Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 

Жаңалықтар || Баспасөз қызметі

СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов: «Елiмiзде өндiрiлетiн астықтың 30%-ы — өңiр әлеуетiнiң шегi емес»

Жаңалықтар 24.04.2017

СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов: «Елiмiзде өндiрiлетiн астықтың 30%-ы — өңiр әлеуетiнiң шегi емес»

Облыс орталығында өңiр басшысы Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен «2017 жылдың көктемгi-дала жұмыстарын ұйымшылдықпен өткiзу» тақырыбында семинар-кеңес өттi.

Шара басталар алдында Құмар Ақсақалов шетелдiк және отандық ауыл шаруашылығы техникаларының көрмесiмен танысты, оның iшiнде солтүстiкқазақстандық компениялар да өз өнiмдерiн ұсынды. Тракторлар, шөп шабатын машиналар, себу кешендерi және басқалар — бәрi де аграршыларға көктемгi және күзгi науқандарда керек техникалар. Өңiр басшысы көрмеге қойылған техникалар жиынтығымен таныса келiп, олардың бағасы сапасымен сәйкес келуi керектiгiн атап айтты. Сол сияқты сепараторлар сияқты қондырғыларды өзiмiзде де шығаруға болатындығына назар аударды.

Одан кейiн көктемгi — дала жұмыстарының шығынын қаржыландыратын қаржы институттары шараның қонақтарын мемлекеттiк қолдау тетiктерiмен таныстырды, гербецидтер мен химиттарды жеткiзiп беретiн қазақстандық және ресейлiк компаниялар туралы айтып бердi.

Пленарлық отырысқа аудандардың басшылары, ғалымдар, аграрлық кеңестiң мүшелерi, әртүрлi аумақтық ведомстволардың өкiлдерi, агроқұрылымдардың басшылары, ауыл шаруашылығы техникалары мен өсiмдiктердi қорғау құралдарын жеткiзiп берушi фирмалар қатысты.

Мәжiлiстi ашқан өңiр басшысы Құмар Ақсақалов Мемлекет басшысының «Қазақстан-2050» Стратегиясының базасында жүзеге асырылатын «Қазақстанның Үшiншi жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабiлеттiлiк» Жолдауы ауыл шаруашылығын ауқымды жаңғыртуды қажет ететiндiгiн атап айтты. Әсiресе ауыл шаруашылығы өнiмдерiне барынша сұраныстың өсiп отырған жағдайында.

«Әлемдiк азық-түлiк нарығының көшбасшысы атану және ауыл шаруашылығы өндiрiсiн арттыру үшiн, егiстiк алқаптарын көбейту, бәрiнен бұрын жаңа технологияларды енгiзу есебiнен гектар шығымдылығын барынша арттыру қажет. Аудандарда кездесiп жүрген кездерiмiзде бiздiң басты байлығымыз жерде екенiн бiрнеше рет айттым. Қазақстандағы ең бай және құнарлы жердi иеленiп отырмыз. Әлемдiк деңгейде мал шаруашылығының жемазықтық базасын құру үшiн зор әлеуетке иемiз», — дедi Құмар Ақсақалов.

Өңiр басшысы Солтүтiк Қазақстан облысының артықшылығы ретiнде 5 млн. егiстiк алқаптың орташа құнарлылығы 54,8 бал екендiгiн атады. Сондықтан елiмiзде өндiрiлетiн астықтың 30%-ы — өңiр әлеуетiнiң шегi емес.

«Бүгiнгi күнi бiз облыс iшiнде азық-түлiк тағамдарының кейбiр түрлерiмен өзiмiздi қамтамасыз ете алмай отырмыз. Бай жерiмiз бола отырып, қайда келгенiмiздi байқайсыздар ма? Сондықтан әңгiме осы жөнiнде болуы керек. Мемлекет басшысы белгiлеген стратегиялық мiндеттерге қол жеткiзуде тиiмдi жұмыс iстей алмай отырмыз. Бiздiң өңiрiмiзде ауыл шаруашылығы ең басым бағыттардың бiрi болуға тиiс. Жер-ананың қайтарымын көтеру үшiн, бүгiн бiз басқа арнада барлық ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлермен тығыз жұмыс iстеуiмiз қажет», — дедi облыс әкiмi.

Облыс әкiмiнiң бiрiншi орынбасары Айдарбек Сапаров 2017 жылдың көктемгi-дала жұмыстарын ұйымдастырушылықпен өткiзу туралы хабардар еттi. Ол өз баяндамасында ауыл шаруашылығы саласын қолдау үшiн биыл облысқа 43,9 млрд. теңге көлемiнде демеуқаржы қарастырылып отырғанын атап айтты. Өсiм — 39 пайыз.

«Мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыру аясында ауыл шаруашылығы дақылдарын әртараптандыру бойынша биыл егiстiк алқабы 4377,5 мың гектарды құрайды. Жермен жұмыс iстеудiң экономикалық тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында дәстүрлi әдiстермен бiрге қор сақтаудың нөлдiк және жердi ең аз өңдеу технологиялары пайдаланылады. Аудандық ауыл шаруашылығы бөлiмдерiнiң мәлiметi бойынша дәстүрлi технологиямен өсiрiлетiн ауыл шаруашылығы дақылдары — 47%-ды, ең азы — 42%-ды, нөлдiгi — 11%-ды құрайды. 2018 жылдың астығына. 528,1 мың гектар пар қалдырылады, 1,3 млн.гектар түрен түрiледi.

Облыс әкiмiнiң бiрiншi орынбасары аудан басшылары шаруашылық жетекшiлерiмен бiрге майлы дақылдар алқабын көбейту арқылы егiстi әртараптандыру аясында ауыл шаруашылығы дақылдарын тиiмдi кезеңде себу қажеттiгiн атап айтты. Оның үстiне егiс алқаптарының құрылымын толық сақтауы қажет.

«Дала жұмыстарын жанар-жағармаймен, оның iшiнде бiрiншi кезекте дизель отынымен қамтамасыз ету маңызды рөл атқарады. Көктемгi-дала жұмыстарына ҚР Үкiметi 1 литрi 126 теңгеден 65 мың тонна дизель жанармайын бөлдi. Бүгiнгi күнi 27,9 мың тонна дизель отыны бар немесе 42%», — дедi Айдарбек Сейпiлұлы.

Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми-өндiрiстiк орталығының директоры Жексенбай Қасқырбаев 2017 жылдың көктемгi-дала жұмыстарын жүргiзудiң стратегиясы мен тактикасы жөнiнде сөз қозғады. Ол өсiмдiктердiң ауруына ерекше көңiл бөлу керектiгiне назар аударды. Септориоз, сабақтың таттануы және басқалары диқандарды 30 пайыздай өнiмнен ада қылады.

Ақпаратты тыңдай келе, Құмар Ақсақалов ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлердi тұрақты негiзде оқыту қажеттiгiн атап айтты. Өйткенi аграршылар соңғы жаңалықтарды, зерттеулердi бiлуге тиiс. Қосымша бiлiм жұмыс нәтижесiне оң әсер етедi.

Жемазық өндiрiсiнiң жағдайы туралы «Солтүстiк Қазақстан мал және өсiмдiк шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС директорының мiндетiн атқарушы Әйiп Ысқақов айтып бердi. Ғылыми-зерттеу институты өкiлiнiң ақпаратына назар аудара келiп, өңiр басшысы мал шаруашылығы жемазық өндiрiсiнсiз мүмкiн еместiгiн тағы да еске салды. Өйткен бiр саланың дамуы екiншiсiне әсер етедi.

«Тайынша-Астык» ЖШС директоры Анатолий Рафальский көктемгi науқанға әзiрлiк жайлы айта келiп, өз серiктестiгiндегi егiстiк алқаптарды әртараптандыру жайынан мысал келтiрдi. Атап айтқанда көрсетiлген диаграмма бойынша 2008 жылы егiстiк алқаптың 68,6%-на бидай егiлсе, 2016 жылы — 40,9%-на жасымық, 21,3%-на бидай егiлген.

«Соңғы жылдары дәндi дақылдарға қарағанда басқа дақылдарға сұраныс жоғары. Бiздiң аграршыларымыздың консерватизмi өздерiне және мемлекетке шығынмен жұмыс iстеуге әкелiп соғуда. Бүгiнгi күнi бiздiң облысымыз еңбекақы жөнiнен өңiрлер арасында соңғы орында, жергiлiктi бюджеттiң кiрiсi бойынша республикада соңғының алдында ғана. Ең бай жерде отырып, осылай жұмыс iстеудемiз»,- дедi Анатолий Рафальскийдiң сөзiн мұқият тыңдаған өңiр басшысы.

Облыс әкiмi келесi жылдың егiс алқаптарын әртараптандыруды қазiр бастауды тапсырды. Осы жағдайда майлы дақылдар өндiру әлдеқайда тиiмдi.

«Казгидромет» облыстық филиалының директоры Қымбат Мерғалимова алдағы ауа райы жайлы айтып бердi. Аз-мұз ауытқуларды есептемегенде, тұтастай алғанда ауа райы нормадағыдай болмақ.

Мәжiлiсте «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ филиалының директоры Әсемгүл Қайырденова өңiрде ауыл шаруашылығы кооперативтерiн құру жайлы сөз қозғады.

«2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Солтүстiк Қазақстан облысында мал шаруашылығын дамыту бойынша 129 кооператив құрылды, оның 23-i — сүт бағытында. Жыл соңына дейiн тағы 20 кооператив құру жоспарлануда. Осы бағытты дамыту саласында «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ филиалы жеке қосалқы шаруашылықтар мен ауыл шаруашылығы кооперативтерiн жеңiлдетiлген кредиттеу бағдарламасын жүзеге асыруда. Үстiмiздегi жылы республика бойынша қор 21 млрд. теңгеден астам қаржыны осы мақсатқа жұмсамақ, оның 2 млрд. теңгеден астамы Қызылжар өңiрiне тиесiлi. 2016 жылдың қараша айынан берi облыстық филиал 287 мың қосалқы шаруашылық пен 16 ауыл шаруашылығы кооперативiне 750 млн. теңгенiң кредитiн бердi. Соның есебiнен 16 сүт қабылдайтын қор және 184 отбасылық тауарлы сүт фермасы, 106 отбасылық сүт алаңы құрылды», — дедi Әсемгүл Қайырденова.

Мәжiлiстi қорытындылай келе, өңiр басшысы облыстың iшкi нарығы бұрынғысынша импортқа тәуелдi екендiгiн тағы да атап айтты.

«Бiздiң облысқа 1816 тонна шұжық өнiмдерi қажет. Бiз 1454 тонна ғана өндiремiз. Бұл жағдайда экспорт туралы айтып тұрған да жоқпыз.Бiз өзiмiздi-өзiмiз қамтамасыз ете алмай отырмыз, сондықтан басқа жақтан әкелуге тура келуде. АӨК-нi дамыту бағдарламасы аясында соңғы жылдары мемлекеттiк бюджеттен 240 млрд. теңге бөлiндi. Биылдың өзiнде 43 млрд. теңге. Осы жағдайда өткен жылы еңбекақы төлеу қоры 13,5 млрд. теңге ғана болды. Iс жұзiнде мемлекет демеуқаржы есебiнен сiздердiң жұмысшыларға жалақы төлеп отыр. Сiздердiң кәсiпорындарыңызда жұмыс iстейтiн адамдар азғантай еңбекақы алады. Әрбiр өндiрушiмен еңбекақыны өсiру мәселесiн шешудi аудан әкiмдерiне тапсырамын», — дедi Құмар Ақсақалов.

Сол сияқты облыс әкiмi ауыл шаруашылығында еңбек өнiмдiлiгiн арттыруды, өнiмнiң сапасы мен құнарлылығын еселеу үшiн жердiң әлеуетiн барынша пайдалану, аграршыларды қамтамасыз ету мақсатында өңiрде тұқым өндiрiсiн дамытуды тапсырды.

Мәжiлiс соңында Құмар Ақсақалов диқандарға жақы ауа райын тiлеп, кеңесте талқыланған барлық жағдайдарды ескеру қажеттiгiн атап айтты.

СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов: «Елiмiзде өндiрiлетiн астықтың 30%-ы — өңiр әлеуетiнiң шегi емес»

СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов: «Елiмiзде өндiрiлетiн астықтың 30%-ы — өңiр әлеуетiнiң шегi емес»

СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов: «Елiмiзде өндiрiлетiн астықтың 30%-ы — өңiр әлеуетiнiң шегi емес»

СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов: «Елiмiзде өндiрiлетiн астықтың 30%-ы — өңiр әлеуетiнiң шегi емес»

СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов: «Елiмiзде өндiрiлетiн астықтың 30%-ы — өңiр әлеуетiнiң шегi емес»

СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов: «Елiмiзде өндiрiлетiн астықтың 30%-ы — өңiр әлеуетiнiң шегi емес»

СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов: «Елiмiзде өндiрiлетiн астықтың 30%-ы — өңiр әлеуетiнiң шегi емес»

СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов: «Елiмiзде өндiрiлетiн астықтың 30%-ы — өңiр әлеуетiнiң шегi емес»

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ
Бос орындар
Алдағы оқиғалардың ресми күнтізбесі

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
   Яндекс.Метрика