Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 

Жаңалықтар || Қазақстандағы жаңалықтар

«Нұрсұлтан Назарбаев. Өмiрбаян» кiтабы араб тiлiнде жарық көрдi

Жаңалықтар 26.04.2017

ҚазАқпарат — Сауд Арабиясында Елбасының өмiр жолы туралы кiтаптың араб тiлiндегi нұсқасы таныстырылды. Авторы — белгiлi публицист, Президент Кеңсесiнiң басшысы — Махмұд Қасымбеков, деп жазады Хабар 24.

«Нұрсұлтан Назарбаев. Өмiрбаян» кiтабы араб тiлiнде жарық көрдi

«Нұрсұлтан Назарбаев Өмiрбаян» атты туындының араб тiлiнде жарық көруiне Эр-Риядтағы ислам зерттеу орталығы ұйытқы болған. Тұсаукесер аясында өткен конференцияда шетелдiк журналистер мен сарапшылар Қазақстанның өткенi мен бүгiнi жайлы мағлұматқа қанықты. Ал арнайы ұйымдастырылған көрмеде елiмiздiң әсем көрiнiстерi паш етiлдi.

Сондай-ақ, Тұңғыш Президент кiтапханасы мен Король Фейсал атындағы ислам зерттеу институты арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасалды. Сол арқылы тараптар ғылыми зерттеу жұмыстарын бiрлесiп жүргiзуге уағдаласты.

«Араб әлемi дүниедегi ең үлкен өркениеттердiң бiреуi ғой. Сондықтан кiтаптың араб тiлiнде шығуы бiздер үшiн үлкен қуаныш. Ханзадамен келiсiмге келдiк. Қазақ тарихы туралы араб тiлiнде кiтап шығару туралы келiсiмге келдiк. Егер ол шықса, бiз үшiн үлкен нәтиже болар едi»,- дейдi ҚР Президентi Кеңсесiнiң басшысы, кiтап авторы Махмұд Қасымбеков.

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ
Бос орындар
Алдағы оқиғалардың ресми күнтізбесі

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
   Яндекс.Метрика