Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 

Жаңалықтар || Ауданның жаңалықтары

Аппараттық кеңес

09.10.2017

Аудан  әкімі Нұрлан Есімовтың төрағалық етуімен ауылдық елді мекендерді және Сергеевка қаласын жарықтандыру, биылғы жылдың 9 айындағы бюджеттің орындалуы, ұйымдардың және барлық меншік нысанындағы кәсіпорындардың басшыларына бекітілген қарт адамдарға,  мүгедектерге  арналған төрт деңгейлі бағдарламасы бойынша жұмыс нәтижелері, сондай-ақ облыс әкімінің 25 қыркүйек күні Шал ақынға жасаған жұмыс сапары барысында берілген тапсырмалардың орындалу барысы туралы жоспардың жобасы жөніндегі,  мәселелерді талқылау бойынша кезекті аппараттық кеңес өтті.

Сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Геннадий Шпистердің айтуы бойынша аудан аумағында 1242 шам орнатылған, бірақ бүгінгі күні тек 767 жанады. Қалғандары «өз уақыттарын күтуде». Геннадий Владимировичтің айтуынша, 1 қарашаға дейін барлық қажетті құжаттаманы аяқтау жоспарланып отыр. Экономика және қаржы бөлімінің басшысы Е. Андреева, өз кезегінде ағымдағы жылдың өткен кезеңіндегі бюджеттің орындалуы туралы ақпарат берді.

«02.10.2017 жағдай бойынша жергілікті бюджетке 471,9 млн. теңге немесе жоспарды орындаудың 116,9% -ы түсті. Соның ішінде облыстық бюджетке 217,9 млн. теңге немесе жоспардың 121,4% -ы, аудандық бюджетке түскен табыстар 254,0 млн. теңге немесе жоспардың 113,3% », - деді Андреева.

Қарттар мен мүгедектерді қолдау жөніндегі айлық аясында мүгедектігі бар жалғыз басты қарттар ұйымдардың және барлық меншік нысанындағы кәсіпорындардың басшыларына бекіту өткізілді.

Барлығы 68 зейнеткер мен мүгедектер анықталды, оларға жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы С.Андреевтің айтуынша, 200 мың теңге көлемінде материалдық көмек көрсетілді. Сонымен қатар, зейнеткерлерге шөп, сабан түрінде көмек көрсетілді, аудандық мектептердің оқушылары зейнеткерлер мен мүгедектерге құттықтау қағаздарын жеткізді. Аудан әкімі аппаратының басшысы Қ.Сәрсенбаев аудан әкімінің тапсырмаларын орындау қорытындысын шығарды, сондай-ақ облыс басшысының жұмыс сапары барысында берген тапсырмаларын орындау жоспарының жобасын ұсынды.

 Аппараттық кездесу қорытындысы бойынша Нұрлан Есімов одан әрі жұмыс істеу үшін нақты тапсырмалар берді.

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ
Бос орындар
Алдағы оқиғалардың ресми күнтізбесі

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
   Яндекс.Метрика