Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 

Жаңалықтар || Қазақстандағы жаңалықтар

Оңтүстiк Корея вице-премьерi Қазақстанға сапарлайды

Жаңалықтар 27.03.2017

ҚазАқпарат — Осы аптада Оңтүстiк Корея Премьер-министрiнiң орынбасары, Бiлiм министрi Ли Чжун Сик Орталық Азияға сапары аясында Қазақстан мен Өзбекстанда болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оңтүстiк Корея вице-премьерi Қазақстанға сапарлайды

Yonhap агенттiгiнiң мәлiметiнше, бұл сапар Оңтүстiк Корея мен елiмiз арасында дипломатиялық қатынастардың орнауының 25 жылдығына, сондай-ақ этникалық корейлердiң қоныстануының 80 жылдығына орайластырылып жасалмақ. Ли Чжун Сиктың сапары төрт күнге жалғасады деп күтiлуде. Ол екi елдiң жоғары лауазымды шенеунiктерiмен келiссөздер жүргiзiп, стратегиялық серiктестiк қатынастарды нығайту мәселелерiн талқыламақ.

Сонымен қатар Премьер-министрдiң орынбасары Қазақстан мен Өзбекстанда өмiр сүрiп жатқан корей халқының өкiлдерiмен кездеседi. Қазақстан мен Өзбекстан сәйкесiнше 100 мың және 180 мың этникалық корейлердiң туған жерi болып табылады. «19-ғасырдың соңында кедейшiлiкке тап болған корей фермерлерi Орталық Азия өңiрлерiне қоныс аудара бастады, ал кейiннен, оларға 1910-1945 жылдары Жапонияның отарлық басқаруына қарсы тұрған, тәуелсiздiк үшiн күрескен кейбiр адамдар қосылды.

Мұнымен қоса, 1937 жылы Иосиф Сталиннiң бұйрығымен Сiбiрде тұрып жатқан корейлер де Орталық Азияға жаппай жер аударылды», — деп жазады агенттiк.

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ
Бос орындар
Алдағы оқиғалардың ресми күнтізбесі

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
   Яндекс.Метрика