 жылғы 22 наурыздағы шешімімен есептік деректерден Новопокров селолық кеңесінің Сардонниково, Приишим селолық кеңесінің Таласпай, Теренсай селолық кеңесінің Қарашық елді мекендері алып тасталынды.

Солтүстік Қазақстан облисполкомының 1988 жылғы 28 қаңтардағы шешімімен есептік деректерден Сухорабов селолық кеңесінің Шортай елді мекені алып тасталынды. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1988 жылғы 9 шілдедегі Жарлығымен жойылған Целинный ауданынан Городецк, Октябрь, Юбилейный, Интернациональный селолық кеңестері берілді.

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1989 жылғы 23 маусымдағы Жарлығымен Еңбек селолық кеңесі орталығы Жанасу селосы Жанасу селолық кеңеске атауы өзгертілді.

Солтүстік Қазақстан облыстық әкімшілік басшысының 1994 жылғы 12 қаңтардағы қаулысымен Сергеев ауданының болған селолық кеңестері шекарасында келесі селолық округтер құрылды: Афанасьев, Городецк, Жаңажол, Жанасу, Кривощеков, Марьевка, Новопокровка, Октябрь, Ольгинка, Приишимка, Семиполка, Ступинка, Сухорабов, Теренсай, Юбилейный.

Солтүстік Қазақстан облыстық әкімшілік басшысының 1994 жылғы 26 желтоқсандағы қаулысымен Ольгинка селолық округі аумағындағы Көкшетау өндірістік су құбырының бас құрылғысы орналасқан поселкеге «Қорғантас» атауы берілді.

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының және облыс әкімінің 1997 жылғы 12 ақпандағы бірлескен 12-сессияның шешімімен жойылды: орталығы Новопокровка селосындағы Новопокров селолық округінің әкімшілік иелігіне берумен Жанасу селолық округі; орталығы Ступинка селосындағы Ступинка селолық округінің әкімшілік иелігіне берумен Жаңажол селолық округі, орталығы Сергеевка қаласындағы Аютас селолық округі негізін құраған Марьевка және Теренсай селолық округтері; Кривощеков селолық округі құрамына Соколовка селосын берумен Ольгинка селолық округі, Двойники және Қорғантас селосы Афанасьев селолық округі құрамына, Ольгинка селосы Сухорабов селолық округі құрамына берілді, Ступинка селолық округінің Остаған селосы Семиполка селолық округінің әкімшілік иелігіне, Жаңажол селолық округінің Кеңес селосы Приишим селолық округінің әкімшілік иелігіне тапсырылды.

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының және облыс әкімінің 1998 жылғы 16 қарашадағы бірлескен 19-сессияның шешімімен Кривощеков селолық округінің Известковое елді мекені есептік деректерден алынып тасталды.

Шал ақын ауданы. Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 14 желтоқсандағы Жарлығымен Сергеев ауданы Шал ақын ауданы деп аталды.

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының және облыс әкімінің 2001 жылғы 12 қазандағы бірлескен шешімімен Аютас селолық округі Ленино селосының атауы Ысқақ Ыбыраев ауылына өзгертілді.

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының және облыс әкімінің 2003 жылғы 13 маусымдағы бірлескен (26 сессиясы екінші шақырылым) шешімімен Аютас селолық округі аудандық маңызы бар Сергеевка қаласы құрамынан шығарылып, қайта құрылды. Аютас селолық округінің әкімшілік орталығы — Қаратал селосы.

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының және облыс әкімінің 2005 жылғы 27 мамырдағы бірлескен шешімімен орталығы Жаңажол селосы Жаңажол селолық округі Ступинка селолық округінің аумағынан Жаңажол, Жаңаталап селоларын және Приишим селолық округінің аумағынан Кеңес селосын бөліп беру жолымен құрылды.

22.04.2015 10:46

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ
Бос орындар
Алдағы оқиғалардың ресми күнтізбесі

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
   Яндекс.Метрика