Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 
Аудан туралы || Ауданның құрметті азаматтары

Ауданның құрметті азаматтары

Шал ақын ауданның құрметті азаматтарының тізімі

1. Серғалиев Мырзатай Серғалиұлы 1938 жылы туды. 2010 жылы құрметті азамат атанды. Тіл білімі саласындағы маман, Филология ғылымдарының докторы (1988), профессор (1990), ҚР ҰҒА мүшесі-тілші (1995), жазушылар Одағының (1979) және журналистер Одағының (1978) мүшесі.

1960 жылы Қазақ мемелекеттік университетін аяқтады.

Аспирант (1965), қазақ тілі кафедрасының көмекшісі (1960–1962), КазССР ҒА тіл білімі Институтының кіші ғылыми қызметкері (1966–1968), сонымен қатар Қазақ мемлекеттік университетінің қазақ тілі кафедрасының көмекшісі, философия кафедрасының аға оқытушысы (1968–1971), қазақ тілі кафедрасының аға оқытушысы (1971–1973), доцент (1973–1990), аль-Фараби ат. Қазақ мемлекеттік университеті филология факультетінің деканы (1987–1992), осы университеттің қазақ филология кафедрасының меңгерушісі (1990 жылдан бастап).

Басты ғылыми еңбектері лингвистикалық стилистика, сөйлеу мәдениеті, көркем шығармалар тілі және қазіргі қазақ тілі синтаксисі бойынша жазылып жарияланған. Көп жылдар бойы оның синтаксиситік синонимия монографиясы және «Жоғарғы оқу орындарының түсушілеріне арналған қазақ тілі» атты студенттерге арналған синтаксис және морфология оқулығы оқу көрнекті құралдары ретінде қолданылады.

300-ден астам тіл білімі, сын әдебиеті мақалаларының, публицистикалық жұмыстардың авторы.

Түркі танушы Совет комитетінің медалі және грамотасымен марапатталған (1988).

2. Кузнецов Василий Дмитриевич — 1922 жылдың 13 қаңтарында Октябрь (қазірде Шал ақын) ауданы Новопокровка селосында туды. Ұлы Отан соғысының қатысушысы. 1947 жылдан бастап зейнет жасына дейін халықтық білім жүйесінде мұғалім, мектеп директоры, білім бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеді. Зейнеткерлігінде өлкетанумен айналысты. Аса көп мәлімет жинап, аудандық өлкетану мұражайын ашты. Сергевка ауданының тарихы жайында очерктердің авторы.

3. Бурачкова Ираида Константиновна 1914 жылдың 7 маусымында туды. Қала және ауданның қоғамдық өмірінде белсенді қатысты. Ол сеніммен тапсырылған жұмысқа деген үлкен жауапкершілігі, адамгершілігі және бір беттілігімен ерекшеленетін. 1941 жылы өз еркімен әскерге кетті. Сталинград шайқасында, Донбас, Мелитополя, Кырым, Шығыс Пруссия мен Польшаның босатуында қатысты. Отан алдындағы еңбегі үшін К.Бурачкова жоғарғы марапаттарға ие болды. Сергеевка қаласының құрметті азаматы.

4. Латанов Уап Латыпұлы — 1925 жылдың 28 қаңтарында Октябрь (қазірде Шал ақын) ауданы Қаратал селосында туды. ҰОС қатысушысы. Қажырлы еңбегі үшін «тың және тыңайған жерлерді игерген үшін» медалімен, «Құрмет белгісі» 2 орденімен, «Еңбек озаттылығы үшін» медалімен марапатталған. Бірнеше рет аудандық Кеңеске депутат болып сайланды, халық шаруашылығының жетістіктері көрмесінің қатысушысы.

5. Шайкин Есім Шайкенұлы (1926–2002 жж.) Солтүстік Қазақстан облысы Преснов ауданның Үлгі селосында туды. 1962 жылы басқарушы совхоз кадрларының республикааралық мектебін (Қапламбек қ.), 1971 жылы ауыл шаруашылығы институтын (Целиноград қ.) аяқтады.

1943 ж. Үлгі колхозының жұмысшысы, 1944 жылдың наурыз айынан бастап есеп жүргізуші болып жұмыс істеді. 1944–1950 жж. Совет Әскер қатарында болды. 1950–1951 жж. Николаевка орта мектебінің кітапханашысы. 1951–1952 жж. Новорыбинка май зауытының директоры. 1952–1953 жж. нұсқаушы, 1953–1955 жж. Пресновка аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы. 1955–1958 жж. Киров атындағы колхоз төрағасы. 1958–1959 жж. Абай атындағы колхоздың төрағасы. 1959–1960 жж. Буденовка совхозының бөлім басқарушысы. (Пресновка ауданы Калиновка с.). 1962–1964 жж. «Заградовский» совхозының директоры (Заградовка с.). 1964–1970 жж. Тарангул совхозының директоры (Ленин ауданы Тарангул с.). 1970 жылы ауаткомның төрағасы (соколовка ауданының Соколовка с.) 1972–1975 жж. аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы (Московский ауданының Корнеевка с.). 1975–1985 жж. аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы (Сергеевка ауданы Сергеевка қ.). 1985–1986 жж. облыстық халық депутатары Кеңесінің атқару комитеті әлеуметтік қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі (Солтүстік Қазақстан облысы). 1994 жылдан бастап «Кировский» совхозының директоры (Жамбыл ауданы). 1997 жылдың қазан айынан бастап Благовещенка селолық округін басқарды. 1986 ж. зейнеткерлікке шықты. 2 Ленин, Еңбек Қызыл Ту, 2 «Құрмет белгісі», 2-дәрежелі Отан соғысы орденімен, ондаған медальдермен, соның ішінде Кенигсберг және Берлин қалаларының алынуы үшін, «Ерлік үшін» медалімен марапатталды. 4 рет Халық депутаттары Жоғарғы сотының құрмет мадақтамасына, ҚР Президентінің грамотасына лайықтанды. Сергеевка қаласының құрметті азаматы.

6. Коренюгин Василий Васильевич — құрылысшы. Сергеевка қаласының тұрғын үйлері мен мемлекеттік мекемелердің құрылысына қатысты. Ұлы Отан соғысының қатысушысы Сергеевка қаласының құрметті азаматы.

7. Бөкетов Ебіней Арыстанұлы — атақты ғалым, техника ғылымдарының докторы, профессор, КАзССР ҒА академигі. ССР жазушылар Одағының мүшесі. Сергеевка қаласы көшелерінің біріне және мектепке Бөкетов есімі берілді.

8. Мұқанов Қырамша Мұқанұлы — 1924 жылдың 15 желтоқсанында СҚО Октябрь ауданы Жалтыр селосында туды, соғыс және еңбек ардагері, Совет әскерінің майоры.

9. Болатбаев Нель Адгамұлы — 1922 жылы Егіндібұлақ ауылында туды (қазіргі Қарағанды облысы), 1996 жылдың 10 тамызында Петропавл қаласында қайтыс болды. Сергеевка аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы. Болатбаев кезінде Марьевкадан Сергеевкаға аудан орталығының көшірілуі, елді мекеннің іргесінің қалануы және құрылысы болды.

10. Сенькина Анна Николаевна — педагогикалық еңбек шебері. Аудандық партия комитетінің хатшысы кезінде көп жылдар бойы тұрғындармен тәрбиелік жұмысын жүргізді.

11. Бенделев Петр Борисович — 1919 жылдың 1 мамырында туды. Бас мал дәрігері және ардагерлер Кеңесінің төрағасы болды. Оған мал дәрігері ретінде кәсіптік кеңес алу үшін жиі келетін. Ельня, Калуга түбіндегі шайқаста қатысты.

12. Шевченко Мария Федоровна — Днепр облысының Гомельское селосында туды, сол жерде 7 сыныпты аяқтады, 1944 жылы әктеуші-әрлеушілер бригадирі болып жұмыс істеді. Сергеевка су торабы құрылысына қатысты. Октябрь революцисы ордендарымен және Ленин орденімен марапатталды. Сергеевка қаласының құрметті азаматы.

13. Телюк Петр Захарович — 1925 жылы Октябрь (қазіргі Шал ақын) ауданы Кривощеково с. туды. Социалистік еңбек ері, Отан соғысының қатысушысы және мүгедегі. 2 Ленин орденімен, Еңбек Қызыл Ту, Құрмет белгісі, 1-дәрежелі Отан соғысы ордендарымен марапатталды.

14. Кұрманқұлов Зарап Ерғариевич — 1947 жылдың 15 желтоқсанында туды. Сергеевка (қазіргі Шал ақын) ауданы Еңбек с. туып-өскен. Қала және ауданның қоғамдық өміріне белсенді қатысады. Бірнеше рет Шал ақын ауданы мәслихатының депутаты болып сайланды, экономика және бюджеттік саясат мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы

15. Веряскин Яков Емельянович — 1943 жылдың 3 наурызында туды. Солтүстік Қазақстан облысы Сергеевка (қазіргі Шал ақын) ауданы Коноваловка с. туып-өскен. Қала және ауданның қоғамдық өміріне белсенді қатысады. Православ шіркеуінің құрылысына жәрдемдесу қоғамдық қорын басқарады.

16. Ахметов Қадір Әбілмәжінұлы — Сергеевский (қазіргі Шал ақын) ауданы Социал с. тумасы.

Ахметов Қадір Әбілмәжінұлы Қазақ білім академиясының тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ білім Академиясының академигі, Еуразиялық гуманитарлық институтының білім және ғылым жөніндегі проректоры. С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірді. 2004 ж. наурыз айынан ЕАГИ білім және ғылым жөніндегі проректоры қызметіне тағайындалды. Оған дейін кафедра меңгерушісі, Л.Н. Гумилев ат. Еуразиялық ұлттық университетінде декан қызметін атқарған. Қ.Ә. Ахметовтың ғылыми жұмыстары мәдениет, зиялылық пен білім тарихының зерттеуіне арналған, Абай ат. Қаз. ҰПУ жанындағы диссертациалық кеңесінің мүшесі. 20 монография мен 80 ғылыми жұмыстарының авторы. ҚР Білім және ғылым министрлігінің «ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері», «ҚР ғылымына сіңген еңбегі үшін» төс белгілерімен, «10 жыл Астана», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» медальдарымен марапатталған.

17. Керейбаев Есенғали Әубәкірұлы — Солтүстік Қазақстан облысы Төңкерей (қазіргі Шал ақын) ауданының Балуан а. туған.

Керейбаев Есенғали Әубәкірұлы инженер-механик мамандығы бойынша Алматы ауыл шаруашылық институтын бітірді.

60–70 жылдары «Афанасьевский» совхозында бас инженер, Ыбыраев атындағы совхозының директоры, Сергеев аудандық ауыл шаруашылық басқармасының бастығы болып қызмет етті. Сергеев аудандық атқарушы комитетінің төраға орынбасары жұмысын атқарды. Бес жылдан астам Сергеевка жөндеу зауытын басқарды. Бірнеше рет аудандық кеңес депутаты, аудандық комитет партиясының бюро мүшесі болды.

Бүгінде көп уақытын қоғамдық жұмысқа арнайды, жастармен жиі кездесулер ұйымдастырады. Жерлестері, ауыл шаруашылығының жұмысшылары туралы 2 кітап шығарды. Жеті медальмен, соның ішінде «Еңбек ардагері» медалімен, Жоғарғы Кеңес, Орталық комитет және облыстық комитет партиясының Құрмет грамоталарымен марапатталды.

18. Башмаков Анатолий Афанасьевич — әлеуметтiк-мәдени даму және ғылым бойынша Комитетiнiң мүшесi, Комитетiнiң Мүшесi, әлеуметтiк-мәдени даму жөнiндегi Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының Депутаты, Солтүстiк Қазақстан облысынан Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының Депутаты. 1949 жылы 15 маусым күнi дүниеге келдi, орыс.

Бiлiмi жоғары. Петропавл педагогикалық институтын, Целиноградтық ауылшаруашылық институтын бiтiрдi. Тарих пәнiнiң мұғалiмi, ғалым агрономы. Қазақстан ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигi. Экономика ғылымдарының докторы, докторлық диссертациясының тақырыбы: «Экономика және қоғамдық ортасы: өзара әсерiнiң механизмi және теориясы», 70-тен астам ғылыми жарияланымдары бар, соның iшiнде шетелдiк журналдарда, екi әдiстемелiк құрал: «Қазақстанда экономикалық жаңғыртудың мәселелерi: кейбiр ерекшелiктерi мен қорытындылары» және «Кедендiк одақ — ТМД кеңiстiгiнде экономикалық интеграцияның жаңа өңiрлiк үлгiсi».

Сергеев аудандық партиясының бiрiншi хатшысы болып жұмыс iстедi, Солтүстiк Қазақстан облыстық комсомолы комитетiнiң хатшысы, комитетiнiң бөлiм меңгерушiсiнiң орынбасары, Петропавл қалалық партия комитетiнiң хатшысы, Солтүстiк Қазақстан облысы Петропавл экономикалық колледжiнiң директоры. 2002 жылы 8 қазан сайланды және 2008 жылы 07 қазан Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының депутаты болып қайта сайланған. Парламент Сенатының әлеуметтiк-мәдени даму Комитетiнiң мүшесi. Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы — Мемлекеттердiң Парламентаралық Ассамблеясының мүшесi. Корея Республикасының Ұлттық Жиналысымен, Польша Республикасының Сенатымен ынтымақтастық тобының мүшесi. Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигi, Президиумының мүшесi. Қазақстан Республикасы Ұлттық Инженерлiк Академиясының корреспондент-мүшесi. Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесi. «Нұр Отан» ХДП Саяси кеңес Бюросының мүшесi. Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2008 жылғы 15 мамырдағы №593 жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы әйелдер iстерi және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi Ұлттық комиссия мүшесi болып тағайындалды. «Құрмет» орденiмен, ТМД ПАА-ның «Достастық» орденiмен, ТМД ПАА Кеңесiнiң Құрмет грамотасымен, бес медальдармен марапатталды.

19. Манабай Қажымұратұлы Үмiтбаев — 1947 жылы 21 маусым күнi Солтүстiк Қазақстан облысы Ленин ауданы Жарғайын селосында дүниеге келдi. Бiлiмi — жоғары. Жалпы еңбек өтiлi — 47 жыл, саладағы жұмыс өтiлi — 22 жыл.

М.Қ. Үмiтбаев өзiнiң еңбек жолын 1965 жылы Солтүстiк Қазақстан облысы Сергеев ауданы «Приишимский» совхозында трактор жүргiзушi болып бастады. Екi жоғары бiлiмi бар. 1977 жылы Алматылық партиялық жоғары мектебiн бiтiрдi. 1984 жылы ғалым агроном мамандығы бойынша Целиноград ауылшаруашылық институтын бiтiрдi. Жоғары партиялық мектебiн бiтiрген соң «Приишимский» совхозының алғашқы партиялық мекемесiнiң хатшысы болып сайланды. Партия комитетiнiң мүшесi, облыстық партия комитетiнiң мүшелiгiне кандидат, депутаты, ауыл және аудандық кеңесiнiң халық депутаттарының депутаты болды.

Партия жұмысының мектебiн өтiп 1981 жылы Ы. Ыбыраев атындағы райспецхозобъединения директоры болып тағайындалды, ол жерде 8 жылдан астам жұмыс iстедi. Осы лауазымның жұмысы кезiнде өзiн бiлiмдi, жiгерлi, iстi шеше алатын басшысы ретiнде көрсеттi.

Ауданда жұмыс iстеген жылдары өзiн шебер ауыл шаруашылық өндiрiсiн ұйымдастырушы болып көрсеттi. Ғылыми еңбектi ұйымдастыру насихаттына, алдыңғы қатарлы тәжiрибенi қорыту және енгiзуге көп көңiл бөлген. Жоғары көрсеткiштерi үшiн және еңбектегi ерлiгi, батылдығы өндiрудi ұлғайту және мемлекетке астық және басқа да ауыл шаруашылық өнiмдерiн сату жоспарларын және социалистiк мiндеттемелерiн орындаған үшiн "Еңбектегi ерлiгi үшiн"медалiмен марапатталды. 1992 жылдан 1997 жылға дейiн Сергеев ауданы су шаруашылығы жүйесi басқармасының бастығы болып жұмыс iстедi. 1998-2000 жылдары шаруа қожалығының басшысы, жеке кәсiпкер болып iстедi. 2001 жылдан 2008 жылға дейiн — «Ауылым Қаратал» ЖШС басшысы болды. 2008 жылдан бастап Сергеевка су қоймасы мен «Североводхоз» РМК су қорғау аймағының жай-күйiн байқау жөнiндегi бас инженерi болып iстедi. 2010 жылдан бастап зейнеткерлiк демалыста. Аудан тұрғындары арасында ғана емес, сонымен қатар облыста да зор құрметке және беделге ие.

20. Викторенко Александр Степанович — 1947 жылы 29 наурызда Солтүстiк Қазақстан облысы, Сергеев ауданы, Ольгинка селосында жұмысшы от басында дүниеге келдi. 1968 жылдан бастап КОКП мүшесi. 1965 жылы Солтүстiк Қазақстан облысының Сухарабов орта мектебiнiң 10 сыныбын бiтiрдi. 1965 жылдан бастап Кеңес Әскерi қатарында. 1969 жылы И. С. Полбин атындағы Орынбор ұшқыштардың жоғары әскери авиациялық училищесi бiтiрдi. 1978 жылдың мамыр айында ғарышкерлер жасағына тыңдаушы-ғарышкер лауазымында тiркелген. 1978 жылдың мамыр айынан 1982 жылдың ақпан айы аралығында жалпы ғарыштық дайындықты өттi. Ұшқыш сынаушының бiлiктiлiгiн алу мақсатында 1978 жылдың қазан айынан 1979 жылғы шiлде айына дейiн Астрахань облысы Ахтубинск қаласында «Боран» бағдарламасы бойынша одан арғы жұмыс үшiн авиациялық техниканы сынау және ұшқыш-сынаушы дайындау Орталығының тыңдаушысы ретiнде дайындықтан өттi. 1982 жылдан 1983 жылға дейiн халықаралық ғарыштық бағдарламалар тобында дайындықтан өттi.

1987 жылдың 22 шiлдеден 30 шiлдеге дейiн кеңессириялық бағдарламасы бойынша «Мир» орбиталық кешенiн бару экспедициясының 1-шi командирi ретiнде өзiнiң алғашқы ғарышқа ұшуын жасаған. «Союз ТМ3» кемесiмен А. Александров және М. Фариспен бiрге ұшты. «Союз ТМ-2» кемесiмен А. Лавейкин және М. Фариспен бiрге ғарыштан Жерге оралды. Ұшу ұзақтығы 7 тәулiк 23 сағат 4 минут 55 секундты құрады.

КСРО Жоғарғы Кеңесi Төралқасының жарлығымен 1987 жылғы 30 шiлдеден орбиталық ғылыми-зерттеу «Мир-Союз» кешенiнде ғарыштық ұшуды табысты жүзеге асырғаны және бұл ұшуда ерлiгi мен батырлығын танытқаны үшiн, подполковник Александр Степанович Викторенкоға Ленин орденi мен «Алтын Жұлдыз» медалiн берiп, Кеңес Одағының Батыры атағы берiлдi.

1997 жылдың 30 мамырдан бастап подполковник А.С. Викторенко — запаста. Ғарышкерлер жасағынан жасы бойынша 1997 жылы 21 шiлдеде кеттi. Мәскеу облысы, Щелковск ауданының Жұлдызды қалашығында тұрады.

Ленин, «Октябрь Революциясы», «Халықтар достығы», «Отан алдындағы еңбегi үшiн» 3 дәрежелi ордендарымен және 8 медальмен марапатталады. «Құрметтi Легион» француз орденiнiң кавалерi. Сирия Араб Республикасының батыры.

10.08.2017 18:02

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ
Бос орындар
Алдағы оқиғалардың ресми күнтізбесі

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
   Яндекс.Метрика